ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕР
- 2023 ЖЫЛЫ ЕАЭО-дағы ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ —
2 391,9 ТРЛН ДОЛЛАР - 2023 жылы өнеркәсіп өндірісі —
103,7% к 2022 - 2021 ЖЫЛЫ ҮШІНШІ ЕЛДЕРМЕН ЕАЭО ТАУАРЛАРЫМЕН СЫРТҚЫ САУДА КӨЛЕМІ —
988,2 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫ
2%төмен
ХАЛЫҚ
- 2022 жылғы 1 қаңтарда халық саны —
185,5 млн адам - 2022 жылы экономикалық белсенді халық саны — 93,4 млн адам
- Жұмыссыздық деңгейі — 4,2% (ЕО – 6,2%, АҚШ – 3,7%, Әлем бойынша – 5,3%)
ЭНЕРГЕТИКА
- Мұнай өндірісі — 611,7 млн тонна
- ГАЗ ӨНДІРУ — 818,0 МЛРД ТЕКШЕ М
- ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ — 1 335,3 МЛРД КВТ САҒ
ӨНЕРКӘСІП
- БОЛАТ ӨНДІРУ —
84,0 МЛН ТОННА - ШОЙЫН ӨНДІРУ —
57,5 МЛН ТОННА
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
- ТЕМІРЖОЛДАРДЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ — 145,2 МЫҢ КМ
- АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ — 1 952,4 МЫҢ КМ
- ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ХАЛЫҚ ҮЛЕСІ — ХАЛЫҚТЫҢ 84,9%-ы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІ —
135,6 МЛРД АҚШ ДОЛЛАРЫы - ДӘНДІ ЖӘНЕ БҰРШАҚ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫМЫ — 171,7 МЛН ТОННА
- Сүт өндірісі — 51,0 млн тонна
Еуразиялық
экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық одақ – халықаралық құқық субъектілігіне ие және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен құрылған өңірлік экономикалық интеграцияның халықаралық ұйымы.
ЕАЭО-да тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің қозғалу еркіндігі, сондай-ақ экономика салаларындағы үйлестірілген, келісілген немесе бірыңғай саясаттың жүргізілуі қамтамасыз етіледі.
Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылады.
ЕАЭО ұлттық экономикаларды жан-жақты жаңғырту, кооперациялау мен олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру және мүше мемлекеттер халқының өмір сүру деңгейін арттыру мүддесінде орнықты даму үшін жағдайлар жасау мақсатында құрылды.

Армения
Республикасының
премьер-министрі
—
Никол Пашинян

Беларусь
Республикасының
Президенті
—
Александр Лукашенко

Қазақстан
Республикасының
Президенті
—
Қасым-Жомарт Тоқаев

Қырғыз
Республикасының
Президенті
—
Садыр Жапаров

Ресей
Федерациясының
Президенті
—
Владимир Путин
Республикасы
Республикасы
Республикасы
Республикасы
Федерациясы
Республикасы

Астанасы — Ереван
Аумағы — 29,7 км2
Халқы — 3,0 млн. адам
Армения
Республикасының
премьер-министрі
Никол Пашинян
Армения Республикасының премьер-министрі
Никол ПашинянБіз тауарлардың, қызметтердің, жұмыс күшінің және капиталдың еркін қозғалысына іс-жүзінде қол жеткізу, сондай-ақ Одақтың құқығымен регламенттелген экономикалық ынтымақтастықтың артықшылық режимдерін енгізу мүдделерінде ЕАЭО бойынша серіктестермен белсенді өзара әрекеттесуге ниеттіміз.
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
2018 жылы жалпы ішкі өнім ағымдағы бағаларда 12,4 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 105,2%.
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 4,0 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 104,2%.
2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 1,8 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 92,4%.
ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Құрылыс материалдарын өндіру және өңдеу, түсті металлургия, шарап-коньяк бұйымдарын өндіру. Металл кескіш станоктар, сығымдап-қалыптау жабдықтарын, дәл аспаптар, синтетикалық резеңке, шиналар, пластмассалар, химиялық талшық, минералды тыңайтқыштар, электр қозғалтқыштарын, құрал-саймандар, микроэлектроника, зергерлік бұйымдар, жібек маталар, трикотаж, шұлық-ұйық бұйымдарын шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.
ЕАЭО СЫРТҚЫ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Кедендік шекарасының ұзындығы 1 254,0 км (1,9%) құрайды.
4 автомобиль, 1 теміржол, 2 әуе өткізу пункті орналасқан.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Армения экономикасының маңызды саласы, оның үлесіне 2006—2010 жылдардағы елдің ЖІӨ-сінің 18%-ы тиесілі. Арменияда тағам саласы жылдам өсіп келеді және жергілікті экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің арқасында үлкен экспорттық әлеуетке ие.
Тау-кен өнеркәсібі
Арменияның жер қойнауы кейбір минералды ресурстарға бай. Ел аумағында пайдалы қазбалардың 480-нен астам кен орны ашылған. Тау-кен өндіру саласы Армения экономикасына маңызды үлес қосады және соңғы жылдар ішіндегі экспорттың ең жылдам өсетін секторларының бірі болып табылады — кен мен металл ел экспортының жартысынан астамын құрайды.
Энергетика
Энергетика — Армения экономикасының ең толыққанды жұмыс істейтін және рентабельді салаларының бірі. Армения өзінің ішкі энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандырады. Армения энергетика, табиғи газ және жылыту жөніндегі тәуелсіз реттеу агенттігін құрды. Лицензиялауды, тоғыспалы субсидиялар мен рентабельді баға белгілеуді және тарифтік құрылымды жетілдіруде айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Өнеркәсіптік отын ресурстары болмаса да, Армения өзінің жаңғыртылатын энергия көздерін, мысалы, гидроэнергетика, жел және күн энергетикасын дамытуға үлкен мән береді.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
АТ/тeлекоммуникациялар — Армения экономикасының ең өнімді салаларының бірі. Үкімет АТ-ны басым сала деп жариялады және оны әртүрлі ұйымдар, мысалы, АР премьер-министрінің төрағалығымен АТ дамыту және қолдау кеңесі, Инкубациялық кәсіпкерлік қор арқылы қолдап отырады. Арменияның АТ және телекоммуникациялар саласы Synopsys (өз қызметінің едәуір бөлігін Арменияда жүзеге асырады), Microsoft, National Instruments, Mentor Graphics, Ericson және Orange сияқты жаһандық брендтерді өзіне тартты.
ХИМИЯ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАЛАРЫ
Жоғары сапалы химиялық заттарды өндірудің бай дәстүрлері соңғы онжылдық ішінде фармацевтика саласына Армения экономикасындағы ең серпінді дамып келе жатқан саланың бірі болуға мүмкіндік берді. Өндірілген өнімнің 57%-ы экспортталады, ал орташа жылдық өсімі 24% (2003 жылдан бастап) құрайды. Осындай өсу бірнеше маңызды фактормен түсіндіріледі: білікті және жоғары білімді жұмыс күші, кәсіпкерлер ынтасы және айтарлықтай жергілікті және тікелей шетел инвестициялары.
Tуризм
Туризм — Армения экономикасының жетекші және серпінді дамып келе жатқан салаларының бірі. Армения бай тарихи-мәдени ресурстарға ие бола отырып, бәсекеге қабілетті туристік өнімдер мен жоғары білікті қызметтер ұсынуға қабілетті. Жыл сайын Арменияға келіп-кететін туристер санының өсімі соңғы жылдары орташа есеппен 25%-ды құрайды. 2011 жылы елге шамамен 800 000 турист келіп кетті.
Республикасы

Астанасы — Минск
Аумағы — 207,6 мын км2
Халқы — 9,5 млн. адам
Беларусь Республикасының
Президенті
Александр Лукашенко
Беларусь Республикасының Президенті
Александр ЛукашенкоБеларусь үшін неғұрлым жақын көршілерімен терең, өнімді интеграция жасау дамудың табиғи жолы болды, болып отыр және болады. Екі референдум басым көпшілік дауыспен билікке интеграцияға арналған нақты мандат берді.
Одақтас мемлекет шеңберінде атқарылған интеграциялық жұмыстар оларды неғұрлым кең, көпжақты форматта парасатты да сенімді түрде қолдануға мүмкіндік берді. Одақтас мемлекеттің, Кеден одағының, Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірін-бірі өзара байытып әрі толықтырып отырғаны маңызды.
Қазір біз өмірлік маңызы бар шешімдерді іске асыруға кірісеміз. Интеграцияны табанды түрде тереңдете түсуге деген біздің ниетіміз – кездейсоқтық емес. Бұл өмір талабынан туындап отырған манифест іспеттес.
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Экономикалық көрсеткіштері
2018 жылы жалпы ішкі өнім ағымдағы бағаларда 59,6 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда –103,0%.
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 54,1 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 105,7%.
2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 9,3 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 96,6%.
2018 жылы газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру – 1,7 млн тонна, жан басына шаққанда – 176,1 кг.
2018 жылы табиғи газ өндіру – 0,2 млрд м3, жан басына шаққанда – 22,3 м3
Беларусь Республикасының 2018 жылғы экспорты 33,9 млрд АҚШ долларын құрады (2017 жылы – 29,2 млрд АҚШ доллары),
Беларусь Республикасының 2018 жылы импорты 38,4 млрд АҚШ долларын құрады (2017 жылы – 34,2 млрд АҚШ доллары).
ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Металлургия өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу, химия және мұнай-химия, жеңіл, тамақ өнеркәсібі.
ЕАЭО СЫРТҚЫ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Кедендік шекарасының ұзындығы 2 334,3 км (3,5%) құрайды.
25 автомобиль, 13 теміржол, 7 әуе, 3 өзен, 34 оңайлатылған өткізу пункті орналасқан.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
Баламалы энергетика
Беларусь Республикасы баламалы энергетиканың барлық бағытын дамыту үшін едәуір табиғи-климаттық және ресурстық әлеуетке ие. Кейбір бағалар бойынша, жаңғыртылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) дамытудың техникалық әлеуеті Белоруссияда шамамен жылына 80 млн. тонна шартты отынды құрайды, бұл елдегі энергия ресурстарын тұтынудың жалпы көлемінен асып түседі.
ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА
Беларусь Республикасының аумағындағы тұрмыстық техника мен электроника шығаруды ұйымдастыру БЭК-ке қатысушы елдердің (Беларусь, Қазақстан, Ресей) жылдам өсіп келе жатқан нарығына кедергісіз шығу мүмкіндігін ашады, оның сыйымдылығы 2012 жылы шамамен 33 млрд. АҚШ долларын құрады (компьютерлер, кеңсе техникасын және ұялы телефондарды есепке ала отырып, 41,7 млрд. АҚШ доллары). 2009 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде БЭК-тегі тұрмыстық техника мен электроника нарығының орташа жылдық өсу қарқыны 11-12 % құрады.
БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА
Беларусь Республикасының аумағындағы фармацевтика өндірісін ұйымдастыру ЕАЭО мүше елдерінің сыйымды және серпінді дамып келе жатқан нарығына бажсыз шығуды қамтамасыз етеді. 2013 жылы БЭК-тің фармацевтика нарығының жиынтық сыйымдылығы шамамен 35,2 млрд. АҚШ долларын құрады (ТМД елдерінің жалпы фармацевтика нарығының 80%-нан астам).
Республикасы

Астанасы — Астана
Аумағы — 2 724,9 мын км2
Халқы — 17,4 млн. адам
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстанның, Ресейдің және Беларусьтің Кеден одағы тарихта алғаш рет біздің елдеріміздің халықтарын өзара құрмет, ұлттық біртектілікті сақтау және ортақ болашақтың берік байланысын сезіну негізінде жақындастыра түседі.
Кеден одағының Бірыңғай экономикалық кеңістікке, ал уақыт өте — Еуразиялық экономикалық одаққа дәйекті түрде трансформациялануы халықтарымыздың өркендеуіне қуатты ынталандырушы болады, елдерімізді жаһандық дүниеде жетекші шептерге шығарады.
Біз бәріміз ұлттардың жаңа бірегей еуразиялық қоғамдастығының дүниеге келуінің куәгері болып табыламыз, бұл қоғамдастық бірге өткізген бұрынғы кезеңнің бай тәжірибесімен бірге, болашақтың бөлінбес ортақ тарихына да ие.
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Экономикалық көрсеткіштері
2018 жылы жалпы ішкі өнім ағымдағы бағаларда 179,3 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 104,1%.
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 79,0 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 104,4%.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2018 жылы ағымдағы бағаларда 13,0 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 103,4%.
2018 жылы газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру – 90,4 млн тонна, жан басына шаққанда – 4 944 кг.
2018 жылы табиғи газ өндіру – 55,5 млрд м3, жан басына шаққанда – 3 034,2 м3
ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Түрлі-түсті және қара металлургия, химиялық, машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібі, сонымен қатар мұнай өңдеу мен құрылыс материалдарын өндіру.
ЕАЭО СЫРТҚЫ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Кеден шекарасының ұзындығы 7 350,7 км (11,2%) құрайды.
19 автокөлік, 7 теміржол, 16 әуе, 2 су көлігінің өткізу пункттері орналасқан.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
Мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы
Қазақстан Республикасы дүние жүзінде мұнай қоры бойынша 11-орынды және газ қоры бойынша 17-орынды алып отыр. 2012 жылы республикада мұнай мен газ конденсатын өндіру шамамен 79 млн. тоннаны, газ өндіру 40 млрд. текше м. құрады. Мұнай мен газ конденсатын орташа тәуліктік өндіру көлемі 200 мың тоннадан астам.
Тау-кен металлургия саласы
Хром кенінің әлемдік қорының 30%-ы, марганец кенінің — 25%-ы, темір кенінің — 10%-ы Қазақстанда шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры тиісінше дүние жүзіндегінің 10 және 13%-ын құрайды. Қазақстан дүние жүзінде титан өндіру бойынша – 3, мырыш өндіру бойынша – 7, қорғасын өндіру бойынша – 8, темір кенін өндіру бойынша — 13, мыс өндіру бойынша – 15, болат өндіру бойынша — 35-орында.
Химия өнеркәсібі
2008-2013 жылдар аралығында Қазақстандағы химия саласының өндіріс көлемі 74,3%-ға өсті және 184,9 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде химия өнеркәсібінің үлестік салмағы 2013 жылы 1% құрады. Химиялық өнім өндіру көлемі 2013 жылы 1 232 млн. АҚШ долларын құрады.
Атом өнеркәсібі
Барлық барланған әлемдік қордың шамамен 19%-ы Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған (МАГАТЭ деректері бойынша). Елдің жалпы қоры уранның 802 мың тоннасына бағаланады.
Машина жасау
Қазақстанның машина жасау саласының басым міндеті – жоғары қосылған құны бар өнімдер өндірісін арттыру есебінен ішкі нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту.
ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІ
Басым міндет – GMP халықаралық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы технологиялар негізінде фармацевтикалық және медициналық өнімдердің импортын алмастыру үшін жағдай жасау. 2013 жылдың 1 жартыжылдығында Қазақстан 12,8 млн. АҚШ доллар сомасына фармацевтикалық өнімдерді экспорттады, сол уақытта ұқсас кезеңдегі импорт 725,5 млн. АҚШ долларын құрады.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН
Ел үшін басымдылық – Астана және Алматы қалаларының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру. Астық мен етті терең қайта өңдеуге бағытталған агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі өндірістері солтүстік өңірлерде орналасады.
ТУРИЗМ САЛАСЫ
Қазақстан аумағында 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақ жұмыс істейді, соның ішінде экотуризмге рұқсат етілетін 11 мемлекеттік ұлттық саябақ бар. Қазақстанның бес өңірінің аумағы бойынша өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көліктік дәлізі оның бойында туристік кластер қалыптастыру үшін бірегей мүмкіндік туғызады.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
«Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Үкіметі зияткер ұлт қалыптастыру үшін төрт негізгі міндет қойды: мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру және отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
БИОТЕХНОЛОГИЯЛАР
ҚР-дағы медициналық препараттардың меншікті өндірісі 11 % (оның ішіндегі вакцина - 1,1 %), ветеринариялық препараттың меншікті өндірісі 78 % құрайды, қалған препараттар елге әкелінеді.
ҒАРЫШ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстанның ғарыш саласының негізгі міндеті — республиканың индустриалдық-инновациялық дамуының жеделдеуіне, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныстың нығаюына, ғылым мен жоғары технологиялардың дамуына септігін тигізетін, экономиканың ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құру.
БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКА
2015 жылға қарай 400 млн. кВт.сағ электр энергиясын өндіретін, белгіленген қуаттылығы 125 МВт жел қондырғыларының құрылысы болжанады. 2015 жылға дейін Республикада жалпы белгіленген қуаттылығы 100 МВт-тан жоғары, көзделетін электр энергиясын өндіру көлемі – 300 млн. кВт.сағ жаңа шағын ГЭС-терді қолданысқа енгізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жаңғыртылатын энергия көзін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясын есепке ала отырып, жаңғыртылатын энергия көздері жылына 1 млрд. кВт.сағ деңгейінде элетр энергиясын өндіреді деп күтілуде.
Республикасы

Астанасы — Бішкек
Аумағы — 199,9 мын км 2
Халқы — 5,9 млн. адам
Қырғыз
Республикасының Президенті
—
Садыр Жапаров
Қырғыз Республикасының Президенті
Садыр Жапаров
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
Экономикалық көрсеткіштер
2018 жылы жалпы ішкі өнім ағымдағы бағаларда 8,1 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда — 103,5%.
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 3,7 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда — 105,4%.
2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 3,0 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі 2018 жылы 2017 жылға қарағанда — 102,7%.
2018 жылы газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру — 0,2 млн тонна, жан басына шаққанда — 31,6 кг.
2018 жылы табиғи газ өндіру — 0,03 млрд м3, жан басына шаққанда — 4,3 м3
ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика, түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, аспап жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
ТУРИЗМ
Қырғыз Республикасында елдегі барлық жұмысшылардың 5,2 %-дан астамын жұмыспен қамтып отырған 67 мыңнан астам әрекет ететін фирмалар жұмыс істейді. Туристік қызметтер көрсетуді экспорттау 678 млн. долларды құрайды. Бүкіл сектор елдің ЖІӨ 10%-ын құрап отыр. Елге шетелдіктердің жыл сайынғы келіп-кетуі 2,4 млн. адамды құрайды.
ТАУ-КЕН ӨНДІРУ САЛАСЫ
Қырғыз Республикасы Азиядағы пайдалы қазбалардың аса ірі кен орындарының бірінде орналасқан. Бұл ел минералдық ресурстарға бай, өзінің алтын қорларымен және сирек металдардың кен орындарымен жақсы танымал.
ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП
Арзан шикізатты пайдалана отырып, салық салудың жеңілдетілген жүйесіне негізделген жеңіл өнеркәсіп соңғы бірнеше жылда қарқынды дамып келеді. Мәселен, өнімдер көлемінің өсуі соңғы 5 жылда 59%-ға жетті. Ақшалай баламада өнімдер өндірісі жылына 375 млн. АҚШ долларын құрайды. Секторда 90 000-150 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа айлық еңбекақы 170 АҚШ долларына теңеледі. Бұл сала көбіне экспорқа бағдарланған, өнімдердің 90%-ы Ресейдің, Қазақстанның және Еуропаның нарықтарына жөнелтіледі. Елде киім-кешек экспорттау көлемі бойынша алтыннан кейін 2-орынды иеленіп отыр. Секторда 35 000 астам компания жұмыс істейді. Салада патентке негізделген салық салудың жеңілдетілген жүйесі қолданылады, бұл қарқынды дамуға зор серпін береді.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК СЕКТОР
Агроөнеркәсіптік сектор Қырғыз Республикасындағы неғұрлым басым және табысы жоғары секторлардың бірі болып табылады. Сектордың ел экономикасына қосатын үлесі ЖІӨ 17,5%-ын құрайды. Елдегі еңбек ресурстарының 30%-ы осы салада еңбектенеді. 2012 жылы 357 мыңнан астам ауыл шаруашылығы субъектісі тіркелген. Жылдық жалпы өнім шығару 3,5 млрд. АҚШ долларына жетеді. Барлық ауыл шаруашылығы өнімі 12% ҚҚС-тан (қосылған құн салығы) босатылған, бұл оған халықаралық нарықтарда бәсекелестік артықшылықтар береді.
КӨЛІК
Сонымен қатар, көлік саласы да Қырғыз Республикасы экономикасының қарқынды дамып келе жатқан секторы болып табылады. 2012 жылы жүк тасымалынан түскен табыс 163 млн. АҚШ долларын құрады. 2012 жылы жүк тасымалдау көлемі 39,4 млн. тоннаға жетті. Жүк тасымалдаудың кең тараған түрі – 2012 жылы 38 млн. тоннаны құраған автомобильмен жүк тасымалдау болып табылады.
ҚҰРЫЛЫС
Қырғыз Республикасының экономикасындағы құрылыс векторының әлеуеті жоғары. Жылдан жылға Республикада құрылыстың ауқымы ұлғайып келеді. Секторда 700-ден астам әрекет ететін компания жұмыс істейді. Елдің ЖІӨ-не қосқан үлесі 5,7% құрайды. 2012 жылы индустрияның өсуі 17%-ға жетті. Ресми болжамдар бойынша, таяудағы 3 жылда саланың өсімі 18% құрамақ.
ЭНЕРГЕТИКА
Энергетика Қырғыз Республикасы үшін стратегиялық сала болып табылады. Гидроэнергетикалық әлеует өз елін ғана емес, өңірдегі елдерді де электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Гидроэнергетика энергетикалық ресурстар жалпы көлемінің 53%-ын құрайды. Аталған секторға елдің ЖІӨ 2%-ы және елдің өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 16%-ы тиесілі. Сектор республикалық бюджетке кірістердің 10%-ын беріп отыр. Елдің гидроэнергетикалық әлеуеті 142,5 млрд. кВтсағ. құрайды. Алайда, елдің әлеуеті 8–9,5% ғана қолданылып отыр.
Федерациясы

Астанасы — Москва
Аумағы — 17,1 млн км 2
Халқы — 146,3 млн. адам
Ресей Федерациясының
Президенті
Владимир Путин
Ресей Федерациясының Президенті
Владимир ПутинБіз Еуразиялық одаққа қол жеткізудің өршіл міндетін алға қойып отырмыз. Біз қазіргі заманғы әлем полюстерінің бірі бола алатын ұлтүсті қуатты бірлестік моделін ұсынамыз.
Табиғи ресурстардың, капиталдың, күшті адами әлеуеттің қосылуы Еуразиялық одаққа индустриялық және технологиялық сайыста, инвесторлар үшін, жаңа жұмыс орындары мен озық өндірістер құру жолындағы жарыста бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Басқа да негізгі ойыншылармен және өңірлік құрылымдармен қатар жаһандық дамудың орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің елдеріміз бірге болғанда ғана жаһандық өсу мен өркениетті прогрестің көшбасшылары қатарына кіруге, табыс пен өркендеуге қол жеткізуге қабілетті
НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
2018 жылы жалпы ішкі өнім ағымдағы бағаларда 1 661,0 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 102,3%.
2018 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі ағымдағы бағаларда 1 115,4 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 102,9%.
2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ағымдағы бағаларда 81,9 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы ішкі өнімнің нақты көлемінің индексі (тұрақты бағаларда) 2018 жылы 2017 жылға қарағанда – 99,8%.
2018 жылы газ конденсатын қоса алғанда, мұнай өндіру – 555,5 млн тонна, жан басына шаққанда – 3 783,4 кг.
2018 жылы табиғи газ өндіру – 726,0 млрд м3, жан басына шаққанда – 4 944,7 м3.
ӨНЕРКӘСІПТІҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ
Мұнай және газ өндіру, асыл тастар мен металдарды қайта өңдеу, ұшақ жасау, зымыран-ғарыштық өндіріс, атом өнеркәсібі, қару-жарақ пен әскери техника шығару, электр техникасы, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, көлік, жол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі.
ЕАЭО СЫРТҚЫ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Кедендік шекарасының ұзындығы 54 843,2 км (83,4%) құрайды.
125 автомобиль, 51 теміржол, 82 әуе, 70 теңіз, 4 өзен, 1 көл, 10 аралас өткізу пункті орналасқан.
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
Энергия тиімділігі
Негізгі нысаналы көрсеткіш – энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру және 2020 жылға қарай нормативтік құқықтық базадағы олқылықтарды жою есебінен Ресей ЖІӨ-дегі энергетикалық ресурстар үлесін 40%-ға төмендету.
ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР
Басты мақсат – елдің аумағында ұсынылатын ақпараттық қызметтер көрсету тиімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ ұлттық экономиканың барлық секторларында қазіргі заманғы ақпараттық инфрақұрылымды әзірлеу.
Медициналық технологиялар мен фармацевтика
Негізгі мақсат – Ресей аумағында дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтың көп бөлігін шығару, сондай-ақ инновациялық дәрілік препараттар әзірлеу және шығару, Ресей өндірушілерінің жаңа нарықтарға шығуы.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТЫЛЫМ
Ақпараттық қызметтер көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру, соның ішінде қазіргі заманғы әлеуметтік және өнеркәсіптік ақпараттық инфрақұрылымды дамыту Ресейдің ұлттық экономикасы үшін басымдық болып табылады.
Атом энергетикасы
Басты міндет – Ресей Федерациясының әлемдік атом нарығындағы көшбасшылығын сақтау, арзан энергияны кепілді ұзақ мерзімді жеткізу үшін жағдай жасау, уранның тұтынылуын айтарлықтай қысқарту, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсер ететін тәуекелді азайту.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес
КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС
КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚЕуразиялық экономикалық комиссия
КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ СОТЫ
СОТТЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҒЫРАҚЖоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары құрамына кіретін Одақтың жоғары органы.
Еуразиялық үкіметаралық экономикалық кеңес – құрамына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кіретін орган.
Еуразиялық экономикалық комиссия – Комиссия Кеңесі мен Комиссия Алқасын қалыптастыратын, Одақтың тұрақты жұмыс істейтін ұлтүсті реттеуші органы. Комиссияның негізгі міндеттері Одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Одақ шеңберінде экономикалық интеграция саласындағы ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Одақ Соты – Одақтың мүше мемлекеттері мен органдарының ЕАЭО туралы шарт пен Одақ шеңберіндегі өзге халықаралық шарттарды қолдануын қамтамасыз ететін Одақтың сот органы.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес

Беларусь
Республикасының
Президенті,
ТӨРАҒА
Александр Лукашенко
Республикасы
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС

МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ – ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ
Адылбек Касымалиев
Республикасы
Еуразиялық экономикалық комиссия комиссияның сайты
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі
Армения Республикасының Вице-премьер
Мгер Григорян
Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Владимир Караник
Казакстан Республикасынын Премьер-Министринин орун басары
Серік Жұманғарин
Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары
Данияр Амангельдиев
Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының орынбасары
Алексей Оверчук

Еуразиялық экономикалық
комиссия
Алқасының Төрағасы
Бақытжан Сағынтаев
Еуразиялық экономикалық
комиссия
алқасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ СОТЫ
—
Александр Федорцов
Сот төрағасы
—
Жолымбет Баiшев
ТӨРАҒАНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
ЕАЭО сотының судьясы |
ЕАЭО сотының судьясы |
ЕАЭО сотының судьясы |
ЕАЭО сотының судьясы |
ЕАЭО сотының судьясы |
ЕАЭО сотының судьясы |

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде
Мәскеу, 1994 жылдың 29 наурызы


Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев және Ресейдің алғашқы Президенті Б. Н. Ельцин
Мәскеу, 1995 жылдың қаңтар айы


Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасында экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету туралы шартқа қол қою
Мәскеу, 1996 жылдың 29 наурызы


Белоруссия Президенті А. Г. Лукашенко, Қырғызстан Премьер-министрі К. М. Жұмалиев, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев, Ресейдің бірінші Президенті Б. Н. Ельцин және Тәжікстан Президенті Э. Рахмон
Мәскеу, 1999 жылдың ақпан айы


Астана қаласында Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері
10 қазан, 2000


Ресей Президенті В. В. Путин, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев, Белоруссия Президенті А. Г. Лукашенко және Украина Президенті Л. Д. Кучма
Ялта, 2003 жылдың қыркүйек айы


Сочидегі ЕурАзЭҚ бейресми саммитінде, еуразиялық ықпалдастық үрдістеріне қатысушы мемлекеттердің президенттері
2006 жылдың 16 тамызы


ЕурАзЭҚ саммитінде.
Душанбе, 2007 жылдың қазан айы


Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше-мемлекеттердің басшылары және ЕурАзЭҚ Бас хатшысы.
Мәскеу, 2010 ж. желтоқсан айы.


Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше-мемлекеттердің басшылары және еуразиялық ықпалдасу үрдістеріне қатысушы мемлекет басшылары.
Мәскеу, 2011 ж. желтоқсан айы


Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше-мемлекеттердің басшылары мен Еуразиялық ықпалдасу үрдістеріне қатысушы мемлекет басшылары.
Мәскеу, 2011 ж. желтоқсан айы


Главы государств – члены Высшего Евразийского экономического совета во время подписания Договора о Евразийском экономическом союзе.
Астана, 29 мая 2014 г.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуі
Армения Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы
Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы

ЕАЭО елдері президенттерінің «ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы» өтініші
ЕАЭО және Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы шарттың күшіне енуі

ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартқа қол қою және оны бекіту
Тосқауылдар, алып тастаулар және шектеулер жөніндегі «Ақ кітап»



ЕЭК-тің COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына және пандемия салдарына қарсы күресуге бағытталған түйінді шаралар мен шешімдер қабылдауы.
Өзбекстан Республикасы мен Куба Республикасына ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесі берілуі.
ЕАЭО мемлекеттері басшыларының Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын бекітуі.
ЕАЭО мемлекеттері басшыларының Иранмен еркін сауда туралы келісім жөніндегі келіссөздерді бастауды мақұлдауы.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызындағы Ресейге бірінші ресми сапары барысында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде алғашқы рет Еуразиялық Мемлекеттер Одағын қалыптастыру идеясымен баяндама жасаған болатын.
1994 жылдың маусым айында толық әзірленген ықпалдасу жобасы мемлекет басшыларына жолданды, содан соң баспасөзде жарияланды. Алғашқы рет ресми құжатта жаңа ықпалдасу бірлестігі Еуразиялық Одақ деп аталған болатын.
1995 жылдың қаңтар айында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы тараптардың шаруашылық жүргізетін субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара әрекеттесу үшін кедергілерді жоюға, еркін тауар алмасу мен әділетті бәсекелестікті қамтамасыз етуге және қорытындысында Тараптардың экономикаларының тұрақты дамуына кепілдік беруге бағытталған, Кеден одағы туралы келісімге қол қойды.
1995 жылдың қаңтар айында қол қойылған «үштіктің» келісімі қазіргі уақытта да Еуразия кеңістігінде ықпалдасу үрдістерінің қозғалтқышы болып табылатын ықпалдасу негізін белгіледі.
1996 жылдың 29 наурызында Мәскеу қаласында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттері экономикалық және гуманитарлық салаларда Ықпалдастықты тереңдету туралы шартқа қол қойды.
1996 жылдың 29 наурызында Мәскеу қаласында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының президенттері экономикалық және гуманитарлық салаларда Ықпалдастықты тереңдету туралы шартқа қол қойды.
2000 жылдың 23 мамырында Минск қаласында Мемлекетаралық Кеңес отырысында 2000 жылдың қыркүйек айына дейін Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының мемлекетаралық ықпалдастық бірлестігін қалыптастыру туралы шарт жобасын дайындау шешімі қабылданды.
2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының президенттері Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру үрдісін тиімді жылжыту мақсатында Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) құрды.
2010 жылдың қаңтар айында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағы жұмыс істей бастады: Бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді, кедендік рәсімдеу және ішкі шекаралардағы кедендік бақылаудың күші жойылды, үш мемлекет аумағында тауарлардың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілді.
2010 жылдың желтоқсан айында Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмыс істей бастауы үшін негіз болатын 17 негізгі халықаралық шарт қабылданды, сонымен қатар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру туралы декларацияға қол қойылды.
2011 жылдың қараша айында Кеден одағына мүше-мемлекеттер басшыларының кездесуі барысында «ықпалдасқан үштік» мемлекеттерінің Президенттері Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы декларацияға қол қойды, онда үш мемлекеттің Кеден одағының сәтті жұмысы белгіленді және ықпалдастық құрылысының келесі кезеңі — Біртұтас экономикалық кеңістікке өтуі туралы мәлімделді.
Кеден одағына мүше-мемлекеттердің басшылары сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа қол қойды.
2011 жылдың қазан айында Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.
2012 жылдың қаңтар айында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыратын, тек тауарлар ғана емес, сондай-ақ, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалуы үшін негіз болатын халықаралық шарттар күшіне енді. «Төрт еркіндік» форматын толық құнды іске асыру үшін 50-ден астам құжат әзірленіп жатыр.
Ақпан айында Мәскеу қаласындағы штаб-пәтерімен Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысын бастады.
2014 жылдың 29 мамырында КО мен БЭК мүше-мемлекеттердің президенттері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойды. Шарт еуразиялық экономикалық жобаның жаңа, аса терең ықпалдастық деңгейіне өтуін белгіледі.
2014 жылдың 10 қазанында Минскте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес барысында Армения Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы туралы шартқа қол қойылды.
2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеуде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Президенттері бір тараптан және Қырғыз Республикасының Президенті екінші тараптан Қырғыз Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы туралы шартқа қол қойды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуі
Армения Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы
Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға қосылуы
ЕАЭО елдері президенттерінің «ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы» өтініші
ЕАЭО және Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы шарттың күшіне енуі
ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартқа қол қою және оны бекіту
Тосқауылдар, алып тастаулар және шектеулер жөніндегі «Ақ кітап»
ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуі
ЕАЭО және ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
ЕАЭО және Иран арасындағы еркін сауда аймағының құрылуына әкелетін Уақытша келісімге қол қойылды
Молдова Республикасына ЕАЭО жанындағы бақылаушы ел мәртебесі берілді
ЕАЭО туралы шарттың 5-жылдығы
Еңбекшілерді зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келісімге қол қою
ЕАЭО және Сингапур арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою
ЕАЭО және Сербия арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою
ЕАЭО және ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі
ЕАЭО және Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға әкелетін уақытша келісімнің күшіне ен
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім күшіне енді.
ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге қол қойылды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің климаттық күн тәртібі шеңберіндегі позицияларын жақындастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобының жұмысы басталды
Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттары бекітілді
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын арттыруға бағытталған шаралар кешені мен ЕЭК шешімдері қабылданды.
Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге қол қойылды.
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімге қол қойылды.
ЕАЭО елдерінің «Еуразиялық агроэкспресс» жеделдетілген темір жолмен және мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жобасын іске асыруға қолдау көрсетілді.
Өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржыландырудың жаңа форматы қабылданды.
Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.
ЕАЭО мен Индонезия арасында еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде банктік кепілдіктерді өзара тану туралы келісімге қол қойылды.
ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығы шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге қол жеткізу қағидалары бекітілді.
ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қойма куәліктерін шығару (беру), айналымға енгізу және өтеу қағидалары туралы келісімге қол қойылды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойылды.
Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді саралау және кедергілер мен шектеулерді жойылды деп тану әдіснамасы бекітілді, оның негізіне медиативтік рәсімдерді қолдану практикасы жатқызылды.
ЕАЭО мен Иран Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қойылды.
ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылғы кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясына қол қойылды.

4 маусым, 2024
ЕЭК трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай күйі туралы баяндады
4 маусым, 2024
Бизнесті жүргізу жағдайларына әсерді бағалау арқылы ЕАЭО аясында реттеудің барлық кезеңдері қамтылатын болады
4 маусым, 2024
ЕАЭО көлік инфрақұрылымының даму қарқынын төмендетпейді
29 мамыр, 2024
ЕАЭО-да дәрілерді тіркеу және сараптау қағидалары өзгертілді
29 мамыр, 2024
ЕАЭО-да темекі өніміне арналған акциздердің бірыңғай индикативті ставкасы бекітілді
14 мамыр, 2024
ЕЭК Кеңесі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгертулер енгізді
14 мамыр, 2024
2024 жылғы 14 мамырдағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы
14 мамыр, 2024
Мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің бірыңғай тізбесі ауыз қуысының гигиенасы құралдарымен және бұйымдарымен толықтырылды
14 мамыр, 2024
Дамушы және аз дамыған елдер шығаратын тауарлардың шыққан елін айқындау қағидаларының жаңа редакциясы бекітілді
8 мамыр, 2024
Халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын іске асыру талқыланды 2023 жыл ішіндегі ЕАЭО қызметі
8 мамыр, 2024
ЕАЭО мен Моңғолия бажсыз сауда жасау шарттары бойынша ресми келіссөз жүргізуді бастайды
8 мамыр, 2024
ЖЕЭК: 2025 - Стратегиясы ойдағыдай іске асырылуда
12 сәуір, 2024
ЕЭК Кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі отырысының қорытындысы
12 сәуір, 2024
Спорттық жабдықтар мен құралдар ЕАЭО шеңберінде реттелетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілген
12 сәуір, 2024
Дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидалары өзгертілді
12 сәуір, 2024
ЕАЭО-да дәрі-дәрмек өндірушілердің фармакологиялық қадағалау жүйелеріне фармацевтикалық инспекциялар жүргізу жөніндегі бірыңғай қағидалары қабылданды
12 сәуір, 2024
ЕАЭО сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін кеңейтеді
12 сәуір, 2024
ЕАЭО мен Иран елдерінің кәсіпкерлері Еркін сауда туралы келісім аясында ынтымақтастықты жалғастырады
4 наурыз, 2024
2024 жылғы 1 наурыздағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
1 наурыз, 2024
ЕЭК Кеңесі бәсекелестік саласындағы ЕАЭО құқығына өзгерістер пакетін қабылдады
2 ақпан, 2024
ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларына жаңа жобалар қосылды
2 ақпан, 2024
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Еуразиялық агроэкспресс» жоғары маржалы азық-түліктің экспорттық жеткізілімін 6%-ға ұлғайтты
1 ақпан, 2024
ЕЭК алқасын Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқаратын болды
1 ақпан, 2024
ЕЭК Алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті
26 қаңтар, 2024
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тауарлардың пұрсатсыз шығарылуын растау рәсімін жеңілдетті
26 қаңтар, 2024
Ойыншықтарға арналған техникалық регламентке енгізілген өзгертулер қабылданды
26 қаңтар, 2024
Сергей Лавров Михаил Мясниковичті «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапаттады
26 қаңтар, 2024
Медициналық бұйымдарға клиникалық және клиникалық-зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу қағидалары жаңартылды
26 қаңтар, 2024
ЕЭК Кеңесі халықты қызанақтың жеткілікті түрімен қамтамасыз ету үшін уақытша тарифтік жеңілдік берді
26 қаңтар, 2024
ЕЭК Кеңесі мемлекеттік сатып алуға қолжетімділік СТ-1 сертификаты негізінде жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін ұлғайтуға келісті
16 қаңтар, 2024
2024 жылы Арменияның Одақ органдарында төрағалық етуіне байланысты ЖЕЭК Төрағасы, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жасады
27 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдарды қадағалау механизмін енгізу жалғасуда
26 желтоқсан, 2023
ЕЭК Кеңесі жөргектерді жасау үшін қолданылатын суперабсорбенттерге нөлдік баж салығының мерзімін ұзартты
26 желтоқсан, 2023
ЖЕЭК Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа құрамын бекітті
26 желтоқсан, 2023
ЕЭК Кеңесі Беларуссияға тамақ өнімдерін өндіру үшін ұлулардың жекелеген түрлерін әкелуге уақытша тарифтік жеңілдік берді
25 желтоқсан, 2023
2023 жылғы 25 желтоқсанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы
25 желтоқсан, 2023
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары «Еуразиялық экономикалық бағыт» экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияға қол қойды
25 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-ның 2024 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілді
25 желтоқсан, 2023
Энергетика саласындағы Басшылар кеңесі ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығын бақылай алады
25 желтоқсан, 2023
ЕАЭО елдерінің басшылары жақындастыру үшін табиғи монополиялар саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін белгіледі
25 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да макроэкономикалық саясаттың 2024 – 2025 жылдарға арналған негізгі бағдарлары айқындалды
25 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да ішкі нарықтағы 25 кедергі жойылды
25 желтоқсан, 2023
Сыртқы сауданы реттеу бөлігінде ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізілді
25 желтоқсан, 2023
ЕАЭО мен Иран еркін сауданың толық форматты аймағын құрады
12 желтоқсан, 2023
2023 жылғы 12 желтоқсандағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
12 желтоқсан, 2023
Май-тоңмай техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді, соның ішінде тамақ өніміндегі глицидил эфирлерін нормалауда алғашқы қадам жасалды.
12 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-ның алкоголь өніміне арналған техникалық регламентінің күшіне ену мерзімі ауыстырылды
12 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу механизміне қатысатын қаржылық ұйымдардың тізбесі бекітілді
12 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да бәсекелестікке қарсы келісімге қатысуы туралы өз еркімен мәлімдеген жағдайда жауапкершіліктен босату тәртібі қабылданды
12 желтоқсан, 2023
ЕЭК Кеңесі үй тауықтарының еті нарығының теңгерімділігін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдады
12 желтоқсан, 2023
ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық электробус» мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді мақұлдады
12 желтоқсан, 2023
ЕЭК Кеңесі 2020-2022 жылдардағы нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерін қолдану туралы баяндаманы мақұлдады
12 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының айналысын реттеудің бірыңғай қағидалары бекітілді
12 желтоқсан, 2023
ЕЭК Кеңесі кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну үшін қосымша негіздің қолданылуын ұзартты
12 желтоқсан, 2023
ЕАЭО-да әкелінетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау жетілдіріледі
24 қараша, 2023
ЕАЭО нарығында күкірттің массалық үлесі 1,5%-дан аспайтын кеме отынын өндіру және айналысқа шығару мүмкіндігі үш жылға ұзартылды
24 қараша, 2023
ЕАЭО-дағы таңбалау туралы шешімге енгізілген өзгерістер ішкі нарықта тауарларды өткізу еркіндігін қамтамасыз етуге көмектеседі
24 қараша, 2023
2023 жылғы 23-24 қарашадағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы
24 қараша, 2023
ЕЭК Кеңесі мемлекеттік сатып алу үшін ТШЕ ережелерін өзгерту бойынша бірқатар шешімдер қабылдады
24 қараша, 2023
ЕАЭО-да газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен жабдықталған тракторлар мен өздігінен жүретін машина өндірушілердің мүмкіндіктері кеңейтілді
24 қараша, 2023
ЕЭК Кеңесі дамушы және аз дамыған елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылған елін растау бойынша жеңілдетілген рәсім мерзімін ұзартты
24 қараша, 2023
ЕАЭО электромобильдерді әкелуге белгіленген тарифтік жеңілдікті 2025 жылдың соңына дейін ұзартады
24 қараша, 2023
ЕАЭО-да тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар мен рұқсаттарды электрондық түрде алуға болады
26 қазан, 2023
Үкіметаралық кеңеске ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның жобасы ұсынылды
26 қазан, 2023
ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығын дамытудың кезекті кезеңі аяқталды
26 қазан, 2023
ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің ЕҮАК қорытындылары бойынша баспасөз-конференцияда сөйлеген сөзі
26 қазан, 2023
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары кооперациялық жобаларды іріктеу және оларға қаржылай жәрдем көрсету қағидаларын бекітті
20 қазан, 2023
ЕАЭО-ның "Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті өзгертілді
20 қазан, 2023
ЕАЭО-да дәрілерді тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді
20 қазан, 2023
ЕАЭО пұрсаттылықты сауда шеңберінде тауарлардың шығу тегін растаудың оңайлатылған рәсімін пайдалану мүмкіндігін ұзартты
20 қазан, 2023
ЕЭК Кеңесі Беларусь пен Ресейдің навигациялық пломбалар бойынша экспериментті іске асыру мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартты
27 қыркүйек, 2023
ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі отырысының қорытындылары
27 қыркүйек, 2023
ЕЭК ҚҚС салық салу мақсаттары үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітті
27 қыркүйек, 2023
«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістер қабылданды
27 қыркүйек, 2023
2024 жылғы 1 сәуірге дейін тауарларды бажсыз әкелудің шекті мәні жеке тұлғалар үшін 1000 еуро және тауарлар үшін 31 кг құрайды
27 қыркүйек, 2023
Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өнеркәсіптің екі жаңа саласы Еуразиялық қағидаларға кірістірілді
27 қыркүйек, 2023
ЕАЭО дәрілерді, алкогольсіз сусындарды, шырындарды, сондай-ақ телефондар мен ноутбуктерді таңбалау қағидаларын біріздендіреді
27 қыркүйек, 2023
ЕЭК Кеңесінің мүшелері Ауа райы болжамы және метеорология бойынша көрсетілетін қызметтер жөніндегі әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады
27 қыркүйек, 2023
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінің 2024 жылға арналған даму жоспарын бекітті
27 қыркүйек, 2023
ЕАЭО техрегламенттерінің және оларға орайлас стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау тәртібі бекітілді
30 тамыз, 2023
ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы отырысының қорытындылары
30 тамыз, 2023
ЕАЭО-да Мемлекеттік сатып алу үшін банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге қол қойылды
30 тамыз, 2023
ЕАЭО кілем өнімі өндірісіне арналған маталарға импорттық бажды екі жылға нөлге түсірді
30 тамыз, 2023
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларына арналған жарық техникасын жаңа талаптар бойынша өндіруге және әкелуге болады
30 тамыз, 2023
Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі туралы техрегламентке өзгерістер енгізілді
30 тамыз, 2023
Мұнай паспортының бірыңғай нысаны және оны толтыру қағидалары бекітілді
25 тамыз, 2023
Арменияда Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтті
26 маусым, 2023
23 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің қорытындысы
26 маусым, 2023
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібін бекітті
26 маусым, 2023
Жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінде болуы мүмкін ветеринарлық дәрілік заттардың қалдық құрамының рұқсат етілген ең жоғары деңгейі белгіленді
26 маусым, 2023
ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартына сыртқы электрондық сауданы реттеу бойынша өзгерістер енгізіледі
26 маусым, 2023
ЕАЭО-да қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру жалғасуда
26 маусым, 2023
ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алулар үшін тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидаларына өндірістің жаңа талаптарын енгізуге келісті
26 маусым, 2023
ЕАЭО-ның тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптары бойынша өндірістің сәйкестік сертификатына өзгерістер енгізілді
9 маусым, 2023
2023 жылғы 7-8 маусымдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы
9 маусым, 2023
ЕАЭО аясында ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану қамтамасыз етілетін болады
9 маусым, 2023
ЕАЭО-дағы кедергілерді жою қарқыны медиативтік тәсілдің арқасында екі есеге артты
9 маусым, 2023
Навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперименттердің нәтижелері 2023 жылдың соңына дейін шығарылатын болады
9 маусым, 2023
Бақытжан Сағынтаев: «2022 жылы РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі ең жоғары 97% деңгейге жетті»
2024 жылғы 3-4 маусымдағы ЕҮК отырысының қорытындысы
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 3-4 маусымда Несвиж қаласында (Беларусь Республикасы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында 12 мәселені қарады.
Үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссияның трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және оларға қолданылатын бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы 2023 жылға арналған жылдық есебін мақұлдады. Есепті кезеңде Комиссия алдыңғы кезеңдерден ауысатын рәсімдер аясында, сондай-ақ келіп түскен өтініштер мен материалдарды қарау режимінде ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруды жалғастырды.
ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшыларына 2023 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеушілік әсерін бағалауға (РӘБ) жүргізілген мониторинг туралы есеп ұсынылды. Есепте ЕЭК қабылдаған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін (ІӘБ) бағалауды енгізу үшін, сондай-ақ Одақ аясындағы халықаралық шарттардың жобаларына РӘБ қолдану үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудың аяқталғаны туралы ақпарат қамтылған.
Үкіметаралық кеңес мүшелері 2023 жылға арналған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру аясында көлік инфрақұрылымын құру және дамыту туралы баяндаманы мақұлдады. Мұндай баяндаманы жыл сайынғы негізде дайындау 2025-Стратегиясында көзделген.
ЕЭК Алқасының басшысы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Иран Ислам Республикасы ЕАЭО жанынан бақылаушы мемлекет мәртебесін алуға қызығушылық білдірді. Еуразиялық экономикалық комиссия мұндай нотаны 27 мамырда алған еді. Ол белгіленген тәртіпте қаралатын болады. ЕЭК Алқасының Төрағасы отырыс қорытындысы бойынша баспасөз-тәсілі шеңберінде осындай мәлімдеме жасады.
Үкіметаралық кеңес ЕҮК-тің келесі отырысы қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында Ереванда өтетінін анықтады.ЕЭК трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай күйі туралы баяндады
Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссияның 2023 жылға арналған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және оларға бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы жылдық есебін мақұлдады.
Есепті кезеңде Комиссия алдыңғы кезеңдерден ауысатын рәсімдер аясында, сондай-ақ келіп түскен өтініштер мен материалдарды қарау режимінде ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруды жалғастырды. 2023 жылы келіп түскен өтініштер ЕАЭО мемлекеттері экономикаларының құрылыс, фармацевтика, химия және азық-түлік салаларын қамтыды.
Есепте Комиссияға келіп түскен барлық 15 өтініш пен материалдар туралы толық ақпарат берілген. Одақ құқығын бұзу белгілерінің ең көп саны жосықсыз бәсекелестікке қатысты болды, мұндай материалдардың саны – 10. Төртеуінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері, біреуінде бәсекелестікке қарсы келісімнің белгілері болды.
2023 жылы Комиссия 8 тергеу жүргізді, бір ескерту берілді, 11 іс қарастырылуда. Істерді қарау қорытындысы бойынша Комиссия Алқасы 7 шешім қабылдады.
Бұдан басқа, есепте Одақ елдерінде тауар нарықтарында мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы хабарламаларды қарау нәтижелері көрсетілген. ЕАЭО құқығын және мүше мемлекеттердің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласындағы заңнамасын жетілдіру туралы ақпарат қамтылған. Бәсекелестікті адвокаттандыру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Комиссияның қызметі жеке блокпен жарияланды. Үкіметаралық кеңес мақұлдаған бәсекелестік туралы жылдық есеп Одақтың ресми сайтында жарияланатын болады.Бизнесті жүргізу жағдайларына әсерді бағалау арқылы ЕАЭО аясында реттеудің барлық кезеңдері қамтылатын болады
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларына 2023 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларының реттеушілік әсерін бағалауға (РӘБ) жүргізілген мониторинг туралы есеп ұсынылды.
«2023 жылы РӘБ-тан өткен актілер жобаларының басым көпшілігі (77%) осындай шешімдерді қолдану практикасын ескере отырып, кәсіпкерлер үшін жеңілдетуді белгілей отырып, Комиссияның қолданыстағы шешімдеріне өзгерістер енгізуді көздеді», - деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.
Есепте ЕЭК қабылдаған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін (ІӘБ) бағалауды енгізу үшін, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы халықаралық шарттардың жобаларына РӘБ қолдану үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудың аяқталғаны туралы ақпарат қамтылған.
Бұл рәсімдердің қолданылуы 2024 жылғы наурызда басталған еді. Оларды енгізу кәсіпкерлік қызметті регламенттеуге іргелі тәсілдерді әзірлеуден бастап ЕАЭО құқығын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қолдануының нақты практикалық салдарын талдауға дейін Одақ аясында реттеудің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінің бизнесті жүргізу жағдайларына әсерін бағалай отырып кешенді қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бизнесті жүргізу жағдайларына ықпалды бағалау механизмдерін кеңейту ЕАЭО елдерінің іскер топтарының еуразиялық экономикалық интеграция процестеріне тартылу деңгейін арттыруға да ықпал ететін болады.
РӘБ – бұл ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсерін бағалау рәсімі, оны жүргізу кезінде ЕАЭО елдері бизнесінің ұстанымы ескеріледі.
РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – ЕАЭО сайтында ЕЭК шешімінің жобасын ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн болатын жария талқылау және қорытынды бағалау – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобының РӘБ туралы қорытынды дайындауы.
ЕАЭО көлік инфрақұрылымының даму қарқынын төмендетпейді
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары 4 маусымда Несвиж қаласында (Беларусь) өткен үкіметаралық кеңестің отырысында 2023 жылға арналған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру аясында көлік инфрақұрылымын құру және дамыту туралы баяндаманы мақұлдады. Мұндай баяндаманы жыл сайынғы негізде дайындау 2025-Стратегиясында көзделген.
Құжатта өткен жылы ЕАЭО елдері ұлттық көлік инфрақұрылымының учаскелерін дамыту, логистикалық сервистер құру, көлік дәліздерін дамыту бойынша серіктестермен халықаралық шарттар мен меморандумдар жасасу бойынша белсенді жұмыс жүргізгені атап өтілді.
«2023 жылы «бестік» елдері көлік инфрақұрылымының даму қарқынын төмендетпеді және туындаған қиындықтарды еңсеріп қана қоймай, бірқатар ауқымды көлік жобаларын іске асыра алды», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.Көлік-логистикалық байланыстарды әртараптандыру аясында «Солтүстік-Оңтүстік» дәліздері мен Транскаспий халықаралық көлік бағыты дамуда жаңа серпін алды.
2023 жылы Үкіметаралық кеңестің шешімі бойынша көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі Қырғызстан мен Қазақстанның жаңа жобаларымен толықтырылды. Қазір тізімде автомобиль жолдары мен теміржолдарды салу және қайта құру бойынша 11 ауқымды жоба бар.
ЕАЭО аясында транзиттік әлеуетті іске асыру және дамыту және көлік инфрақұрылымын үйлестіру мақсатында Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспары қабылданды.
Комиссия Қытай, БАӘ және Иранмен көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Арменияның ұсынысы бойынша баяндамаға «Бейбітшілік қиылысы» бастамасы енгізілді, ол барлық мүдделі елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту бойынша қолайлы жағдайлар жасауға, Оңтүстік Кавказ аймағының логистикалық әлеуетін ашуға арналған.ЕАЭО-да дәрілерді тіркеу және сараптау қағидалары өзгертілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 29 мамырда Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізді.
Құқық қолдануды ескере отырып, тіркелген дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу рәсімінің әкімшілік бөлігі өзектілендірілді. Сарапшылық жұмыстар жүргізуді талап етпейтін және хабарламалық тәртіппен жүзеге асырылатын тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізудің тізбесі кеңейтілді және түрлері нақтыланды.
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий: "Тәуекелді-бағдарлы тәсілдемені енгізу реттеушілік жүктемесін азайтуға және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде хабарламалық тәртіпті қолдануды кеңейтуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті.
Комиссия Кеңесінің шешімі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарының (сарапшылық ұйымдарының) сарапшылық жұмыстар жүргізуі және тіркелген дәрілерге қатысты өзгерістердің әралуан түрі үшін тіркеу дерекнамасын бағалауы кезінде рәсімдердің орындалуын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ фармацевтикалық өндірушілердің тіркеу дерекнамасының материалдарын дайындау оңтайландырылады.
Дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізудің бұл оңайлатылған рәсімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап берілген өтініштерге қатысты қолданылатын болады (яғни, Кеңес қабылдаған шешімнің ережелері үстіміздегі жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған құқықтық қатынастарда қолданылады).
ЕАЭО-да темекі өніміне арналған акциздердің бірыңғай индикативті ставкасы бекітілді
29 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде 2029 жылға арналған темекі өніміне (сүзгілі сигареттерге) арналған акциздердің бірыңғай индикативтік ставкасының деңгейі бекітілді.
Көрсеткіш 1000 дана үшін 45 еуро деңгейінде белгіленді, одан акциздердің нақтылы ставкаларының көп немесе аз жағына 20%- дан аспайтын ауытқу диапазонына жол беріледі. Салыстыру үшін — 2024 жылға арналған ставка ұқсас ауытқу диапазонымен 1000 дана үшін 35 еуро деңгейінде болды.
Ставкаларды үндестіру ЕАЭО мемлекеттерінің темекі өніміне арналған акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімде көзделген және Еуразиялық "бестік"елдерінің аумағында өткізілетін темекі өніміне акциздердің бірыңғай индикативтік ставкасы (АБИС) деңгейіне қол жеткізудің бес жылдық кезеңін белгілеу жолымен жүзеге асырылады.
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, 2029 жылы АБИС деңгейін 1000 дана үшін 35-тен 45 еуроға дейін арттыру қажеттігіне Одақтың бірқатар елінде темекі өніміне арналған акциздер ставкаларының және акциздердің салықтық ставкалары неғұрлым жоғары ЕАЭО мемлекеттерінің аумағында оның "ағылуының" айтарлықтай өсуіне байланысты көлеңкелі нарықтың және контрафактілік өнім көлемінің өсу тәуекелі себепші болды.
"Аталған көрсеткіш бес жылдық кезеңге арналған сүзгілі сигареттерге акциздер ставкасын жоспарлайтын мемлекеттік органдар үшін, сондай-ақ өздерінің қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлайтын темекі өнімдерін өндірушілер үшін бағдар ретінде ретінде бой көрсетеді. Бақыт Сұлтанов бұл жаңалыққа: "Еуроға қатысты ұлттық валюта бағамының елеулі ауытқулары болмаған кезде ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде 2024 жылы АБИС-тің белгіленген деңгейіне қол жеткізілді", — деп түсіндірме жасады.
ЕЭК Кеңесі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгертулер енгізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 14 мамырда өткен отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгертулер енгізді.
Түзетулер енгізу қажеттілігі оны қолдану барысында анықталды. Техрегламент жаңа терминдермен (мысалы, «хош иістендірілген ойыншық», «жұмсақ ойыншық», «сылдырмақ», «дәм тату дағдыларын дамытуға арналған жиынтық (дәмдік жиынтық)» және басқалар) және ойыншықтардың жаңа түрлеріне қойылатын талаптармен (мысалы, иіс сезуді дамытуға арналған үстел ойындары, дәмдік жиынтықтар және басқалар) толықтырылған.
«Ойыншықтар өндірісі бір орында тұрып қалған жоқ. Нарықта ойыншықтардың түрлері үнемі кеңейіп келеді, ойыншықтардың жаңа түрлері пайда болады. Енгізілетін өзгертулер мұндай өнімдерге қойылатын талаптарды белгілейді, бұл жалпы ойыншықтардың қауіпсіздік деңгейін арттырады. Сонымен қатар техрегламенттің қолданыстағы редакциясын қолдану барысында анықталған жекелеген ережелерді нақтылау кәсіпкерлерге ойыншықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
Техрегламентке енгізілген өзгертулердің күшіне енуі Кеңестің өзгертулер енгізу туралы шешімі ресми жарияланған күннен бастап алты айдан кейін көзделген.
2024 жылғы 14 мамырдағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы
ЕЭК Кеңесі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгертулер енгізді
Мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің бірыңғай тізбесі ауыз қуысының гигиенасы құралдарымен және бұйымдарымен толықтырылды
14 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы мен кедендік аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) бірыңғай тізбесінің II бөліміне енгізілген өзгертулерді қабылдады.
Құжатқа ауыз қуысының гигиенасы құралдары мен бұйымдарын мемлекеттік тіркеу нысанында сәйкестікті бағалауды көздейтін ережелер енгізілді. Ерекшелігі Еуразиялық экономикалық одақтың «Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» техрегламенті қолданылатын тауарлар ғана болып табылады, өйткені бүгінгі таңда ауыз қуысы гигиенасының барлық құралдары мен бұйымдары Одақ нарығына айналымға шығарылғанға дейін олардың адам денсаулығы үшін қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау рәсімінен өтпейтін.
ЕЭК Кеңесінің шешімі сәйкестікті бағалаудан өтпеген ауыз қуысының гигиенасы құралдары мен бұйымдарының Одақ нарығына айналымға шығарылуын барынша азайтуға және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау (бақылау) жүргізу кезінде құқықтық олқылықты жоюға мүмкіндік береді.
Дамушы және аз дамыған елдер шығаратын тауарлардың шыққан елін айқындау қағидаларының жаңа редакциясы бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланатын дамушы және аз дамыған елдер шығаратын тауарлардың шыққан елін айқындау қағидаларын жетілдіру туралы шешім қабылдады.
Жаңартылған редакцияда тауарлардың шыққан елін құжатпен растау тәртібін жетілдіруді, импорттаушылардың тарифтік преференцияларды алуына қойылатын талаптарды жеңілдетуді, бенефициар елдермен әкімшілік ынтымақтастық туралы ережелерді оңтайландыруды, сондай-ақ бес жыл ішінде қалыптасқан құқық қолдану практикасын ескере отырып дайындалған бірқатар басқа өзгерістерді көздейтін кешенді түзетулер пакеті бар.
Атап айтқанда, тарифтік преференциялар алуға талаптанатын тауарлардың шыққан елін растау мүмкіндігі құжаттың түпнұсқасының орнына тауардың шыққан елі туралы құжаттың көшірмесімен тұрақты негізде тіркеледі. Бұдан басқа, тауарларды тек ЕАЭО-ның тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдерде тіркелген тұлғалардан міндетті түрде сатып алу туралы талап жойылды.
«Қабылданған шешім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарына жеткізілетін тауарлардың преференциялық шыққан елін растай отырып, Одақта қолданылатын ережелерді сауданың қазіргі жағдайларына бейімдеу және қазіргі қиындықтарды барынша азайту жөніндегі пәрменді шараны білдіреді», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол аталған өзгерістер Одақтың аз дамыған елдерді қолдау шараларын іске асыру жөніндегі дәйекті жұмысының жалғасы болып табылатынын және оның қажеттілігі Дүниежүзілік сауда ұйымының алаңында үнемі талқыланып отыратынын айтты.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
Дамушы және аз дамыған елдер шығаратын тауарлардың шыққан елін айқындау қағидалары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген.
ЕАЭО тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы елдердің тізбелері Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімімен белгіленген.
Тарифтік преференциялар берілетін тауарлардың тізбесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 8 шешімімен бекітілген.
Халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын іске асыру талқыланды 2023 жыл ішіндегі ЕАЭО қызметі
2023 жыл Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің бағыттарын дамыту тұрғысынан маңызды болды. Бұл туралы 8 мамырда Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасында айтылды.
Одақ серіктестерінің саны артты: Мьянма және Никарагуа үкіметтерімен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды, Иранмен толықформатты сауда келісімі жасалды. Египет, БАӘ және Индонезиямен келіссөздер жүргізілді. Бірлескен зерттеу тобы Моңғолиямен уақытша сауда келісімін жасасудың орындылығы туралы қорытындыға келді.
Одақтың бақылаушы мемлекеттері: Өзбекстанмен және Кубамен өзара іс-қимыл дәйекті түрде дамыды. Ол тәжірибе алмасуға ғана емес, бірлескен жобаларды іске асыру арқылы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, құқықтық реттеудің жекелеген нормаларын жақындастыруға және іскер топтар арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған.
Одақтың ТМД-мен өзара іс-қимыл трегі одан әрі дамыды. Одақтың БРИКС-пен өзара іс-қимылының негізгі контурлары мен мақсаттары белгіленді. ШЫҰ, АСЕАН және басқа да интеграциялық құрылымдармен, оның ішінде Одақты үлкен Еуразиялық әріптестіктің интеграциялық контурын қалыптастыратын экономикалық орталықтардың бірі ретінде жайғастыру бөлігінде өзара іс-қимыл тереңдей түсуде.
Комиссия халықаралық ұйымдардың жұмыс органдарының және олар ұйымдастыратын форумдар мен өзге де іс-шаралардың қызметіне өзінің қатысуын жандандырып, озық халықаралық тәжірибені ескеріп, Одақ құқығын жетілдіру кезінде оны пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындады.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Шет мемлекеттер көшбасшыларының еуразиялық үкіметаралық кеңесінің отырыстарына шақыру алды, мүше мемлекеттерде, оның ішінде мүше мемлекеттер төрағалық ететін халықаралық ұйымдар желісі бойынша өткізілетін халықаралық іс-шаралар бағдарламаларына Одақ проблематикасын енгізу, сондай-ақ шетелдік бизнес-қауымдастықтармен және сараптамалық қауымдастықтармен диалогты жандандыру практикасы дамыды. Бұл күш-жігер ЕАЭО-ның халықаралық беделін нығайтуға қызмет етеді.
Баяндамада жасалған талдау Одақтың халықаралық қызметінің кешенді көрінісін көруге мүмкіндік береді. ЖЕЭК мүшелері құжатты назарға алды.
ЕАЭО мен Моңғолия бажсыз сауда жасау шарттары бойынша ресми келіссөз жүргізуді бастайды
2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары Моңғолиямен уақытша сауда келісімін жасасу жөніндегі келіссөздерге ресми бастамашылық жасау туралы ұсынысты қолдады.
«Моңғолия елі көрші ғана емес, біздің елдеріміз үшін маңызды серіктес. Біз Ұланбатырдағы әріптестермен бірлесіп өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін жұмылдырылуы мүмкін сауда саясатының құралдарын, сондай-ақ еркін сауда жасау режимін қалыптастырудың салдарын жан-жақты зерттедік», – деп түсіндірді қабылданған шешімді Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол бұл жұмыстың нәтижесі бойынша осы кезеңде өзара саудадағы баждар жойылатын немесе тауарлардың шектеулі ауқымы бойынша төмендетілетін уақытша сауда келісімі туралы сөз қозғаған жөн деген қорытындыға келгенін атап өтті. Бұл ұсынысты ЖЕЭК мүшелері қолдады.
Бұған дейін хабарланғандай, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі бойынша дайындық жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы мүмкін.
«Бірінші тоқсанда біз моңғол тарапымен жан-жақты консультациялар өткіздік, болашақтағы сауда мәмілесінің негізі туралы келістік. ЕАЭО елдері мен Моңғолия елінің басшылары жүргізіліп жатқан жұмыстарға қандай қолдау білдіретінін ескере отырып, біз ЖЕЭК мүшелеріне келісімнің ең қысқа мерзімде қол қоюға дайын болатындығына толық негіз бар», – деді Андрей Слепнев.
ЖЕЭК: 2025 - Стратегиясы ойдағыдай іске асырылуда
8 мамырда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына 2023 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының орындалу барысы туралы баяндама ұсынылды.
Еуразиялық экономикалық комиссия дайындаған құжатта 2025 - Стратегиясын іске асырудың үшінші жылының қорытындылары және тиісті іс-шаралар жоспары туралы ақпарат қамтылған. 2023 жылы іске асыруға жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігі орындалғаны атап өтілді.
2025 - Стратегиясын табысты іске асыру ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша интеграциялық процестерді дамытуды қамтамасыз ете отырып, ЕАЭО-ның қызметіне айтарлықтай әсер етеді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ең маңызды нәтижелер ерекшеленеді. Олар өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру тетігін, сондай-ақ навигациялық пломбаларды пайдалана отырып тасымалдарды қадағалау тетігін іске қосу мүмкіндігін қамтамасыз етумен, ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара танумен, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі банктік кепілдіктермен, Одақтың кеден аумағынан тыс әкетілетін тауарлардың шығарылған елін айқындау және растау жөніндегі ЕАЭО елдерінің тәсілдерін біріздендірумен, ЕАЭО-да уәкілетті экспорттаушылар институтын құрумен, электрондық сауданы дамытумен және т.б. байланысты болды.
Биыл 2024 жылы белгіленген мерзіммен 2025 - Стратегиясының 60-қа жуық іс-шарасын іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.
Анықтама
2025 - Стратегиясы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген. 2025 - Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 05 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген.
ЕЭК Кеңесінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі отырысының қорытындысы
Дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидалары өзгертілді.
Спорттық жабдықтар мен құралдар ЕАЭО шеңберінде реттелетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілген.
ЕАЭО сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін кеңейтеді.
ЕАЭО мен Иран елдерінің кәсіпкерлері Еркін сауда туралы келісім аясында ынтымақтастықты жалғастырады.Одақтың ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелеріне арналған техрегламентіне өзгертулер енгізілді.
Спорттық жабдықтар мен құралдар ЕАЭО шеңберінде реттелетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне енгізілген
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 12 сәуірдегі отырыста Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде реттелетін өнімдердің бірыңғай тізбесін спорттық жабдықтар мен құралдардың белгілі бір түрлерімен толықтырды.
Тізбеге, атап айтқанда, спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру жабдықтары мен құралдар: футболға, шағын-футболға, гандболға, хоккейге арналған қақпалар, стендтік ату мен спортингке арналған нысаналар, сондай-ақ гимнастикалық жабдықтар мен құралдар, аралас асимметриялық/параллель қоссырықтар, параллель қоссырықтар, кермелер, қолды тіреп секіруге арналған гимнастикалық құрылғылар, бөренелер, батуттар, сақиналар, швед қабырғалары, торлы сатылар, өрмелеуге арналған рамалық құрылымдар, гимнастикалық ат, гимнастикалық төрттаған, арқандар, гимнастикалық үстелдер, орындықтар мен төсеніштер, акробатикалық кілемдер енгізілді.
«Өкінішке қарай, спорттық жарыстарды қоса алғанда, физикалық жаттығулар жасау кезінде де жарақат алу көптеп кездеседі. Күнделікті көріп жүргеніміздей спорттық жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қолданыстағы, бірақ міндетті емес тетіктері, мысалы, ерікті сертификаттау мәселені шешпейді. Комиссия Кеңесі қабылдаған шешім сөзсіз жағдайды жақсартады», — деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
Бірыңғай тізбені спорттық жабдықтар мен құралдардың белгілі бір түрлерімен толықтыру оларға қойылатын міндетті талаптарды белгілеу үшін құқықтық негіз болып табылады. Енді мұндай талаптарды Одақтың техникалық регламенттерінде немесе тиісті ұлттық құқықтық актілерде белгілеуге болады.
Дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеу жүргізу қағидалары өзгертілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 12 сәуірде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына өзгертулер енгізді.
Енгізілетін өзгертулер екі процедураға қатысты, біріншісі – дәрілік заттардың биоэквиваленттік зерттеулерін жүргізу кезінде референттік препаратты таңдау және екіншісі, адамдардағы биоэквиваленттік зерттеулерді модельдік зертханалық зерттеулермен (биовейвер жүргізу) ауыстыру процедурасы.
Рефернеттік дәрі-дәрмектерді таңдау процедурасына қосымша балама нұсқаларды таңдау мүмкіндігі енгізіледі. ЕЭК Кеңесінің мүшелеріне Валентин Татарицкий: «Енгізілген өзгерту Одақтың кедендік аумағына референт ретінде таңдалатын бірегей дәрілік препараттарды жеткізумен туындайтын қиындықтарға байланысты», — деп түсіндірді.
Бұл нұсқалар дәрілік препаратты үшінші елдерде сатып алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар референттік көшірілген дәрілік препараттар (дженериктер) ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Биовейвер процедурасына қойылатын талаптардың өзгеруі бұл процедураны бастапқыда белсенді емес молекулалары бар дәрілік препараттарға және олардың адам ағзасында дәрі-дәрмектерге айналатын препараттарға қолдану мүмкіндігін қамтиды. Бұдан басқа ьағы да бір жолы бар – бұл процедураны Дәрі-дәрмектер жөніндегі сараптау комитетінің келісімін алмай-ақ, III топтағы дәрілерге (нашар еритін, бірақ жақсы сіңетін дәрілер) қолдану.
Өзгертулер Еуропа аймағында, Америка және Азия елдерінде қолданылатын ұқсас ережелерге, сондай-ақ дженериктерді айналымға жіберу үшін қолданылатын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәсілдеріне сәйкес келеді.ЕАЭО-да дәрі-дәрмек өндірушілердің фармакологиялық қадағалау жүйелеріне фармацевтикалық инспекциялар жүргізу жөніндегі бірыңғай қағидалары қабылданды
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 12 сәуірдегі отырыста ЕЭК Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 83 шешімін Еуразиялық экономикалық одақтың фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі бойынша фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларымен толықтырды.
ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий: «Өзгертулер Одақтың фармацевтикалық нарығындағы айналымда «пайда – тәуекел» арақатынасының оң бейіні дәлелденген дәрілік препараттарды сақтап қалуға және қоғамдық денсаулық пен халықтың әл-ауқатына қауіп төндіретін дәрілік заттарды айналымнан және өндірістен алып тастауға бағытталған», — деп атап өтті.
Қазір Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес дәрілік препараттарды тіркеу куәліктерін ұстаушылардың фармакологиялық қадағалау жүйесін тексеруді жүзеге асырады. Бұл фармакологиялық қадағалау жүйесінің фармацевтикалық инспекцияларын жүргізуге әртүрлі тәсілдерді қолдану және ЕАЭО-ның жекелеген елдерінде мұндай инспекциялардың нәтижелерін мойындамау үшін алғышарттар жасайды.
ЕЭК Кеңесі қабылдаған құжат фармакологиялық қадағалау жүйелеріне инспекция жүргізу рәсімдеріне және мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылына бірыңғай тәсілдерді белгілейді. Мүше мемлекеттердің әрбір инспектораты дәрі-дәрмек өндірушілерге қайта-қайта (қайталама) инспекциялар жүргізе бермейді, бұл инспекциялық ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Фармакологиялық қадағалау жүйелерінің фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу қағидалары Еуропалық ережелердің өзекті редакциясымен үйлестірілген және Одақтың фармацевтикалық нарығында айналымдағы дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділігінің нақты проблемаларын бағалау тәжірибесін жинақтауға және пайдалануға негізделген.ЕАЭО сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін кеңейтеді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының сәйкестендіру құралдарымен таңбаланатын жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін кеңейту туралы ұсынысын қарады және Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне өзгертулер енгізу туралы шешім қабылдады.
Түзетулер Комиссия Кеңесінің «Сәйкестендіру құралдарымен жеңіл өнеркәсіптің жекелеген тауарларын таңбалауды енгізу туралы» 2019 жылғы 18 қарашадағы № 127 шешімімен бекітілген таңбалауға жататын өнім түрлеріне ғана қатысты.
Таңбалау костюмдерге, жейделерге, тоқылған бұйымдарға, жасанды жүннен жасалған бұйымдарға және басқа да киімдерге қолданылады. Одаққа мүше мемлекеттер 2024 жылғы 1 сәуірден бастап аталған тауарларға қатысты таңбаланбаған өнім айналымына тыйым салуға құқылы.
«Таңбалануға жататын тауарлардың қатарына жаңа тауарларды кезең-кезеңімен енгізу – бұл тұтынушыға олардың түпнұсқалығына көз жеткізуге мүмкіндік беретін және заңсыз айналым үлесін қысқарту арқылы нарыққа адал қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жалпы жүйені дамытудағы дұрыс қадам», — деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Айта кету керек, тауарлардың жаңа топтарын таңбалау, бұрынғыдай, бірыңғай ережелер бойынша жүргізілетін болады. Бұл ретте Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 19 шешімімен бекітілген ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелері ескеріледі. Осылайша, Одақ аумағында айналыста болған кезде тауарларды қайта таңбалаудың қажеті жоқ.
ЕАЭО мен Иран елдерінің кәсіпкерлері Еркін сауда туралы келісім аясында ынтымақтастықты жалғастырады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2023 жылғы 25 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімді іске асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның ішінде құжатта тараптардың іскерлік қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты тереңдету көзделген.
«Атап айтқанда, Иранның кезекті Еуразиялық экономикалық форумға серіктес ретінде қатысу мәселесі пысықталатын болады. Кездесу аясында «ЕАЭО – Иран» бизнес – диалогын ұйымдастыру және өткізу көзделіп отыр», — деді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Тараптардың бизнес-диалог платформасын құру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесі мен Сауда, өнеркәсіп, тау-кен ісі және ауыл шаруашылығы жөніндегі Иран палатасы арасындағы қолданыстағы 2019 жылғы 25 қыркүйектегі ынтымақтастық туралы меморандумға өзгертулер енгізу немесе жаңа меморандум жасасу жоспарлануда. Осы платформа аясындағы іс-шаралар көлік саласындағы ынтымақтастық, мультимодальды тасымалдарды дамыту, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы бірлескен жобалар, кәсіпорындар арасында кооперациялық байланыстар орнату, отын-энергетикалық кешен жобалары, сондай-ақ энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздері, білім беру, медицина, телекоммуникациялар сияқты салалық өзара іс-қимыл бағыттарын ескере отырып жүргізілетін болады.
Іскерлік қоғамдастықтардан келіп түсетін ұсыныстарды Келісімді қолдануға және ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда қатынастарын одан әрі дамытуға байланысты мәселелерді талқылау үшін құрылатын орган – Бірлескен комитет пысықтайтын және қарайтын болады.
Қосымша тараптар бизнес-форумдар, көрмелер, бизнес-миссиялар және т. б. өткізуді қамтитын саудаға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдардың бірлескен іс-шаралар жоспарын дайындайды.
2024 жылғы 1 наурыздағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
1 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында 25 мәселені қарады.
ЕЭК Кеңесі бәсекелестік саласындағы ЕАЭО құқығына өзгерістер пакетін қабылдады. Өтініштерді қарау, тергеп-тексеру жүргізу, істерді қарау тәртіптері және Айыппұлдар мен бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесі сияқты. трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау рәсімін регламенттейтін актілерге өзгерістер енгізілді. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы арыздар енді Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елінің кез келген мемлекеттік тілінде орыс тіліне міндетті түрде аударыла отырып берілуі мүмкін. Мұндай аударманы куәландыру рәсімі оңайлатылды.
Оптикалық талшықты өндіруге арналған компоненттерді бажсыз әкелу 2026 жылғы ақпанның аяғына дейін ұзартылды. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі оптикалық талшықты дайындау үшін қорғаныс жабыны ретінде қолданылатын полиуретанды және эпоксидті жабындарға қатысты кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкаларының қолданылуын ұзарту туралы шешім қабылдады.
ЕАЭО Армения мен Беларуське иірілген кендір жіп әкелуге тарифтік жеңілдік береді. ЕЭК Кеңесі Армения Республикасына 3 тоннадан аспайтын көлемде және Беларусь Республикасына 6 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін кендір талшықтарынан немесе басқа да тоқыма тін талшықтарынан жасалған иірілген жіпке (ЕАЭО СЭҚ ТН 5307 10 000 0 және 5307 20 000 0 кодтары) қатысты кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Көрсетілген тарифтік жеңілдік уәкілетті орган берген растау болған кезде берілетін болады, оның қолданылу мерзімі 2026 жылғы 28 ақпанмен шектеледі.ЕЭК Кеңесі бәсекелестік саласындағы ЕАЭО құқығына өзгерістер пакетін қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 1 наурыздағы отырысында Өтініштерді қарау, тергеп-тексеру жүргізу, істерді қарау тәртіптері және Айыппұлдар мен бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесі сияқты . трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау рәсімін регламенттейтін актілерге өзгерістер енгізілді.
Тергеп-тексеруді тоқтатудың қосымша негізі — Комиссия Алқасының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы іс жөнінде сол тұлғаларға қатысты, сол негіздеме мен нысана бойынша заңды күшіне енген шешімінің болуы енгізілді.
Бұдан басқа, ұзаққа созылған бұзушылықты анықтау күні не болып табылады деген дауға нүкте қойылды. Мұндай күн болып тергеп-тексеру жүргізу туралы айқындама шығарылған күн айқындалды. Бұл жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін есептеу үшін қажет.
Түзетулер жосықсыз бәсекелестік белгілерін қарау кезінде нарықты талдау бөлігінде Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне де қатысты болады. Енді тергеп-тексеру шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын айқындау өтініш берушіні, бұзушыны және олардың бәсекелестік қатынастарын анықтаумен шектелуі мүмкін.ЕАЭО елдерінің көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобаларына жаңа жобалар қосылды
2 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары ЕАЭО-ға қатысушы елдер бастамашылық еткен көлік саласындағы басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың тізбесін кеңейтуді мақұлдады.
Еуразиялық көлік дәліздері мен перспективалы логистикалық маршруттарды дамытуға бағытталған автомобиль және теміржол қатынастары жолдарын жаңғырту мен салудың ауқымды жобалары болып табылатын басым интеграциялық инфрақұрылымдық жобалардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін ерекше маңызы бар. Жобалар елдеріміздің көлік байланысын арттыруды, транзиттік және экспорттық-импорттық тасымалдарды ілгерілетуді қамтамасыз етуге арналған.
Атап айтқанда, Қазақстан «Ресей – Орталық Азия елдері» дәлізінің қолданыстағы теміржол инфрақұрылымын жаңғырта отырып және жаңа теміржол жолдарын сала отырып «Солтүстік – Оңтүстік» шығыс халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталған жобаларды ұсынды.
Қырғыз Республикасы екі жобаны енгізуді ұсынды, атап айтқанда: Бішкек қаласының айналма автожолын қайта жаңарту және республиканың солтүстігі мен оңтүстігінің теміржол инфрақұрылымын жалғайтын Балықшыдан Жалал-Абадқа дейінгі теміржол құрылысын салу. Жобаларды іске асыру елдің бірыңғай ішкі теміржол желісін құруға және Қырғызстан арқылы транзиттік маршруттардың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
«Жобалар транзитті неғұрлым ыңғайлы етуге, жүктерді ЕАЭО елдерінің аумағы арқылы өткізу кезінде жүк иелерінің шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Олар үшін Бұл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс нарықтары арасындағы байланыстырушы тізбек болу ықтималдығы», – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
Қалыптасқан геосаяси жағдайларда, әлемдік логистикалық тізбектер жаһандық өзгеріске ұшырап, дәстүрлі халықаралық көлік дәліздері қайта форматталған жағдайда, «бестік» елдері көлік инфрақұрылымын белсенді дамытуда.
2022 жылғы тамызда «бестік» елдерінің үкімет басшылары ЕАЭО-ның барлық қатысушы елдерінің жеті жобасын қамтитын басым интеграциялық көлік жобаларының тізбесін келісімге алған болатын, олардың алтауы халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға немесе қайта жаңартуға қатысты, біреуі теміржол құрылысы екенін естеріңізге сала кеткен жөн.
Анықтама:
Қазақстан атынан енгізілген «Солтүстік – Оңтүстік» ККМ-ге жататын екі жаңа жоба: «Орск – Қандыағаш – Мақат – Бейнеу – Болашақ», «Илецк – 1 – Ақтөбе», «Челябинск – Тобыл – Никельтау» және «Ақсарай – Мақат», «Шалқар – Бейнеу – Маңғыстау» учаскелеріндегі қолданыстағы теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Сонымен қатар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің және «Ресей – Орталық Азия елдері» дәлізіне жататын «Қазалы-Арыс» учаскесіндегі екінші теміржол жолдарының құрылысы.
Қырғыз Республикасының жаңа жобалары – «Балыкчы – Кочкор – Кара-Кече – Макмал – Джалал-Абад» темір жолының құрылысы және «Бішкек қаласының солтүстік айналма жолын қайта жаңарту» автомобиль жолының жобасы.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Еуразиялық агроэкспресс» жоғары маржалы азық-түліктің экспорттық жеткізілімін 6%-ға ұлғайтты
Бұл туралы 2 ақпанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық үкіметаралық кеңеске ұсынылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түлікті жеделдетілген темір жол және мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жобасын іске асыру барысы туралы баяндамада айтылған.
«Экспорттың ең үлкен өсімін дәнді-бұршақты дақылдар (4 еседен астам), сондай-ақ май өнімдері (шамамен 20%- ға) көрсетті», – деді Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев.
Қазіргі уақытта жоба бойынша тасымалдаудың негізгі бағыты Қытай болып табылады. Сондай-ақ, өткен жылы «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс тармағы бойынша Үндістан мен Иранға контейнер пойыздарымен жеткізілді. Өзбекстан Республикасына пилоттық жеткізу пысықталды, сондай-ақ БАӘ бағытында жөнелтулер пысықталуда.
«Одақ елдерінің аумағында өндірілетін сапалы азық-түліктің перспективалы нарығына қол жеткізуге қатысты шектеулерді алып тастау бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз. Біз мұндай жұмысты жүйелі негізде жүргізіп жатырмыз және осындай нәтижелердің бірі ҚХР-ға өнімдерді тікелей теміржол арқылы жеткізуді қалпына келтіру болды, мұны қытайлықтар ковидке қарсы шаралармен шектеген болтын. Осы кезеңде Достық – Алашанькоу арқылы ет, құс еті, сүт және кондитерлік өнімдерді тасымалдауды қайта іске қосуға мүмкіндік туды. Кем дегенде тағы үш шекаралық өткелдің жақын арада ашылуы елдерімізге жеткізілімдерді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті Андрей Слепнев.
Баяндаманы қарау қорытындысы бойынша ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары жобаны іске асыруды жалғастыруға қолдау білдірді, сондай-ақ экспортталатын өнім бағыттарын кеңейту мен көлемін ұлғайтудың басымдығын растады.
Анықтама
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті, сондай-ақ Азия және Еуропа бағыттарында экспорттық жеткізілімдерді тұрақты өзара жеткізуді дамыту мақсатында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің «Еуразиялық агроэкспресс» жеделдетілген темір жол және мультимодальды тасымалдауды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жобасын іске асыру туралы бастамасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 3 өкімімен мақұлданды.
«Еуразиялық агроэкспресс» тасымалдарының жалпы көлемі 2023 жылы 450 мың тоннадан асты. Бұл ретте жүк базасының негізгі номенклатурасы май, жеміс-көкөніс және консерві, дәнді бұршақ өнімдері, сондай-ақ тауық еті мен сиыр еті болды.
ЕЭК алқасын Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқаратын болды
1 ақпаннан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы қызметіне Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев кірісті. Мұндай шешімді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2023 жылғы 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылдаған болатын.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың мемлекеттік және халықаралық қызметте мол тәжірибесі бар. Ол 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (министр) болып жұмыс істеді. Бұған дейін Қазақстанда бірқатар жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқарған, оның ішінде 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болған. Құрмет (2008 жыл), Парасат (2013 жыл), III дәрежелі Барыс (2021 жыл) ордендерімен марапатталған.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕЭК Алқасының төрағасын Жоғары Кеңес ротациялық негізде төрт жыл мерзімге тағайындайды. Ротация ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің атауы бойынша орыс әліпбиінің тәртібімен кезекпен жүзеге асырылады.
ЕЭК Алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті
1 ақпаннан бастап 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бекіткен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа құрамы жұмысқа кірісті.
Бүгіннен бастап ЕЭК Алқасының төрағасы Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев екенін естеріңізге саламыз.
ЕЭК Алқасының мүшелері (министрлері):
- ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;
- ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян;
- ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович;
- ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;
- ЕЭК Экономика және қаржылық саясат министрі Бахыт Султанов;
- ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Алишеров;
- ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев;
- ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;
- ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тауарлардың пұрсатсыз шығарылуын растау рәсімін жеңілдетті
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шыққан жерін анықтаудың преференциялы емес қағидаларын түзету туралы шешім қабылдады.
Кешенді түзетулер жиынтығында тауарларды шығарған елді құжаттамалық растау тәртібін жетілдіру, тиісті сертификаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды оңайлату, үшінші елдермен әкімшілік ынтымақтастық туралы ережелерді нақтылау, сондай-ақ қалыптасқан құқық қолдану практикасын ескере отырып дайындалған бірқатар басқа енгізілетін өзгертулер қарастырылған.
Атап айтқанда, егер тауарлар партиясының жалпы кедендік құны 1 500 еуроға баламалы сомадан аспайтын болса, ЕАЭО-да қолданылып жүрген ішкі нарықты қорғау шараларына жатуы мүмкін тауарлардың шыққан жерін тауардың шыққан жері туралы декларациямен (сертификаттың орнына) растау мүмкіндігі тұрақты негізде бекітіледі. Бұған дейін, 2022 жылғы сәуірден бастап мұндай мүмкіндік ЕАЭО-да мүше мемлекеттер экономикасының тұрақтылығын арттыру жөніндегі шаралардың бірі ретінде белгіленді және уақытша сипатта болды.
«Қабылданған шешім импорттаушыларға пұрсатсыз шығарылуына байланысты сыртқы сауда құжаттарымен жұмыс істеудің әдеттегі тәртібін сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол Одақта қолданылатын ережелерді сауданың қазіргі жағдайларына бейімдеуге және ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін өнімнің шығарған елін растай отырып, қазіргі қиындықтарды барынша азайтуға бағытталған», – деп түсіндірді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шыққан жерін айқындау қағидалары (тауарлардың шыққан жерін айқындаудың преференциялы емес қағидалары) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен бекітілген және мүше мемлекеттерде 2019 жылғы 12 қаңтардан бастап тарифтік емес реттеу және ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану мақсатында, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 37-бабының 2-тармағында көзделген өзге де жағдайларда пайдаланылады.
Ойыншықтарға арналған техникалық регламентке енгізілген өзгертулер қабылданды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке енгізілген өзгертулерді бекітті. Комиссия енгізілетін өзгертулерді Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерімен бірлесіп дайындады.
Құжат техникалық регламентте Комиссия Кеңесінің № 44 шешімімен бекітілген үлгілік схемалар негізінде ойыншықтарды сертификаттау схемалары мен рәсімдерін белгілеуді көздейді.
Көрсетілген техрегламентті қолдану практикасы ескерілді, техрегламент нормалары Одақ туралы шартқа сәйкес келтірілді. Сертификаттаудың егжей-тегжейлі баяндалған рәсімдерінен басқа, енгізілген өзгертулер ойыншықтарды сәйкестендіру әдістерін және оны жүргізу тәсілдерін, ойыншықтардың құрылымына немесе оларды өндіру технологиясына өзгерістер енгізу кезінде өтінім беруші мен сертификаттау жөніндегі органның іс-қимыл тәртібін белгілейді. Сонымен қатар сертификаттау жөніндегі құжаттар жиынтығын электрондық түрде сақтау және шетелдік құжаттарды міндетті түрде аудару, сондай-ақ бір жыл ішінде осындай өнімнің кейінгі партиялары үшін сынақ нәтижелерін пайдалану көзделген, бұл ЕАЭО-да кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарта түспек.
Өзгертулерді іске асыру үлгілік схемалар негізінде белгіленген сәйкестікті бағалаудың бірыңғай рәсімдерін қолдануға және ЕАЭО-ның әрбір елінде жүргізілетін бағалау нәтижелерінің салыстырмалылығына кепілдік береді.Сергей Лавров Михаил Мясниковичті «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапаттады
Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичке Ресей СІМ-нің «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті.
Сергей Лавровтың бұйрығында: «Михаил Мясникович «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына және оған мүше мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін» марапатталды», — делінген.
«Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – «қарлығаштың құйрығы» (мальта крестінің шуағы) секілді ақ түсті шуақтары бар, классикалық жеті сәулелі орден жұлдызшасы ретінде жасалған. Ішіндегі әрбір сәуленің ортасында негізі бар көгілдір эмаль үшбұрышы және сәуленің жоғарғы бөлігінің доғал төменгі бұрышына тірелген шыңы бар. Белгінің ортасында тегеурініне пальма бұтақтарын қысқан екі басты алтын бүркіт орналасқан. Қою қызыл шеңберде күміс түсті алқагүл орналасқан, төменгі жағында «Ресей СІМ» деген күміс түсті жазуы бар. Жоғарғы бөлігінде белгі стандартты бес бұрышты қалыпқа бекітілген.Медициналық бұйымдарға клиникалық және клиникалық-зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу қағидалары жаңартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 26 қаңтарда өткен отырыста халықаралық практикада қолдану тәжірибесі мен өзгерістерді ескере отырып, медициналық бұйымдарға клиникалық және клиникалық-зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу қағидаларының жаңа редакциясын қабылдады.
Қағидалардың жаңартылған редакциясында сынақ нәтижелерін қабылдау мақсаттары үшін медициналық бұйымдардың баламалылығын тану шарттары, сынақтар жүргізу үшін рұқсат алу тәртібі, сынақтар жүргізуге қойылатын талаптар, медициналық бұйымдарды тіркеу мақсатында оларға зерттеулер жүргізуге құқығы бар уәкілетті ұйымдардың бірыңғай тізілімінен медициналық ұйымдарды (клиникалық орталықтарды) алып тастау негіздемелері, сынақ есептерінің үлгілері нақтыланды. Медициналық өнім болып табылатын бағдарламалық жасақтама үшін клиникалық деректерді алу шарттары, сондай-ақ осындай өнімнің техникалық файлына қойылатын талаптар анықталды.
Өзгертулер ресми жарияланған күннен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. Бұл ретте Қағидалардың жаңа редакциясын қолдануға біркелкі көшуді қамтамасыз ететін механизм белгіленді. Процестің үздіксіздігін сақтау мақсатында медициналық ұйыммен шарт жасасу сәтінде қолданыста болған редакцияға сәйкес клиникалық және клиникалық-зертханалық сынақтар жүргізу мүмкіндігі көзделген. Медициналық ұйыммен шарт жасасу сәтінде қолданыста болған үлгілер бойынша берілген сынақтар туралы есептер Одақ құқығы бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу үшін қабылданады.ЕЭК Кеңесі халықты қызанақтың жеткілікті түрімен қамтамасыз ету үшін уақытша тарифтік жеңілдік берді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі пішіні қырлы, ұзынша және шие тәрізді қызанақтарды қоспағанда, орташа жемісті және ірі жемісті қызанақтарға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0702 00 000 1, 0702 00 000 2, 0702 00 000 3 және 0702 00 000 4). Жеңілдік 2024 жылдың мамыр айының соңына дейін Ресей Федерациясына 100 мың тоннадан аспайтын жеткізілім көлемі үшін берілетін болады. Жеңілдік аясында 6 мың тоннаға дейін қызанақты (коды 0702 00 000 1) Беларусь Республикасына да әкелуге болады.
«Қазіргі уақытта біздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімізді қызанақтың бір түрінен екінші түрлеріне ішінара қайта бағдарлау үрдісі байқалады. Сонымен қатар, тұтынушылық сұраныс та артып келеді. Жылыжай қызанақтарын өндіруді күрт ұлғайту мүмкіндігінің болмауына байланысты импорттық жеткізілімдер қысқа мерзімде нарықты теңестіруге көмектеседі», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Оның айтуынша, бұл, атап айтқанда, Түркия, Қытай, Египет және Иран туралы болуы мүмкін, олардың өнімдерін отандық өнімдердің бағасымен салыстыруға болады.
ЕЭК Кеңесі мемлекеттік сатып алуға қолжетімділік СТ-1 сертификаты негізінде жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін ұлғайтуға келісті
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен соқалы және роторлы қар тазалағыштар, сондай-ақ орман шаруашылығына арналған машиналар СТ-1 сертификатының негізінде Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енгізілетіні мақұлданған.
«ЕАЭО-ның бірқатар елдерінде шетелдік тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатыстыруға тыйым салулар мен шектеулер бар. ЕАЭО-да өндірілген тауарларға мұндай талаптар қолданылмайды. Өндіруші өзінің өнімі «бестік» елдерінің бірінде өндірілгенін растау үшін Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлардың тізілімінен үзінді көшірме ұсыну жеткілікті. ЕЭК Кеңесінің бүгінгі қабылдаған шешімі өндірушілердің мемлекеттік сатып алуларға қатысуын жеңілдетеді, өйткені жаңа позициялар СТ-1 сертификаты негізінде тізілімге енгізіледі. Бүгінгі таңда тізілімде ЕАЭО елдерінен 143 өндірушінің 19 962 тауары бар», – деп түсіндірді Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов.
2024 жылы Арменияның Одақ органдарында төрағалық етуіне байланысты ЖЕЭК Төрағасы, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жасады
Армения Республикасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО органдарында төрағалық қызметін атқарады, онда әрбір мемлекет экономикалық ынтымақтастықтың ортақ кеңістігін құруда шешуші рөл атқаратын болады.
Армения Республикасының ЕАЭО органдарында төрағалық етуі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуына он жыл толу мерейтойымен тұспа-тұс келеді екен. Осы он жыл ішіндегі ЕАЭО-ның атқарған жұмыс қорытындысы бойынша өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Сонымен қатар, стратегиялық маңызы бар бірқатар мәселелер де жоқ емес, оларды шешіп алмай бірыңғай тиімді экономикалық кеңістікті қалыптастыруды аяқтау мүмкін емес.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер күш-жігерді ұштастыру арқылы ғана қазіргі жағдайды саяси немесе геосаяси өзгерістерге байланыстырмай, болашақ ұрпақ үшін экономикалық ынтымақтастықтың одан да орнықты үлгісін жасай алады.
Әлемдік экономиканың қазіргі тұрақсыздығы экономикалық өзара іс-қимылдың қағидаттары мен құралдарын қайта қарауды талап етеді. Бұл жағдайда біз ЕАЭО-ның біздің елдеріміздің азаматтары мен бизнесінің мүддесін қорғай алатындай толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барынша күш салуымыз керек.
ЕАЭО аясында қабылданған экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясының маңыздылығын атап өткім келеді, онда ЕАЭО дамуының басым бағыттары тұжырымдалған.
Биыл біздің алдымызда маңызды міндет тұр, ол – Декларацияны іске асырудың нақты тетіктерін ашатын іс-шаралар жоспарын әзірлеу, ол негізінен ЕАЭО-ның орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективасына арналған стратегиялық дамуды айқындайды.
Армения Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ететін осы жылы ЕАЭО үшін бірқатар маңызды міндеттерді шешу қажет екеніне назар аударғым келеді.
Басым бағыттардың бірі – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жұмыс істеудің кемсітпейтін қағидаттары бар электр энергиясы мен энергия ресурстарының ортақ нарықтарын жедел қалыптастыру ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттер үшін экономикалық қызметтің тең жағдайларын қамтамасыз ету үшін негіздердің бірі болуға тиіс.
Жаһандық экономикалық сын-қатерлер жағдайында және елдеріміздің қазіргі агроөнеркәсіптік кешенінің айтарлықтай әлеуеті бойынша ЕАЭО-ның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге маңызды мән беремін.
Халықтың сапалы және қауіпсіз азық-түлік өнімдеріне тұрақты қол жеткізуін қамтамасыз ету ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орнықты экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ықтимал дағдарыстар жағдайында азық-түлікті басым жеткізу қағидатына негізделетін неғұрлым құрылымдалған және нысаналы күн тәртібін әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет деп санаймын.
Экономикалық өзара іс-қимылдың негізгі элементі көлік-логистикалық сала болып табылады. Көлік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру, кедендік рәсімдерді жетілдіру және тиімді логистикалық тізбектерді құру тауарлар мен қызметтер алмасуды жеделдетуге, жеткізу уақытын қысқартуға, шығындар мен шығындарды азайтуға, нарықтардың қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Осы кезеңде мүше мемлекеттер әзірге жеткіліксіз пайдаланатын сыртқы нарықтарға шығу үшін ЕАЭО-ның транзиттік әлеуеті мен географиялық жағдайының мүмкіндіктерін барынша жұмылдырған жөн. Халықаралық ұйымдармен және халықаралық даму институттарымен қарым-қатынастардың әлеуетін барынша пайдалана отырып, Еуразиялық көлік инфрақұрылымын дамыту және үшінші елдерге тауарларды экспорттау үшін қосымша күш салу қажет.
Осы тұрғыда Армения Республикасы ұсынатын «Әлем жолдарының түйісуі» перспективалық жобасын табысты іске асыру еуразиялық халықаралық көлік бағыттары бойынша транзиттік тасымалдарды қамтамасыз ету бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.
«Әлем жолдарының түйісуі» біздің аймақтың елдерін автомобиль және темір жолдармен, кабельдермен, газ құбырларымен және электр желілерімен байланыстыра алады.
Сенім деңгейін нығайту өте маңызды деп санаймын. Күтілген нәтижелерге қол жеткізу үшін құқық қолдану практикасын ескере отырып, кедендік реттеуді жетілдіру, ЕАЭО кедендік аумағы бойынша мүше мемлекеттер тасымалдайтын тауарларға қатысты кедендік және өзге де мемлекеттік бақылау түрлерін қолдануды барынша азайту, кедендік транзиттің бірыңғай жүйесін енгізу және дамыту қажет.
Өзара саудадағы қазіргі бар кедергілерді толығымен жою сөзсіз басымдық болып табылады. Біз сондай-ақ кедергі ретінде танылмайтын, бірақ ішкі нарыққа теріс әсер ететін проблемалық жағдайларға да назар аударуымыз керек.
Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың жекелеген ережелері мүше мемлекеттерге ЕАЭО ішкі нарығының қысқарып қалуына және бизнес өкілдері үшін болжау қиын жағдайларды қалыптастыруға әкеп соғатын біржақты шектеу шараларын енгізуге мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабы догмалық болып табылмайды және экономикалық қызметтің қазіргі нақты жағдайларына бейімделуді қажет етеді деп санаймын.
ЕАЭО елдерімен ортақ шекараның болмауы Армения Республикасы үшін белгілі бір қиындықтар мен экономикалық шығындарды тудырады. Бір жағынан, бұл Армения үшін сынақ, екінші жағынан, ЕАЭО үшін мүмкіндік. Егер біз заманауи технологиялардың көмегімен көліктік, транзиттік және әкімшілік жіксіздікті қамтамасыз ете алсақ, біз мүдделі үшінші елдермен қарым-қатынасты тереңдету үшін мүмкіндік аламыз, бұл ЕАЭО-ның болашақ дамуы мен нығаюы үшін негізгі қажеттілік болып табылады.
Қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін одан әрі экономикалық өзара іс-қимылдың императиві туралы айтатын болсақ, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналатын цифрландыруға бөлінген маңызды рөлді ескеру қажет.
ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін қайта қарау мәселесі өзекті бола түсуде. Стратегиялық құжаттарда платформалық шешімдерге көшу үшін қажетті қадамдар белгіленген. Бұл тұрғыда ұлттықтан жоғары реттеуші органның рөлін нақты анықтау маңызды. Ауқымды жоба үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның «құрастыру нүктесіне» айналуына ешқандай кедергі көріп тұрған жоқпын.
Армения Республикасы саудадағы ұлттық валюталардың үлесін ұлғайту мәселесіне де маңызды мән береді.
Экономикалық мүдделерді ілгерілету үшін ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық байланыстарының географиясын кеңейтуге ерекше мән беремін. Байқаушы мемлекеттерді бірлескен жобаларды іске асыруға тарту, мүдделі үшінші елдермен, өңірлік және халықаралық ұйымдармен өзара мүдделілік білдіретін салаларда өзара тиімді ынтымақтастық, біз алған міндеттемелерді сақтай отырып, өзара сауданың өсуіне ықпал етіп қана қоймай, біздің елдеріміздің инвестициялық тартымдылығын арттыратын болады.
Оның ішінде, Армения Республикасы өзінің географиялық жағдайына байланысты Иранмен толық форматты келісімді одан әрі іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше мән береді. Иранмен жасалған уақытша Келісім аясында атқарылған жұмыс тәжірибесі Иран нарығының тартымдылығын және ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің келешегін айқын көрсетті.
Египетпен, Біріккен Араб Әмірліктерімен және Индонезиямен жүргізілген келіссөздерде қол жеткізілген прогресс жақын арада соңғы кезеңге шығуға мүмкіндік және ЕАЭО-ның әлемдік экономикаға шоғырлануына жаңа серпін бермек.
Сондай-ақ, экономикалық күн тәртібі бойынша кешенді диалогты дамытуды және Үндістанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді, Қытай Халық Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы сияқты басым және перспективалы бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыруды құптаймын.
Бірлестікті тиімді дамытудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі құқық қолдану практикасы барысында анықталған олқылықтарды жою және туындайтын проблемаларды жедел шешудің жаңа тетіктерін әзірлеу арқылы оның институционалдық және ұйымдық-құқықтық негіздерін ұдайы жетілдіру үшін жүйелі және мақсатты жұмыс болып табылады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің салық төлеушілері Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің нақты нәтижелерін көріп, өзара іс-қимыл мен экономикалық ынтымақтастықтың артықшылықтарын сезінуі тиіс.
Аталған бастамаларды толыққанды іске асыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлесімді және тиімді жұмыс атқаруының маңызы зор.
Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде кәсіби кадрлық құрамды іріктеу және функционалдылықты ұдайы жетілдіру жолымен арттыру қажет деп санаймын.
ЕАЭО аясында тең құқылы ынтымақтастықты арттыру, сайып келгенде, бизнесті жүргізу және адами әлеуетті толыққанды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға қызмет етуге тиіс екеніне сенімдімін. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2024 жылы Армения Республикасының төрағалық етуімен байланысты көтерген бастамаларын іс жүзінде жүзеге асыруға ынтымақтаса отырып көмектесетініне сенімдімін.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы, Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян
ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тасымалдарды қадағалау механизмін енгізу жалғасуда
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қолдануға көшуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді.
Жоспар әртүрлі электрондық құжаттарды: экспортқа/импортқа берілетін лицензияларды, көлік (тасымалдау) құжаттарын, шот-фактураларды, ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттарды және басқаларды қолданудың халықаралық тәжірибесін зерделеу жөніндегі іс-шараларды қамтиды. Бұл ЕАЭО-да бірыңғай құрылымдар мен форматтар бойынша, оның ішінде Навигациялық пломбалар жөніндегі келісімді іске асыру аясында осындай құжаттарды әзірлеу және пайдалану үшін қажет.
Келісімде нақты тасымалдауды қадағалау кезеңінде навигациялық пломбаны қамтуы тиіс электрондық құжаттардың (мәліметтердің) тізбесі айқындалған. Осындай құжаттардағы мәліметтердің мазмұны, сондай-ақ олардың құрылымдары мен форматтары Кеңес Шешімдерінде және Комиссия Алқасында белгіленген.
Жоспар электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қолдануға біртіндеп көшуді қамтамасыз етеді және тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді толық іске асыруға мүмкіндік береді.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойылып, 2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енді.
Келісімді қолдану басталғанға дейін Комиссия деңгейінде де, ұлттық деңгейде де бірқатар іс-шараларды іске асыру қажет. Бұл бағыттағы жұмыс аяқталу сатысында тұр. Келісімде белгіленген мерзімдерге сүйене отырып, оны іс жүзінде жүзеге асыру 2024 жылдың басында басталуы керек.
ЕЭК Кеңесі жөргектерді жасау үшін қолданылатын суперабсорбенттерге нөлдік баж салығының мерзімін ұзартты
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жөргек жасауға арналған суперабсорбенттерге қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемесінің қолданылу мерзімін ұзартты.
«Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жөргектердің өзіндік құнының құрылымында елеулі үлесті құрайтын суперабсорбенттер өндірісі жоқ. Шараны ұзарту түпкілікті өнім өндірушілер үшін шикізат бағасын төмендетеді», – деп атап өтті ЕЭК кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Ол қабылданған шешім Еуразиялық экономикалық одақ нарығына бір рет қолданылатын балаларға арналған жөргектерді жеткізуді үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті. Сонымен бірге суперабсорбенттерді ішкі өндіру бойынша қуаттардың құрылысы жалғасады.
Анықтама
Жөргек өндіруге арналған суперабсорбенттерге қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 13 шешіміне сәйкес 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылу мерзімімен белгіленген болатын.
ЖЕЭК Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа құрамын бекітті
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жаңа құрамын бекітті, ол 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап жұмысқа кіріседі.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы болып Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев бекітілді. Ол өз жұмысына 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап кіріседі.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшелері ретінде:
- ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;
- ЕЭК Экономика және қаржылық саясат министрі Бахыт Султанов;
- ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;
- ЕЭК Сауда министрі Андрей Слепнев;
- ЕЭК Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;
- ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Алишеров;
- ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев;
- ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович;
- ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян бекітілді.
ЖЕЭК шешіміне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Армения Республикасы бір жыл ішінде ЕАЭО органдарында, яғни Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық ететін болады. ЕАЭО туралы шартқа сәйкес осы органдарда төрағалық ету лауазымында орыс әліпбиі тәртібімен жыл сайын жоспарлы ротация жүргізіледі. Өткен 2023 жылы Ресей Федерациясы мен оның өкілдері барлық құрылымдарға төрағалық етті.
ЕЭК Кеңесі Беларуссияға тамақ өнімдерін өндіру үшін ұлулардың жекелеген түрлерін әкелуге уақытша тарифтік жеңілдік берді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Беларусь Республикасында тамақ өнімдерін өндіруде пайдалануға арналған кальмардың, сегізаяқтардың, мидиялардың және крилл етінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0307 43 380 0, 0307 43 900 0, 0307 52 900 0, 1605 40 000 1 және 1605 53 900 0). Жеңілдік 2024-2026 жылдары жеткізілімдердің белгіленген көлемі үшін берілетін болады.
«Көрсетілген кедендік-тарифтік реттеу шарасы үшінші елдер тарапынан экономикалық қысымның әсерін азайтуға, сондай-ақ инфляциялық процестерді азайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ол Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қарастырылып отырған шикізат түрлерін өндіру болмаған, немесе қолда бар аналогтарды қолдану технологиялық себептер бойынша мүмкін болмайтынын нақтылады.
2023 жылғы 25 желтоқсанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы
25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында Ресей Федерациясының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы Владимир Путиннің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің қатысуымен ЖЕЭК отырысы өтті.
Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық бағыт» декларациясына қол қойды.
ЖЕЭК отырысында макроэкономикалық саясаттың 2024-2025 жылдарға арналған негізгі бағдарлары бекітілді.
ЖЕЭК мүшелері ЕАЭО-ның 2022-2023 жылдардағы ішкі нарығындағы кедергілерді жою және алып қою мен шектеулерді қысқарту бойынша жағдайды талқылады.
ЕАЭО-ның 2024 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілді.
ЖЕЭК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесіне Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығындағы инфрақұрылымның іс-қимылын бақылау бойынша өкілеттіктер берді.
Жақындастыруға жататын табиғи монополиялар саласындағы ЕАЭО елдерінің нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілді.
Одақ елдерінің басшылары ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
ЖЕЭК отырысының «алаңдарында» бір жағынан Одақ және оның мүше мемлекеттері және екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда жасау туралы келісімге қол қойылды.
ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары «Еуразиялық экономикалық бағыт» экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияға қол қойды
25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО аясында экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық бағыт» декларациясына қол қойды.
Бұған дейін Ресей Федерациясы 2023 жылы Одақ органдарында төрағалық ету аясында ЕАЭО дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау жөнінде жаңа құжаттарды дайындау туралы бастама көтерген болатын.
Декларацияда Одақтың 2045 жылға қарай ЕАЭО-ны «экономикалық-технологиялық және зияткерлік көшбасшылыққа ие және мүше мемлекеттер халқының әл-ауқатының жоғары деңгейін қолдайтын әлемнің барлық елдері үшін өзін-өзі қамтамасыз ететін, үйлесімді дамыған және тартымды макроөңірге» айналдыру жолындағы 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаға арналған міндеттері айқындалған.
Құжатта алты бағыт көзделген:
- ортақ нарықты негізгі тауарлармен және ресурстармен қамтамасыз ету және оның тиімді қызметі;
- технологиялық даму саласындағы кооперациялық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың ортақ кеңістігін қалыптастыру;
- жалпы көліктік-логистикалық кеңістікті қалыптастыру;
- жалпы қаржы нарығын қалыптастыру;
- интеграциялық әлеуеті бар салаларда экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
- ЕАЭО-ның халықаралық аренада экономикалық тартылыс полюсі ретінде жұмыс істеуі.
Белгіленген міндеттерді шешу үшін қолданыстағы тетіктерді де, жаңа тетіктерді де: кооперациялық әлеуетті дамыту мақсатында табиғи ресурстарды пайдалануды, цифрлық технологияларды дамытуды, жасанды интеллект жүйелерінің әлеуетін ашуды және оны қолдануды қамтамасыз етуді, агроөнеркәсіптік кешенде инновациялық тәсілдерді енгізуді және басқаларды көздейтін экономикалық өзара іс-қимыл салалары бойынша ЕАЭО-ны дамытудың түйінді бағыттары айқындалды.
«Аталған міндеттерді іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру, оның ішінде қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті күшейту, Комиссия жұмысының ашықтығын арттыру, Алқа мүшелеріне ауыс-түйіс жүргізу рәсімдерін жетілдіру және тәуелсіз конкурстық іріктеу жүргізу, тәуелсіз және бейтараптық қағидаттары негізінде олардың кәсіби қызметі және еңбек жағдайлары тең болу талабымен Комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына жұмысқа орналасуы үшін мүше мемлекеттердің азаматтарына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Комиссия қызметкерлерінің кадрлық құрамын қалыптастыру арқылы сүйемелденуі тиіс», – делінген құжатта.
Комиссияға Одақ мемлекеттерімен бірлесіп 2025 жылы Декларацияны іске асыру жөніндегі жол картасының жобасын әзірлеу және бекіту міндеті тапсырылды.
ЕАЭО-ның 2024 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттары бекітілді
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО-ның 2024 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын бекітті.
Құжатта атап өтілгендей, 2024 жылы Одақ үшін ТМД мемлекеттерімен және таяу шет елдердің басқа елдерімен өзара іс-қимылды, Одақ жанындағы бақылаушы мемлекеттермен, яғни Кубамен және Өзбекстанмен ынтымақтастықты дамыту сияқты бағыттар, Үлкен Еуразиялық Әріптестік идеясы контексінде экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымымен (ШЫҰ), Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығымен (АСЕАН), БРИКС елдерімен және басқа да мемлекеттермен және Орталық Азия мен Таяу Шығыстың интеграциялық бірлестіктерімен жүйелі диалогты дамыту басым болады.
Сонымен қатар мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу, жаһандық көлік қатынастары жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде еуразиялық көлік дәліздерін дамыту, сауда рәсімдерін оңайлатуды және ішкі кедергілерді жоюды қоса алғанда, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және басқалар басымды болмақ.
Одақтың негізгі күш-жігері қазірдің өзінде құрылған ынтымақтастық механизмдерін, соның ішінде жасалынған меморандумдар, декларациялар және сауда келісімдері аясында дамытуға бағытталатын болады. Құжаттың бірінші бөлімі осыған арналған. Халықаралық ұйымдар арасында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), оның ішінде оның өңірлік комиссиялары, Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ), Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және басқалары, өңірлік бірлестіктер арасында – ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, Оңтүстік Американың ортақ нарығы (МЕРКОСУР), Африка одағы және басқалары атап өтілді. Еуразиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы, Таяу Шығыстағы негізгі әріптес мемлекеттермен өзара іс-қимылға, сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім аясында Қытаймен, артықшылықты сауда келісімдеріне сәйкес Вьетнам, Сербия, Сингапур және Иранмен өзара іс-қимылға баса назар аударылады.
Құжаттың екінші бөлімінде халықаралық ынтымақтастықтың әлеуетті перспективалы бағыттары көрсетілген. Қорытынды бөлімде Одақтың халықаралық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қамтылған.
Анықтама
ЕАЭО-ның халықаралық қызметі ЕАЭО туралы шарттың 7-бабына және Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Тәртіптің 5-тармағына сәйкес Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттары жасалады.
ЕЭК халықаралық ұйымдармен 45-тен астам меморандум және үшінші елдердің үкіметтерімен, министрліктерімен және ведомстволарымен, сондай-ақ өңірлік интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктермен сауда келісімдерін қоса алғанда 50-ге жуық құжат жасады.
Энергетика саласындағы Басшылар кеңесі ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығын бақылай алады
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесіне ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығындағы инфрақұрылымның іс-қимылын бақылау жөніндегі өкілеттіктер беру туралы шешім қабылдады.
Қабылданған шешім Басшылар кеңесіне тіркеушінің және басқа да инфрақұрылымдық ұйымдардың Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығындағы іс-әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді.
Энергетика саласындағы Басшылар кеңесінің өкілеттіктерін кеңейту Еуразиялық «бестік» елдерінің ортақ электр энергетикасы нарығы бойынша іргелі құжаттарда да көрініс тапқан консенсусының нәтижесі болды.
«2023 жылды Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығын қалыптастырудың үдемелі процесінде нәтижелі болды деуге болады. Биылғы жылы электр энергиясының саудасын, мемлекетаралық электр беру желілерінің өткізу қабілетін анықтау мен бөлуді, сондай-ақ жалпы нарықта электр энергиясының транзитіне қол жеткізуді реттейтін ережелер қабылданды. Сонымен қатар биыл нарықтың технологиялық негізін құруға кіріскен инфрақұрылымдық ұйымдарын анықтау аяқталды», – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
Тіркеуші – бұл ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығында мәмілелер жасасу кезінде мемлекетаралық электр энергиясы ағындарының технологиялық шектеулерін есепке алуды қамтамасыз етуге арналған ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығының арнайы инфрақұрылымдық ұйымы.
Басшылар кеңесіне ЕАЭО елдерінің энергетика саласындағы бейінді ведомстволарының басшылары және оны басқаратын ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі кіреді.
ЕАЭО елдерінің басшылары жақындастыру үшін табиғи монополиялар саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін белгіледі
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында табиғи монополиялар саласындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің жақындастыруға жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілді. Мемлекет басшылары ЕАЭО елдеріне осы тізбеде көрсетілген ұлттық заңнамаларды толықтыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.
Тізбе ЕАЭО туралы шарттың № 20 қосымшасында белгіленген табиғи монополиялар салаларындағы қолжетімділікті реттеу қағидаттары мен қамтамасыз ету қағидалары негізінде Комиссия мен Одақ елдерінің уәкілетті органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде жасалды.
Тізбеде теміржол көлігі, отын-энергетика кешені, аэронавигация, сумен жабдықтау және су бұру бөлігіндегі табиғи монополиялар салаларына қатысты, сондай-ақ табиғи монополиялар қызметтерін жатқызу немесе алып тастау және табиғи монополиялар субъектілерінің тізілімін жүргізу жөніндегі нормаларды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қамтылған. Одаққа мүше мемлекеттердің 26 құқықтық актісінен тұратын тізбе тараптардан немесе Комиссиядан ұсыныстардың келіп түсуіне қарай толықтырылуы және өзектендірілуі мүмкін.
ЕАЭО елдері алдағы төрт жылда осы тізбе бойынша өз заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізеді деп күтілуде.
«Біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижелері тұтынушыларға ЕАЭО-ға мүше қандай да бір мемлекетке жататынына қарамастан, табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсетуі кезінде мемлекеттік реттеудің жалпы тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
ЕЭК министрінің айтуы бойынша жаңа құжат табиғи монополиялар қызметтерін тұтынушылар үшін тең жағдайларды, тауарларды өткізу еркіндігін қамтамасыз етуге, тұтынушылар және реттелетін субъект мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға, сондай-ақ табиғи монополиялар саласындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үйлестіру жөніндегі тиісті шаралардың жүзеге асырылу реттілігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының (жол картасының) 10-тармағында (2017 жылғы желтоқсанда ЕЭК Кеңесі бекіткен) мүше мемлекеттердің жақындастыруға жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін қабылдау көзделген.
ЕАЭО-да макроэкономикалық саясаттың 2024 – 2025 жылдарға арналған негізгі бағдарлары айқындалды
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары макроэкономикалық саясаттың 2024 – 2025 жылдарға арналған негізгі бағдарларын бекітті. Құжат болашақта ЕАЭО ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу траекториясына әлемдік экономиканың даму қарқынынан асатын қарқынмен шығу үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Құжатта атап өтілгендей, геосаяси шиеленістің өсуі және жекелеген мүше мемлекеттерге қатысты экономикалық қысымның күшеюі 2022 жылдың қорытындысы бойынша Одақ бойынша жалпы ЖІӨ-нің 1,6%-ға төмендеуіне әкеліп соқты. Сонымен қатар, 2023 жылы Одақ экономикасы өсу траекториясына көшті. 2023 жылғы қаңтар – қыркүйекте ЕАЭО ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайды және алдын ала бағалау бойынша 1 701,3 млрд АҚШ долларын құрады. Өнеркәсіптік (ағымдағы жылдың 10 айында 3,7%-ға өсім) және ауыл шаруашылығы өнімінің (сол кезеңде 0,5%-ға өсім) өндірісі сенімді өсуде, Одақтың ішкі нарығының маңыздылығы артып келеді.
ЕАЭО елдерінің нақты секторын нығайтуды ескере отырып, жаңа жағдайларда орта мерзімді перспективада ЕАЭО-ның экономикалық өсу қарқынын одан әрі арттыру күтілуде. Мүше мемлекеттердің экономикалық даму процестерін жедел жандандыру үшін макроэкономикалық саясатты экономикалық әлеуетті нығайту, инвестициялардың өсуі және тауарлар мен қызметтер өндірісін кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағыттау қажет.
Құжат ЕАЭО елдеріне мынадай шараларды іске асыруға күш салуды ұсынады:
- инвестициялар көлемін ұлғайту үшін қолайлы макроэкономикалық жағдайлар жасау (оның ішінде бағалардың тұрақтылығын қолдау, өзара саудада есеп айырысу үшін ұлттық валюталарды пайдалануды дамыту, валюталық тәуекелдерді барынша азайту);
- ЕАЭО-ның ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту (бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, жоғары технологиялық өндірістерді жергіліктендіру, цифрлық технологияларды дамыту және басқа да шаралар);
- нақты сектордағы өндірістік базаны нығайту және кооперацияны дамыту (өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары технологиялық секторларын дамыту, энергия үнемдеу саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту және басқа да шаралар);
- Одақтың ішкі нарығын дамыту және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту (кедергілерді жою, алып қоюлар мен шектеулерді қысқарту, көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыру, Одақ аясында электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және басқа да шаралар).
«2024 – 2025 жылдары макроэкономикалық ортаны жақсарту, өндірісті дамытуға инвестицияларды ұлғайту, ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетті арттыру, еуразиялық кооперациялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығының мүмкіндіктерін кеңейту және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі міндеттерді шешу келешекте әлемдік экономиканың даму қарқынынан асатын екпінмен Одақтың ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу траекториясына шығу үшін жағдай жасайды», – делінген құжатта.
ЕАЭО мемлекеттерінің үкіметтері мен ұлттық (орталық) банктеріне макроэкономикалық саясатты жүргізу кезінде негізгі бағдарларды ескеру ұсынылды.
ЕАЭО-да ішкі нарықтағы 25 кедергі жойылды
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары ЕАЭО-ның 2022-2023 жылдардағы ішкі нарығындағы кедергілерді жою және алып қою мен шектеулерді қысқарту жөніндегі жағдайды талқылады.
Мәселен, 2022 жылдан бастап ЕАЭО ішкі нарығында 15 тосқауыл, тосқауыл белгілері бар 10 кедергі, 3 шектеу және 2 алып қою жойылды.
Медиативтік процедураларды қолдануда оң тәжірибенің болу нәтижесінде 2022 жылы кедергілерді жоюдың орташа мерзімі айтарлықтай қысқарды және 8,2 айды, ал тосқауыл белгілері бар кедергілер 4,7 айды құрады, алайда 2021 жылы мерзімдер сәйкесінше 48 және 11 айды құраған еді.
Жұмысты күшейтуге ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді саралау әдіснамасының жаңартылған редакциясына енгізілген және кедергілер мен шектеулерді жойылды деп тану тәсілдері ықпал етті. Жаңартпалар, атап айтқанда, кедергілерді қараудың оңтайландырылған мерзімдері мен жетілдірілген тетігін, оларды жойылды деп танудың пысықталған тәртібін, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығында кедергі белгілерінің болуына байланысты жағдайларды реттеу жөніндегі медиация рәсімін көздейді.
Шектеулер тізілімінде 34 шектеу бар. Комиссияның алдын ала есептеулері бойынша 18 шектеуді (жалпы санның 53%) 2025 жылға дейін жою жоспарлануда.
Бұдан басқа, алып қоюды жүйелеу бойынша жұмыстар белсендірілді. 2028 жылға дейін Алып қоюды жою жөніндегі комиссияның жұмысы СФС-шаралар, техникалық реттеу, қаржы нарығы, қызметтердің бірыңғай нарығын қалыптастыру, еңбек көші-қоны, кедендік-тарифтік реттеу, агроөнеркәсіптік саясат салаларына бағытталатын болады.
Комиссия жүргізілген талдау негізінде мүше мемлекеттердің жекелеген рейтингтерін қалыптастыру әдістемесін дайындады.
Одақ елдерінде анықталған және жойылған тосқауылдар мен тосқауыл белгілері бар кедергілер (ТБК) туралы деректердің көмегімен ЕАЭО аясында төрт еркіндікті іске асыруда мүше мемлекеттердің тиімділік дәрежесін көрсететін жекелеген рейтингтер алынды.
Мүше мемлекеттердің анықталған тосқауылдар мен ТБК саны бойынша рейтингі (2016 – 2023 жылдар кезеңінде)
Анықтама
ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді саралау және кедергілер мен шектеулерді жойылды деп тану әдістемесін ЕЭК Алқасы 2023 жылғы 28 наурызда бекітті.
Кедергілер деп Одақтың ішкі нарығының қызметі аясында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы және олардың мүше мемлекеттердің қолданыстағы немесе қабылданған, бірақ күшіне енбеген заңнама нормаларының немесе мүше мемлекеттерде қалыптасқан құқық қолдану практикасының Одақ құқығына сәйкес келмеуі салдарынан туындаған мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуі бойынша кедергілер түсініледі.
Шектеулер деп Одақтың ішкі нарығының қызметі аясында тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалысы және олардың Одақ құқығында дамуы көзделген экономикалық қатынастарды құқықтық реттеудің болмауы салдарынан туындаған мүше мемлекеттердің нарықтарына қол жеткізуі бойынша кедергілер түсініледі.
Алып қоюлар деп Одақтың ішкі нарығының қызметінің жалпы қағидаларын мүше мемлекеттің қолданбауы бөлігінде Одақ құқығында көзделген алып тастау (шегіну) түсініледі.
ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергі туралы мәлімдеуге және осы саладағы ЕЭК жұмысы туралы толық ақпаратты Ішкі нарықтың қызметі порталынан білуге болады.
ЕЭК ішкі нарығының қызметі департаментінің кедергілер және оларды жою жөніндегі жұмыс туралы бейнеколлекциясы.
Сыртқы сауданы реттеу бөлігінде ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер енгізілді
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
Құжат электрондық сауда тауарларын кедендік шекара арқылы өткізу мәселелерін кешенді реттеуге бағытталған. Ол сыртқы электрондық сауда шеңберінде сатып алынған тауарларды оны реттеу ерекшеліктерін айқындай отырып, тауарлардың жекелеген санатына бөлуді, электрондық сауда операторы институтын енгізуді, кедендік декларациялау кезінде декларацияның жаңа түрін (электрондық сауда тауарларына арналған декларация) пайдалануды, кедендік («бондтық») қоймаларды пайдалана отырып, жеке тұлғаларға сыртқы электрондық сауда тауарларын өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктерін көздейді.
Өзгерістер кешенді түрде интернет-алаңдарда жеке тұлғалар сатып алатын тауарлармен жүргізілетін операциялардың логистикасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау және сақтау процестерін қамтамасыз ете отырып, интернет-алаңдармен және кеден органдарымен өзара іс-әрекет етуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа реттеу қызметтің кәсібиленуін және соңғы тұтынушыға ыңғайлылықты қамтамасыз етуге көмектеседі. Сүйемелдеу жөніндегі барлық функцияларды, соның ішінде кеден органдары алдындағы жауапкершілікті жеткізу тізбегінің жаңа қатысушысы – электрондық сауда операторы өз мойнына алады. Хаттамада оператор, кеден және сатып алушы арасындағы ынтымақтастық шеңбері анықталған. Бұл ретте азаматтар үшін тауарларды дербес немесе уәкілетті оператор арқылы ресімдеу мүмкіндігі жабылмайды.
Хаттаманы дайындау еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көзделген.
ЕАЭО мен Иран еркін сауданың толық форматты аймағын құрады
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының «алаңдарында» бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және екінші жағынан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда жасау туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа: Армения Республикасының Вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Аббас Али-Абади қол қойды.
«Қазір қол қойылған ЕАЭО мен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда жасау туралы келісім елдеріміз арасындағы сауданы сапалы жаңа деңгейге көтереді. Мәміле маңызды болып табылады, кедендік әкелу баждары біздің өзара саудамыздың 95%-дан астамын құрайтын тауар номенклатурасының 90%-на қатысты жойылады», – деп атап өтті Михаил Мясникович.
2019 жылы күшіне енген, бір жағынан ЕАЭО мен оның мүше мемлекеттері және екінші жағынан Иран арасындағы еркін сауда аймағының құрылуына алып келетін Уақытша келісім өзара тауар айналымын екі есеге (2019 жылғы 2,4 млрд-тан 2022 жылғы 6,2 млрд-қа дейін) арттыруға мүмкіндік берді, бұл ретте келісімнің тауарлармен қамтылуы ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдердің минималды жиынтығымен шектелген еді.
Уақытша келісімде ЕАЭО мен Иран өздері құрған преференциялық сауда режимі еркін сауданың толық форматты режиміне көшу бойынша бірінші кезеңі болады деген уағдаластықты бекітті.
«Еркін сауда жасау туралы келісім бойынша келіссөздер жүргізу кезінде біз іс жүзінде өзінің тиімділігін көрсеткен 2019 жылдан бастап қолданылып жүрген уақытша келісімді негізге алдық. Сонымен бірге біз екі тәсілден бастадық. Біріншісі – біздің сауда режиміміздің реттеуші бөлігін жақсарту, екіншісі – тауарлардың барынша кең номенклатурасы бойынша бажсыз режимде елдеріміз арасындағы сауданы қамтамасыз ету. Бұл екі тәсілді ЕАЭО да, Иран да толығымен қолдады. Нәтижесінде оның барлық қатысушыларына ұтымды болатын мәміле жасалды», – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев.
Оның айтуынша, қол қойылған Еркін сауда жасау туралы келісімге сәйкес «ЕАЭО елдерінің аграрлық қызметкерлері Иран нарығына дәнді дақылдар, жүгері, өсімдік майлары, ірі қара және қой еті, ет және құс өнімдері, консервілер, кондитерлік өнімдер және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең жиынтығы сияқты маңызды тауарларды жеткізу үшін айрықша жағдайларға ие болады. Өнеркәсіптік тауарларға келетін болсақ, бажсыз сауда режимі металлургия, химия және ағаш өңдеу өнеркәсібі, ұшақ және кеме жасау, машина жасау, теміржол техникасы мен жабдықтары және өнеркәсіп секторының өзге де өнімдерінің кең номенклатурасына белгіленетін болады».
Тарифтік емес бөлікте, яғни техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар, кедендік әкімшілендіру, тауарлардың шығатын елін тексерудің электрондық жүйесі, сауданы қорғау шаралары, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қажетті транспаренттілік деңгейін қамтамасыз ету салаларында қосымша келісулерге де қол жеткізілді.
Бұдан басқа, келісім аясында салалардың кең ауқымы бойынша ынтымақтастық дамитын болады. Бұл тау-кен өндірісі, энергия тиімділігі және «экономикалық өсу», зерттеулер мен инновациялар, білім беру, медицина, телекоммуникация. ЕАЭО елдері мен Иран үкіметтерінің «Солтүстік-Оңтүстік» экономикалық белдеуін дамытуға беретін маңыздылығын ескере отырып, көлік-логистикалық шешімдерге және транзиттік тасымалдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қол қойылғаннан кейін еркін сауда жасау туралы келісім Иран мен ЕАЭО елдерінде оның күшіне енуі үшін қажетті ратификациялау рәсімдерін жүргізу үшін ұсынылатын болады.
«ЕАЭО мен Иран арасындағы қатынастарды дамытуға келісімнің барлық қатысушылары тарапынан басымдық берілетінін ескере отырып, бұл рәсімдер кешіктірілмеуі тиіс және келісім жақын арада іске қосылады деп сенеміз», – деп түйіндеді Михаил Мясникович.
2023 жылғы 12 желтоқсандағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары
12 желтоқсанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында 36 мәселені қарады.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдемдесу механизміне қатысатын қаржы ұйымдарының тізбесін бекітті.
«Еуразиялық электробус» мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлеу мақұлданды.
Комиссия Кеңесі ет өнімдерін өндіруде пайдалануға арналған үй тауықтарының мұздатылған етіне қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік беру туралы шешім қабылдады.
Кеңесі қабылдаған шешімге сәйкес ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдің интегралдық индексін ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді басқару жүйесін қолдана алады.
ЕАЭО-ның «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің күшіне ену мерзімі ауыстырылды.
ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының айналысын реттеу қағидаларын бекітті.
ЕЭК Алқасының 2020 – 2022 жылдардағы нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерін қолдану туралы баяндамасы мақұлданды.
Вице-премьерлер экономиканың тұрақтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында қолдау көрсетілетін жүйе құраушы және қала құраушы кәсіпорындардың тауарларды әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша пайызсыз кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздің қолданылуын ұзартты.
Май-тоңмай техрегламентіне өзгерістер енгізілді, соның ішінде тамақ өнімдеріндегі глицидил эфирлерін нормалауда алғашқы қадам жасалды.
Май-тоңмай техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді, соның ішінде тамақ өніміндегі глицидил эфирлерін нормалауда алғашқы қадам жасалды.
12 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Кеден одағының "Май-тоңмай өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентіне өзгерістер қабылданды. Өзгерістерді Ресей тарапы - Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген.
Көрсетілген техникалық регламенттің тағамдық май-тоңмай өнімдерін айқындау, таңбалауға қойылатын талаптар, оны өндіру мен тасымалдау процестері бөлігіндегі жекелеген ережелері нақтыланды, сондай-ақ техникалық регламент нормаларын беймәнді түсіндіру жойылды.
Атап айтқанда, тағамдық май-тоңмай өнімдерінің тасу (тасымалдау) процесі мен жағдайларына, соның ішінде май-тоңмай өнімдерін құйып тасуға арналған көлік құралдарын пайдалануға қойылатын талаптар көзделген. Тағамдық май-тоңмай өнімдерін көліктің судағы түрлерімен құю арқылы тасу кезінде рұқсат етілген және тыйым салынған бұдан бұрынғы жүктердің тізбелері белгіленген.
Сондай-ақ, өсімдік майларын судағы көлікпен тасымалдағаннан кейін оларды міндетті түрде қайта өңдеуге қойылатын талаптар анықталды, бұл тағамдық май-тоңмай өнімдерінің барлық түрінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, тағамдық май-тоңмай өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында "глицидолға қайта есептегендегі май қышқылдарының глицидил эфирлері" контаминанты құрамының рұқсат етілген деңгейін нормалау енгізіледі. Бұл мәселенің әлеуметтік маңызы зор, өйткені соңғы жылдары өсімдік майлары мен өнімдерінде май қышқылдарының глицидил эфирлерінің болуы және олардың денсаулыққа кері әсері туралы мәліметтер жинақталған. Бұл заттар технологиялық контаминант болып табылады және жоғары температурада өңдеу кезінде барлық өсімдік майында түзілуі мүмкін. Бұл ретте глицидил эфирлерінің түзілуін болдырмауға немесе олардың өсімдік майларындағы құрамын төмендетуге мүмкіндік беретін технологиялық шешімдер әзірленіп, ендірілуде.
Глицидолды, глицидил эфирлерінің гидролизатын Қатерлі ісіктерді зерттеу жөніндегі халықаралық агенттік (IARC) ықтимал гендік-уытты канцероген ретінде сыныптаған (2А тобы). Оған сондай-ақ нейроуыттылық пен канцерогендік те тән, ал канцерогендердің қатерлі ісік тудыратыны белгілі.
Осы уақытқа дейін ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасында, сондай-ақ Одақтың техникалық регламенттерінде тамақ өніміндегі глицидил эфирлерінің құрамы бойынша міндетті талаптар белгіленген жоқ.
2019 жылы Бірыңғай санитариялық талаптар Еуропалық нормалау практикасымен үндестіру мақсатында май-тоңмай өнімдерінде және балалар тағамының жекелеген түрлерінде май қышқылдарының глицидил эфирлерінің құрамы жөніндегі нормалармен толықтырылды (Комиссия Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 132 шешімі). Бұл нормалар Одақтың тамақ өнімдері саласындағы техникалық регламенттеріне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.
ЕЭК Кеңесі қабылдаған өзгерістер тамақ өніміндегі глицидил эфирлерін нормалаудың алғашқы қадамы болып табылады.
Май-тоңмай өнімдеріне арналған техникалық регламентке өзгерістер ЕЭК Кеңесінің өзгерістер енгізу туралы шешімі ресми жарияланған күннен бастап бір жыл өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
Кеден одағының "Май-тоңмай өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламенті (КО ТР 024/2011) КОК-тың 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 883 шешімімен қабылданды және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
ЕАЭО-ның алкоголь өніміне арналған техникалық регламентінің күшіне ену мерзімі ауыстырылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей тарапының ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін күшіне енгізу күнін аталған регламентке бірқатар техникалық өзгерісті келісу және енгізу мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 шілдеге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Белгіленген мерзімді іске асыру үшін ЕЭК Кеңесінің осы шешімімен Ресей Федерациясының Үкіметіне ол күшіне енген күннен бастап төрт айдан кешіктірілмейтін мерзімде ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібінің 46-тармағына сәйкес техникалық регламентке өзгерістер жобасын мүше мемлекеттерде мемлекетішілік келісу қорытындылары бойынша әзірлеуді және келісуді қамтамасыз ету ұсынылды.
Осы кезеңде сыра қайнату және шарап жасау өнімдеріне қойылатын талаптарға байланысты мәселелерді реттеу қажет болады.
ЕЭК Кеңесі қабылдаған шешім техникалық регламенттің жекелеген ережелеріндегі дәлсіздіктер мен техникалық қателерді жоюға жол ашады, бұл алкоголь нарығына қатысушыларға тұтынушыны адастырудан аулақ болуға, сондай-ақ азаматтардың денсаулығы мен өміріне ықтимал зиян келтіру тәуекелдерін доғаруға мүмкіндік береді.
ЕАЭО-да өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу механизміне қатысатын қаржылық ұйымдардың тізбесі бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 12 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кездегі қаржылық жәрдемдесу механизміне қатысатын қаржылық ұйымдардың тізбесі бекітілді.
"Бүгін ұсынылып отырған қаржылық ұйымдар тізбесі біздің елдеріміздің позициясы негізінде қалыптастырылған. Ол Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімімен бекітілген Бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларға қаржылық жәрдем көрсету туралы ережені іске асыру үшін қажет. Аталған Ережемен ұлттық қаржы ұйымдарына қойылатын талаптар және мұндай ұйымдардың тізбесін Комиссия Кеңесі айқындайтыны белгіленген", – деп хабарлады ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Артак Камалян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Комиссия мен мүше мемлекеттердің Үкіметтері алдына көпжақты өнеркәсіптік жобаларға қаржылық жәрдемдесу механизмін іске қосу және іске асыру үшін қажетті актілерді әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз ету міндетін қойғанын еске салды.
Тізбеге 63 банк, 8 даму институты және 1 халықаралық ұйым (Еуразиялық даму банкі) кірістірілген.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ бюджетінен өнеркәсіптегі көпжақты интеграциялық жобаларға арналған кредиттер бойынша пайыздық ставкалардың бір бөлігін субсидиялау жөніндегі жаңа өкілеттіктерді осы жылғы 25 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мүше мемлекеттердің басшылары келіскен ЕАЭО туралы шартқа енгізілген өзгерістер нәтижесінде алды. ЕАЭО туралы шартқа ЕЭК-ке жаңа өкілеттіктер беру бөлігінде енгізілетін өзгерістер оларды Одақ мемлекеттері ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.
2023 жылғы 26 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету туралы ережені бекітті.
ЕАЭО-да бәсекелестікке қарсы келісімге қатысуы туралы өз еркімен мәлімдеген жағдайда жауапкершіліктен босату тәртібі қабылданды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 12 желтоқсандағы шешімімен бәсекелестікке қарсы келісімге қатысуы туралы өз еркімен мәлімдеген жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіні жауапкершіліктен босату тәртібі бекітілді.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімге қатысуы туралы өз еркімен мәлімдеген субъектінің жиынтығында үш талапты орындаған кезінде жауапкершіліктен босатылатыны көзделген.
Біріншіден, ЕЭК қайырылған сәтте жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтерге ие болмауы. Екіншіден, шаруашылық субъектісінің одан әрі келісімге қатысудан өз еркімен бас тартуы. Үшіншіден, оларға ұсынылған мәліметтер құқық бұзушылық оқиғасын анықтау үшін жеткілікті болғанда. Бұл ретте барлық талапты бірінші болып орындаған бір ғана тұлға босатылуға жатады.
Қабылданған Тәртіп Комиссияға бәсекелестікке қарсы келісімдер жасасу туралы өтініштерді беру қағидаларын, осындай өтініштерге қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды ұлтүсті органының қарау тәртібін белгілейді.
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, нарықтық қатынастар жүйесі адал бәсекелестікке және кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне негізделеді. Алайда тауар нарығында маңызды орынға ие болу ұмтылысында кәсіпкерлер кейде өз мақсаттарына жосықсыз жолдармен жетуге тырысады.
ЕЭК Кеңесі қабылдаған шешімді министр: "Бәсекелестікке қарсы келісімдер елдердің экономикасына зиян келтіре отырып, нарықтық қатынастардың негізін – бәсекелестікті бұзады. Мұндай келісімдерді дәлелдеу анағұрлым күрделі, өйткені олар көбінесе ауызша нысанда жасасылады. Сондықтан, тыйым салынған бәсекелестікке қарсы келісімге қатысу туралы өз еркімен мәлімдеу нарықтағы бәсекелестікті шектеудің зиянын азайтуға, ал кейбір жағдайларда одан толығымен құтылуға мүмкіндік береді", – деп түсіндіріп берді.
ЕЭК Кеңесі үй тауықтарының еті нарығының теңгерімділігін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ет өнімі өндірісінде пайдалануға арналған үй тауықтарының мұздатылған етіне (ЕАЭО СЭҚ ТН 0207 14 100 9 және 0207 14 500 9 кодтары) қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік ұсыну туралы шешім қабылдады. Жеңілдік 2024 жылы Беларусь Республикасына 10,9 мың тоннаға дейінгі және Ресей Федерациясына 140 мың тоннаға дейінгі жеткізілімдер көлемі үшін ұсынылады.
"Халық құс етін соның ішінде қайта өңделген өнімдерде (шұжық өнімдері, еттен істелген жартылай фабрикаттар және басқалар) тұтынады және өте-мөте сұранысты болып табылады. Алайда ет шикізаты мен қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің өсуіне қарамастан, ішкі нарықта қанағаттандырылмаған сұраныс сақталып отыр", – деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Оның сөзінше, тауық етінің ішкі нарығын теңгерімдеу және қысқа мерзімді перспективада ұсыныстың өсуін қамтамасыз ету қабылданған шешім бағытталып отырған импортты ынталандыруға мүмкіндік береді.
"Шара уақытша сипатта ғана. ЕАЭО елдерінің Үкіметтері мұнымен қатарлас тауық етінің ішкі өндірісін ұлғайту жөніндегі қадамдарды жүзеге асыратын болады", – деп атап көрсетті министр.
Тарифтік жеңілдік уәкілетті органның әкелінетін тауардың нысаналы түпмақсатын растау жағдайы кезінде ұсынылатын болады.
ЕЭК Кеңесі «Еуразиялық электробус» мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 12 желтоқсанда «Еуразиялық электробус» мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлеуді мақұлдады. Құжат Беларусьтың бастамасы бойынша, Комиссия Кеңесінің үстіміздегі жылғы 15 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің электромобиль жасау саласындағы жобаларды қалыптастыру мен іске асыру кезіндегі кооперациялық ынтымақтастығын өрістету туралы ұсынымын дамыту мақсатында дайындалған.
"Мемлекетаралық бағдарламаның басты мақсаты - одақтық электробустар нарығының Одағымызда өндірілген жоғары жергіліктілендірілген өнімге деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады", – деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
ЕЭК министрінің сөзінше, осы мақсатқа жету үшін бірқатар міндетті шешу талап етіледі, атап айтқанда, жабдықты жаңарту және электробустарға арналған тораптар мен агрегаттардың сериялық өндірісін құру, осындай компоненттердің шығарылу көлемін ұлғайту қажет.
Сондай-ақ, алда Еуразиялық электробустарға арналған жабдықтар мен компоненттерді жеткізушілердің құзыретін күшейту, олар үшін қосалқы компоненттер өндірісін оқшаулау деңгейін арттыру міндеті тұр. Басқа да маңызды міндеттердің арасында – электробустар өндірісі саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық құзыреттілікті дамыту, компоненттер құнындағы импорттық құрамдастықты қысқарту бар.
Мемлекетаралық бағдарлама жобасын әзірлеуге және іске асыруға қатысуды Беларусь пен Ресейдің мына кәсіпорындары растады: "Белкоммунмаш КШБ" ААҚ, Беларусь ҰҒА Біріккен машина жасау институты, "МАЗ" ААҚ (Беларусь Республикасы), "Камаз" ЖарАҚ, "Росатом" МК (Ресей Федерациясы). Бұл - мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу идеясы қандай да бір түрде олармен талқыланған қарымды ұйымдар ғана.
ЕЭК Кеңесі 2020-2022 жылдардағы нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерін қолдану туралы баяндаманы мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 12 желтоқсандағы отырысында ЕЭК Алқасының 2020-2022 жылдардағы нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерін қолдану туралы баяндамасы қаралып, мақұлданды.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 2012 жылы бекіткен нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлері - Комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі құзыретін айқындайтын түйінді құжат.
Құжатты түсіндіріп берген ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Баяндамада Одақтың трансшекаралық нарықтарын- бағалауға Комиссия Критерийлерді қолданған талдау келтірілгенін атап өтті.
"Баяндамада біздің құқық қолдану практикамызды талдау негізінде проблемалық мәселелердің екі блогы қалыптастырылды, біздің ойымызша, олар ЕАЭО-ның бірыңғай экономикалық кеңістігінде адал бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін "сұрқай аймақтар" құрады. Бірінші блок Критерийлердің жекелеген нормаларына, екіншісі – Қритерийлер талаптарының орындалуын бағалау үшін Комиссияда құралдардың жеткіліксіздігіне қатысты", – деді Бақыт Сұлтанов.
Министрдің пікірінше, "тұйықты" мәселелердің қатарында – Комиссияның ЕАЭО шегінен тыс тіркелген шаруашылық субъектілердің бәсекелестік қағидаларын бұзушылығының жолын кесу және экономикалық қызметті үйлестіру құзыретінің жоқ екендігі бар. Трансшекаралық нарықтардағы "доминанттардың" бұзушылығының жолын кесуде де қиындықтар болып отыр.
"Баяндама, шын мәнінде, жол картасы болып табылады және біздің ұлттық бәсекелестік ведомстволарымен алдағы жұмысымыздың бағыттарын айқындайды", – деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.
Бұл осындай екінші Баяндама екенін де атап өткен жөн. Біріншісі 2015-2019 жылдар кезеңін қамтыды. 2023-2025 жылдардағы нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлерін қолдану туралы кезекті баяндама 2026 жылдың екінші жарты жылдығында Комиссия Кеңесіне ұсынылуға тиіс.
ЕАЭО-да ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының айналысын реттеудің бірыңғай қағидалары бекітілді
12 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының айналысын реттеу қағидаларын бекітті.
ЕЭК 2014 жылдан бастап құжатты әзірлеу мен келісуді ЕАЭО елдерінің ветеринария саласындағы уәкілетті органдарымен бірлесіп жүргізді. Ол көрсетілген құралдар айналысын реттеудің барлық саласын қамтиды.
Одақта Қағидалардың қабылдануымен ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялық, дезинсекциялық және дезакаризациялық құралдарды тіркеудің бірыңғай рәсімдері, олардың сапасына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне қойылатын бірыңғай талаптар және оларды бағалау критерийлері, осы құралдардың ЕАЭО-ның кедендік аумағындағы айналысын бақылау-қадағалау қызметінің бірыңғай қағидалары мен рәсімдері белгіленеді. Бұл Одақтың ортақ нарығының жұмыс істеуі мен дамуы үшін бұдан да қолайлы жағдайлар жасайды.
Осы уақытқа дейін аталған құралдар айналысының барлық қыры ұлттық заңнамамен реттелгенін, бұл ЕАЭО-ның ортақ нарығының тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік бермей келгенін атап өткен жөн. Қабылданған құжат Одақта ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының айналысы үшін бұдан да қолайлы және транспарантты жағдайлар жасайды.
ЕЭК Кеңесінің шешімімен өтпелі кезеңдер белгіленген. Атап айтқанда, ЕАЭО Қағидалары 2027 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетіні айқындалған.
Ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялау, дезинсекциялау және дезакаризациялау құралдарының тіркеу куәліктері және 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін берілген осындай құралдарды айналысқа шығару үшін қажетті өзге де құжаттар Одақ елдерінің заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімдер ішінде жарамды болады, бірақ 2032 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмеуге тиіс. ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тіркелген көрсетілген құралдардың тіркеу дерекнамалары 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейін Одақтың Қағидаларына сәйкес келтірілуге тиіс.
Бұдан басқа, Қағидаларға сәйкес 2032 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО-да одақтық елдердің заңнамасына сәйкес 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін тіркелген ветеринариялық мақсаттағы дезинфекциялық, дезинсекциялық және дезакаризациялық құралдардың айналысына жол беріледі. Сондай-ақ ЕАЭО Қағидаларында көзделген тәртіппен оларды тіркеу рәсімі аяқталғанға дейін Одақ мемлекеттерінің заңнамасында көзделген өзге де рәсімдерге сәйкес айналысқа шығарылатын аталған құралдардың айналысына жол беріледі.
ЕЭК Кеңесі кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды ұсыну үшін қосымша негіздің қолданылуын ұзартты
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі экономиканың орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру мақсатында қолдау көрсетілетін жүйе құраушы және қала құраушы кәсіпорындардың тауарларды әкелуі кезінде кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша пайызсыз кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну негізінің қолданылуын 2024 жылғы 30 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мұның өндірісте пайдаланылмайтын, акцизделетін тауарларға қатысы болмайды.
Бұдан бұрын ЕАЭО елдері экономикасының орнықтылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде кейінге қалдыруды ұсыну үшін осындай қосымша негіз 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін белгіленген болатын.
Кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді алу үшін кеден органына ұлттық заңнамаға сәйкес берілген уәкілетті мемлекеттік органның растамасын ұсыну қажет.
Анықтама
Кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну тәртібі ЕАЭО Кеден кодексінің 58 және 59-баптарымен реттеледі.
ЕАЭО-да әкелінетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік фитосанитариялық бақылау жетілдіріледі
Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдары Комиссияның тапсырысы бойынша ҒЗЖ шеңберінде әзірленген тәуекелдің интегралдық индексін ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді басқару жүйесін қолдана алады.
12 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тиісті шешім қабылдады. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы "Еуразиялық экономикалық одақта өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы" №318 шешіміне өзгерістер енгізілді.
Қабылданған шешіммен меншік иесінің есебінен карантинге жатқызылған өнімді қайтару, зарарсыздандыру немесе жою және өнімнің нақты саны ілеспе құжаттарда көрсетілген санға сәйкес келмеген кезде фитосанитариялық сертификатты жарамсыз деп тану жағдайлары нақтыланды.
Кеңес шешімінің ережелерін іске асыру таңдап алынған бақылау іс-шараларын жүргізуді, карантиндік фитосанитариялық бақылаудан өту уақытын қысқартуды, бейінді шешімдер қабылдау кезінде уәкілетті органдардың бірыңғай тәсілдемесін ендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО нарығында күкірттің массалық үлесі 1,5%-дан аспайтын кеме отынын өндіру және айналысқа шығару мүмкіндігі үш жылға ұзартылды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Ресей Федерациясының ұсынысы бойынша 24 қарашада өткен отырыста Кеден одағының «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің 7-қосымшасының ескертпесіне өзгерту енгізді.
2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ішкі су тасымалдарына қатысатын кемелер үшін күкірттің массалық үлесі 1,5%-дан аспайтын кеме отынын өндіру және айналысқа шығару мүмкіндігі ұзартылды.
Бұл шешім ішкі су тасымалының тұрақтылығын, қолданыстағы логистикалық схемаларды қамтамасыз ету және Қиыр солтүстік аудандары мен оларға теңестірілген аймақтарды тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
ЕАЭО-дағы таңбалау туралы шешімге енгізілген өзгерістер ішкі нарықта тауарларды өткізу еркіндігін қамтамасыз етуге көмектеседі
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделіне және тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты таңбалауды енгізу туралы ЕЭК Кеңесінің бұрын қабылданған шешімдеріне енгізілетін өзгертулердің «екінші топтамасын» қарастырды.
«Жинақталған тәжірибені, сондай-ақ таңбаланатын өнім санаттары көлемінің кеңеюін ескере отырып, Комиссия қолданыстағы таңбалау ережелерін нақтылау және жетілдіру туралы шешім қабылдады. Мұндай өзгерістердің басты міндеті Одақтың ішкі нарығында кедергілердің болмауын қамтамасыз ету, мүше мемлекеттерде таңбалау тәртібін біріздендіру деңгейін арттыру және ұлттық операторлардың ақпараттық өзара іс-қимылын жақсарту болып табылады», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Осы мақсатта Комиссия Кеңесінің қолданыстағы актілеріне мынадай негізгі түзетулер енгізілді:
- Базалық модельдің ережелері трансшекаралық саудаға байланысты емес мақсаттарда таңбалауға жататын тауарларды өткізу жағдайларына (мысалы: көрме-жәрмеңкелерде ұсыну немесе басқа мүше мемлекеттің аумағында уақытша сақтау) қолданылады;
- «келісімшарттық өндіріс» аясында Одақтың басқа елінің тапсырыс берушісін сәйкестендіру құралдарымен бір мүше мемлекеттің өндірушісі тауарды таңбалау мүмкіндігі қамтамасыз етілді (тапсырыс берушінің алысберіс шикізатынан немесе тапсырыс берушінің сауда белгісінің атынан өндіру).
- жекелеген тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы Комиссия Кеңесінің бұрын қабылданған шешімдері базалық модельдің ережелеріне сәйкес келтірілген.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
2023 жылғы 23-24 қарашадағы ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Вице-премьерлері 23-24 қарашада Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында 49 мәселені қарады.
ЕЭК Кеңесі өнеркәсіптік өңдеу үшін ірі қара мал етінің жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік ұсынды.
2025 жылға дейін ЕАЭО-ға электромобильдерді әкелуге берілетін тарифтік жеңілдік мерзімін ұзартты.
Вице-премьерлер Тауарлар одағына экспорт пен импортқа лицензиялар мен рұқсаттар беру ережелерінің жаңа редакциясын бекітті. Енді бұл құжаттарды электронды түрде де алуға болады.
ЕАЭО-да таңбалау туралы шешімдерге өзгерістер енгізілді, бұл ішкі нарықта тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз етуге көмектеседі.
ЕАЭО нарығында күкірттің массалық үлесі 1,5%-дан аспайтын кеме отынын өндіру және айналысқа шығару мүмкіндігі үш жылға ұзартылды.
ЕЭК Кеңесі Мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларын өзгерту жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады.
Одақта газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен жабдықталған тракторлар мен өздігінен жүретін машина өндірушілердің мүмкіндіктері кеңейтілді.
ЕЭК кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді мақұлдады. ЕАЭО мен үшінші елдердің кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі құрылуда.
ЕЭК Кеңесі табиғи монополиялар саласындағы ЕАЭО елдерінің нормативтік құқықтық актілері туралы шешімді мақұлдады.
ЕЭК Кеңесі мемлекеттік сатып алу үшін ТШЕ ережелерін өзгерту бойынша бірқатар шешімдер қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен мемлекеттік сатып алу үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларының (ТШЕ) № 1 қосымшасына өзгерістер енгізілді.
Одақ елдерінің сатып алу және бизнес саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірлесіп, медициналық қолғаптарды өндіруді оқшаулау деңгейін есептеу кезінде балдық тәсілді қолдана отырып, медициналық қолғаптарды ("медициналық бұйымдар" саласының тауарлық позициясы) өндіру талаптары әзірленіп, келісілді.
ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша бұған дейін Ресей Федерациясында осы позиция бойынша Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 617 қаулысына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қолжетімділік шектелген болатын. «Енді ЕАЭО-дан әкелінетін тауарлар Еуразиялық тізілімге енгізілетін болады және оларға кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігі туады», – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Сондай-ақ, Комиссия Кеңесінің шешімімен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды, осы мерзім ішінде ТШЕ қағидаларының № 1-1 қосымшасына енгізілген тауарлар СТ-1 тауарының шығарылған елі туралы сертификат негізінде өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізіліміне енгізіледі.
ЕАЭО-да газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен жабдықталған тракторлар мен өздігінен жүретін машина өндірушілердің мүмкіндіктері кеңейтілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 24 қарашада ЕАЭО-ның «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» және «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттеріне өзгерістер енгізді.
Өзгерістерді Ресей Федерациясы ауылшаруашылық және орман шаруашылығы тракторлары мен өздігінен жүретін машиналардың кең ассортименті үшін мотор отыны ретінде газды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бастамашыл түрде дайындады және оны Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елдері қолдады.
Мүше мемлекеттердің кәсіпорындары сұйытылған табиғи газды (СТГ) мотор отыны ретінде пайдаланатын ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жабдықтар номенклатурасын және техникалық шешімдерді игерді.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларына арналған техникалық регламентте газды мотор отыны ретінде пайдаланатын тракторларға, сондай-ақ олардың қозғалтқыштарын сұйытылған көмірсутек газымен (СКГ) және сығымдалған табиғи газбен (СТГ) қоректендіруді қамтамасыз ететін осындай тракторлардың компоненттеріне қойылатын міндетті қауіпсіздік талаптары көзделген.
Осы техникалық регламентке енгізілген өзгерістер тракторлардың қозғалтқыштарын сұйытылған табиғи газбен (СТГ) қоректендіруге арналған жабдыққа және осындай жабдықпен жарақтандырылған трактор техникасына қатысты оның талаптарын қолдануды көздейді.
Машиналар мен жабдықтарға арналған техникалық регламентке енгізілген өзгертулер газ тәріздес отынды (СТГ, СТГ немесе СКГ) пайдаланатын қозғалтқыштарды қоректендіруге арналған жабдықты өздігінен жүретін машиналарға орнату мүмкіндігін көздейді.
Газ баллонды жабдыққа қатысты қосарланған реттеуді болдырмау үшін Одақтың «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізілді, оның қолданылу аясынан өздігінен жүретін машиналарда, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларында пайдалану үшін арнайы әзірленген газ баллонды жабдықтар мен элементтерді алып тастау көзделген.
Аталған техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу туралы ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап 360 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
ЕАЭО-ның «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ТП КО 010/2011) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданды және 2013 жылғы 15 ақпаннан бастап күшіне енді.
ЕАЭО-ның «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (031/2012 КО ТР) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданды және 2015 жылғы 15 ақпаннан бастап күшіне енді.
ЕАЭО-ның «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті 032/2013 КО ТР) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 41 шешімімен қабылданды және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енді.
ЕЭК Кеңесі дамушы және аз дамыған елдерден әкелінетін тауарлардың шығарылған елін растау бойынша жеңілдетілген рәсім мерзімін ұзартты
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі дамушы және аз дамыған елдерден әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру кезінде қолданыстағы оңайлатуларды бір жыл мерзімге ұзарту туралы шешім қабылдады. Тиісті оңайлатулар Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 33 шешімінде көзделген және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылуы тиіс болатын.
Атап айтқанда, тауардың шығарылған елі туралы сертификаттардың көшірмелерін пайдалану мүмкіндігі ұзартылды (мұндай құжаттардың түпнұсқаларын алты ай мерзім ішінде міндетті түрде ұсыну талабымен).
Бұдан басқа, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ЕАЭО елінен шаруашылық жүргізуші субъект пен дамушы немесе аз дамыған елден шаруашылық жүргізуші субъект арасында тікелей келісімшарт жасасудан тұратын тауарларды тікелей сатып алу шарты қолданылмайды.
«Қабылданған шешім импорттаушыларға сыртқы саудада сақталып келе жатқан жағымсыз құбылыстарды еңсеру мақсатында тауарлардың шығарылған елін растау бойынша дәлелденген оңайлатылған механизмін пайдалануды жалғастыруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Бұған дейін Комиссия Кеңесі еркін сауда туралы келісімдер бойынша ЕАЭО-ның әріптес елдерінен әкелінетін тауарлардың шығарылған елін құжаттамалық растау бойынша оңайлатылған рәсімді ұзартуды көздейтін 2023 жылғы 20 қазанда № 120 шешімді қабылдаған болатын.
ЕАЭО электромобильдерді әкелуге белгіленген тарифтік жеңілдікті 2025 жылдың соңына дейін ұзартады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шектеулі мөлшерде әкелінетін электромобильдерге қатысты кедендік баж салығын төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдікті 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты.
Кедендік баждарды төлеуден босату тек Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Қырғыз Республикасында тұрақты тұратын азаматтарға ғана беріледі. Бұл ретте Ресей Федерациясында азаматтығы және (немесе) тұрақты тұратын жері бар адамдарға электромобильдерді иелену, пайдалану және ұстау құқықтарын беруге рұқсат етілмейді.
«Электромобильдерге сұранысты ынталандыруға, оларды өндіруге және зарядтау станциялары желісін дамытуға бағытталған басқа шаралармен бірге тарифтік жеңілдікті қолдану мерзімдерін ұзарту осындай көлік құралдарының кеңінен қолданылуына ықпал етеді деп күтілуде», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Анықтама
Электромобильдерге қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі кедендік құнның 15% құрайды. ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 29 шешіміне сәйкес 2020 жылғы 4 мамыр мен 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде 0% мөлшерінде баж қолданылды. Ал Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 7.1.38-тармағына сәйкес 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде ЕАЭО елдеріне шектеулі мөлшерде әкелінетін электромобильдерге қатысты кедендік баж салығын төлеуден босату түрінде тарифтік жеңілдік берілді.
ЕАЭО-да тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар мен рұқсаттарды электрондық түрде алуға болады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі үшінші елдермен сауда жасауда тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларының жаңа редакциясын бекітті.
Құжаттың кейбір нормалары ұлттық заңнамаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің дайындығына қарай қолданылатын болады. Мысалы, егер бұл ЕАЭО елінің заңнамасында көзделген болса, автоматты режимде электрондық құжат нысанында лицензиялар мен рұқсаттар беру мүмкіндігі. Бұл жағдайда сыртқы сауда шартынан (келісімшарттан) міндетті мәліметтер жиынтығын пайдалану мүмкіндігі де пайда болады.
«Цифрландырудың қарқынды дамуы бюрократиялық рәсімдерді жеңілдететін, сондай-ақ ЕАЭО-да бизнесті жүргізу жағдайларына оң әсер ететін осындай шешімдер қабылдау қажеттілігін талап етеді», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Мүше мемлекеттерді жаңа қағидаларды іске асыруға дайындау үшін шешім 2023 жылғы 25 мамырда қол қойылған және дербес құжатқа лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларын бөлетін ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Үкіметаралық кеңеске ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның жобасы ұсынылды
26 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында үкімет басшылары «2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен басты бағыттары туралы» декларацияның жобасын қарады.
Бұған дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы, Ресей президенті Владимир Путин мүше мемлекеттердің басшыларына арналған жолдауында Одақтағы интеграциялық өзара іс-қимылдың негізгі векторларын айқындайтын ұзақ мерзімді жоспарлау бойынша жаңа құжаттарды дайындауға кірісуді ұсынды.
Желтоқсан айында декларация жобасын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсыну жоспарлануда.
Бұдан басқа, үкімет басшыларына ЕАЭО-ның қызметі туралы баяндаманы дайындау барысы туралы хабарланды, онда 10 жылдық кезеңдегі нәтижелер мен жетістіктерге талдау жасалған. Бұған дейін мұндай бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген болатын.
ЕАЭО-ның жалпы электр энергетикалық нарығын дамытудың кезекті кезеңі аяқталды
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Үкімет басшылары Электр энергиясының өзара саудасы қағидаларын, сондай-ақ Мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларын бекітті. Бұл ортақ электр нарығының сәтті жұмыс істеуі үшін Одақта қабылдануы керек төрт негізгі ереженің екеуі.
Осы құжаттарды қабылдау Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуі үшін құқықтық базаны қалыптастырудың кезекті кезеңін аяқтады. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің айтуынша, осы қағидалар пакетін қабылдау осындай нарықты құру үшін маңызды қадам болып табылады. Қағидалар орталықтандырылған сауда операторлары мен тіркеушіні нарықтың жұмысын қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылымды құруға дайындауды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Комиссия мен Одақ елдері ортақ электр энергетикасы нарығы қызметінің қалған қағидаларын және оның тиісті жұмысын қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді дайындауды аяқтау бойынша әлі де көптеген іс-шаралар жүргізуі керек.
Анықтама
Электр энергиясымен өзара сауда жасау қағидалары қатысушылардың ортақ нарыққа қол жеткізу, қосылу туралы шарт жасасу тәртібі мен рәсімдерін, саудаға қатысушылардың болашақ нарық инфрақұрылымымен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін көздейді. Бұдан басқа, қағидаларда сатып алу-сату шарттарын жасасу, тіркеу, есепке алу, бұзу тәртібі айқындалған, сауда жүзеге асырылатын мемлекетаралық қималардың тізбесі қамтылған.
Өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларында ортақ электр энергетикалық нарықтың қызметі үшін қажетті жағдайлар және оның қатысушыларының мемлекетаралық электр беру желілерінің өткізу қабілетін кемсітпей пайдалануы қамтамасыз етіледі. Қағидаларды қабылдау Одақтың жалпы нарығында жасалған мәмілелердің техникалық іске асырылмауына байланысты болуы мүмкін электр энергиясын сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық тәуекелдерін азайту үшін қажет.ЕЭК Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичтің ЕҮАК қорытындылары бойынша баспасөз-конференцияда сөйлеген сөзі
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында біздің интеграцияны тереңдете дамыту үшін маңызы бар 30 құжатты қарады.
Ресей Федерациясының ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты дамыту туралы бастамасы қолдау тапты. Үкімет басшылары ЕАЭО аясындағы «Еуразиялық экономикалық жол» 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның жобасын талқылады. Құжатты мемлекет басшыларына 2023 жылғы желтоқсанда ұсыну жоспарлануда.
ЕАЭО-ның 10 жылдық кезеңдегі жұмыс істеу қорытындылары туралы баяндаманы дайындау барысы туралы баяндалды.
Электр энергиясының өзара сауда ережесі және мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін анықтау және бөлу ережесі бекітілді. Бұлар ЕАЭО-ның электр энергиясының ортақ нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өте маңызды құжаттар.
Ынтымақтастықтың түбегейлі жаңа бағыттары – жобалық ынтымақтастық қабылданды. Өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу туралы ереже бекітілді.
Келесі жылдан бастап еуразиялық кооперациялық жобаларды қолдау Одақ бюджеті есебінен берілген кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылына шамамен 20 млн доллар көлемінде субсидиялау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Ең басым салалар – машина жасау, микроэлектроника, авиация, химия және фармацевтика өнеркәсібі.
ЕАЭО Жарғылық органдарының 2023 жылғы жұмысының кейбір алдын ала қорытындылары туралы. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес 17 құжатты, Еуразиялық үкіметаралық кеңес – 28, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі – 175, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы – 327 құжатты қабылдады. Осы жылдың тоғыз ай ішінде 8 келісімге қол қойылып, 12 халықаралық шарт күшіне енді.
Одақ елдерінің экономикасы дамуда. Алдын ала бағалау бойынша ЕАЭО ЖІӨ нақтыкөлемінің индексі 2022 жылғы қаңтар – тамызбен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтар – тамызда 102,8% құрады.
Одақ мемлекеттері арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылдың 8 айында 9,6%-ға ұлғайды.
Кооперациялық байланыстар нығайтылуда. 2023 жылғы қаңтар – тамызда кооперациялық тауарларды жеткізу 2022 жылғы жоғары базаға қарағанда 5,2%-ға ұлғайды. Бұл ішкі нарықты ЕАЭО өнімдерімен қанықтыруға ықпал етті. 8 ай ішінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,2% (930 млрд АҚШ доллары), өңдеуөнеркәсібінде – 106,6%, негізгі капиталға салынған инвестициялар 2022 жылдың 6 айына қарағанда қаңтар-маусым ішінде 108,1% құрады.
2023 жылғы қаңтар – тамызда ЕАЭО-ның барлық елдерінде нақтылы жалақы өсті. Орташа айлық нақтылы жалақы ең жоғары өсу қарқыны Арменияда – 113,9%, Қырғызстанда – 112,2% және Беларуссияда – 109,3% тіркелді.
Комиссия үкімет басшылары белгілеген барлық тапсырмалар мен міндеттер бойынша жұмысты жалғастырады. ЕҮАК келесі отырысы 2024 жылдың ақпан айының басында Алматыда өтеді.ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары кооперациялық жобаларды іріктеу және оларға қаржылай жәрдем көрсету қағидаларын бекітті
Еуразиялық үкіметаралық кеңес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері іске асырған кезде қаржылық көмек көрсету туралы қағиданы бекітті.
Қағида Еуразиялық экономикалық одақ елдері мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының тапсырмаларына сәйкес әзірленді және Одақтағы өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесудің жаңа бағдарламасының негізгі құжаты болып табылады.
«Бұл механизм өнеркәсіпті интеграциялық дамыту жолындағы серпінді оқиға болып табылады, өйткені экономиканың нақты секторында кооперацияны ынталандыру үшін ұлттықтан жоғары қаржы құралы алғаш рет қалыптасуда. Өнеркәсіптік кооперацияға қаржылай жәрдемдесу бағдарламасы көпжақты ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңін ашады және біздің елдеріміздің одан әрі технологиялық дамуына ықпал ететін болады. Жаңа механизм өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және нығайту үшін жинақталған әлеуетті іске асыруды ынталандыруға, оның ішінде шағын экономикалар үшін жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеуге және енгізуге қолжетімділікті қамтамасыз етуге кепілдік беруге арналған, бұл өз өндірістік әлеуетін ұлғайту және тұтастай алғанда еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайды», — деп атап өтті ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Артак Камалян.
Қабылданған Қағида жобаларды іріктеу тәртібі мен критерийлерін, қарыз алушылар мен қаржы ұйымдарына қойылатын талаптарды, механизмге қатысу үшін өтінім беру рәсімін, кооперациялық жобаларды іске асыру үшін тараптардың әрқайсысын жауапкершілігін және бақылауын айқындайды.
Жобаларды таңдау критерийлері бірнеше негізгі шарттарды орындау болып табылады. Кооперациялық жоба, егер оның қатысушылары Одақтың үш және одан да көп мемлекеттерінің кәсіпорындары болса, қаралуы мүмкін. Қағидаға сәйкес жоба бір немесе бірнеше маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы керек, мысалы, жаңа кәсіпорын құру немесе оны қайта жарақтандыру, қосылған құн тізбегін қалыптастыру, экспортты ұлғайту, сауда немесе инвестиция көлемін ұлғайту. Ал кәсіпкерлер оны бес жыл мерзімде іске асыруы тиіс.
Егер қаржылық көмектің сандық көрсеткіштері туралы айтатын болсақ, қазіргі уақытта тараптар мыналар туралы келісті: субсидия мөлшері жобаны қаржыландыру жүргізілетін ұлттық валютаның негізгі (есептік) мөлшерлемесінің (100% негізгі мөлшерлемесінің) мөлшеріне тең, бұл ретте жылына бір жоба бойынша субсидияның ең жоғары мөлшері 350 млн ресей рублінің баламасынан аспауы тиіс. Механизмге қатысатын банктің ең жоғары мөлшерлемесі 6,5%-ға ұлғайтылған негізгі мөлшерлеме деңгейінен аспауға тиіс. Кооперациялық жобалардың келіп түсуіне қарай Комиссия жылына екі рет олардың тізбелерін жасайды және балдық жүйе бойынша келіп түскен бастамалардың басымдылығын саралайтын болады.
«Кооперациялық жобаларды қолдау бағдарламасы келесі жылы іске қосылады деп үміттенеміз. Бұған Одақ бюджетінде шамамен 1,8 млрд ресей рублі қарастырылған және біз механизмді толыққанды іске қосу үшін қызықты жоба ұсыныстарын күтеміз», — деп түсіндірді Артак Камалян.
Анықтама
Шешім 2023 жылғы 25 мамырда қол қойылған Одақ мемлекеттерінің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.
ЕАЭО-ның "Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті өзгертілді
Еуразиялық экономикалық одақтың "Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 20 қазандағы шешімімен енгізілген өзгерістер оны қолданудың жинақталған тәжірибесін ескере отырып, техникалық регламенттің жекелеген ережелерін дәлдеп, нақтылайды, сондай-ақ ЕАЭО аумағында айналысқа шығаруға арналған өнімді жобалау, дайындау және сәйкестігін бағалау кезінде осы құжаттың талаптарын біркелкі түсінуді және орындауды қамтамасыз етеді. Техникалық регламенттің қолданылу саласы нақтыланды. Техникалық регламент қолданылмай келген өнімдер тізбесін айқындайтын № 1 қосымша жаңа редакцияда баяндалған. Сондай-ақ "шағын көлемді кеме" термині нақтыланып, "аэробот", "гидроцикл" терминдеріне айқындама берілген.
Техрегламент талаптарын бұдан да дәл түсіну үшін судағы белсенді демалыс құралдарына не жататыны айқындалған. Бұл, мысалы, кемелерді қоспағанда, үрлемелі жүзу құралдары; тіркеп сүйретілетін құралдар (су шаңғылары, вейкбордтар, "банандар", шеңберлер және т.б.), желкенді-парашюттік құралдар (буера, кайтбординг тақталары, виндсерфинг және т.б.), соның ішінде су астындағы аң аулау және сүңгу құралдарын қоса, және басқалары.
Техникалық регламентке өзгерістер ЕЭК Кеңесінің өзгерістер енгізу туралы шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
ЕАЭО-ның "Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 33 шешімімен қабылданды және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енгізілді.
ЕАЭО-да дәрілерді тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі дәрілік препараттың тіркеу дерекнамасын Одақ талаптарына сәйкес келтіру және дәрілік препараттарды тіркеу рәсімі бойынша құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, ЕАЭО-да дәрілерді тіркеу және сараптау қағидаларын өзектілендірді. Тиісті рәсім шеңберінде дәрілерді мерзімсіз тіркеу куәліктерін беру қағидалары түзетілді.
Уәкілетті органның сұратуы бойынша енгізілуі мүмкін дәрілік препараттарды қолдану қауіпсіздігінің қосымша шаралары белгіленді.
Инспекциялар жүргізу кезінде клиникалық зерттеулердің өндірісі мен сапасын бағалау кезінде тіркеу шеңберінде және бақылау мен инспекциялық рәсімдер шеңберінде ұсынылатын құжаттардың қосарласуы алып тасталды.
Қабылданған шешім дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасын ЕАЭО талаптарына сәйкес келтіруге байланысты әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, бұл халық үшін дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге көмектеседі.
ЕАЭО пұрсаттылықты сауда шеңберінде тауарлардың шығу тегін растаудың оңайлатылған рәсімін пайдалану мүмкіндігін ұзартты
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі еркін сауда туралы келісімдер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың әріптес елдерінен әкелінетін тауарлардың шығу тегін құжаттамалық растау рәсіміне байланысты оңайлатудың қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
Бұл арада сөз тарифтік пұрсаттылық алу үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін (мұндай құжаттың түпнұсқасы кейіннен алты ай мерзімде міндетті түрде ұсынылған жағдайда) пайдалану туралы болып отыр. Тиісті мүмкіндік Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 85 шешімінде көзделген.
"Шешім кеден органдарына сертификаттарды ұсынудың ағымдағы форматын сақтауға бағытталған, оның артықшылықтарын бизнес-қоғамдастық өкілдері де, реттеушілер де атап өтіп жүр", — деп түсіндірді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылатын болады.
Анықтама
ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 85 шешіміне сай тарифтік пұрсаттылық алу үшін тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттардың көшірмелерін пайдалану мүмкіндігінің қолданылу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанмен шектелген.
ЕЭК Кеңесі Беларусь пен Ресейдің навигациялық пломбалар бойынша экспериментті іске асыру мерзімін 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартты
Эксперимент 2023 жылғы 13 ақпанда басталды. Көрсетілген кезең ішінде навигациялық пломбалар аталған өнімнің 400-ден астам тасымалына қатысты қолданылды. Эксперименттің аралық нәтижелері 2023 жылдың көктемінде-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде қаралған-ды, онда экспериментті осы жылдың соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Бұдан басқа, эксперимент шеңберінде алынған практикалық тәжірибе 2022 жылғы 19 сәуірдегі тасымалдарды қадағалап отыру үшін Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыруды бастау үшін Комиссияның қажетті нормативтік актілерін дайындау кезінде ескерілді.
Келісім Одақ аумағы бойынша тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы техникалық және технологиялық шешімдерді пайдалануды кеңейту жолымен ЕАЭО-дағы тауарлардың заңды айналымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауарларды тасымалдауға қатысты (транзит, экспорт және өзара сауда кезінде) кедендік және өзге де мемлекеттік бақылау түрлерінің шараларын қолдануды барынша азайтуға бағытталған.
Бизнестің аталған экспериментті жалғастыруға мүдделілігіне байланысты бүгін Комиссия Кеңесінде оны 2024 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Эксперимент ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 29 өкіміне сәйкес өткізілуде. Оны өткізуге Ресей Федерациясы Үкіметінің 2010 жылғы 15 шілдедегі және 2011 жылғы 30 желтоқсандағы қаулыларында көрсетілмеген өткізу пункттері арқылы экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылған ағаш материалдарын Ресей аумағынан әкету мүмкіндігін қамтамасыз етудің қосымша мүмкіндігін пысықтау мақсатында, сондай-ақ тараптар мен СЭҚ қатысушыларын Одақтың екі және одан да көп мемлекетінің аумағы бойынша тауарларды тасымалдауды қадағалап отыру үшін ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді практикалық іске асыруға дайындау мақсатында белорус тарапы бастамашылық жасады.
ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі отырысының қорытындылары
Сөйтіп, 2024 жылғы 1 сәуірге дейін тауарларды бажсыз әкелудің шекті мәні жеке тұлғалар үшін 1000 еуро және тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімі арқылы тасып әкелінетін, әуе көлігінен басқа барлық көлік түрлерімен немесе жаяу тасымалданатын тауарлар үшін 31 кг құрайды.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдерінде дәрілік препараттарды, алкогольсіз сусындарды, шырындарды, сондай-ақ телефондар мен ноутбуктерді таңбалаудың бірыңғай қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады. Мүше мемлекеттер бұл туралы осы іс-шаралар басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ке хабарлама жасай отырып, өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен өнімдерді таңбалауды енгізу күні мен тәртібін дербес айқындайтын болады.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (ЕАЭО ИАЖ) 2024 жылға арналған даму жоспарын бекітті. Атап айтқанда, бұл бағытты қаржыландыруды айтарлықтай арттыру туралы шешім қабылданды.
Комиссия Кеңесі отырысының барысында Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының өзара саудасы шеңберіндегі тасымалдар кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі эксперименттің ойдағыдай іске асырылғаны туралы баяндалды. Эксперимент қорытындысы бойынша уәкілетті пломбалау операторларының ақпараттық жүйелерінің табысты интеграциясы және Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыруға технологиялық дайындығы расталды.
ЕЭК Кеңесі ҚҚС салық салу мақсаттары үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітті.Тізбе 14 көрсетілетін қызметтен тұрады, оларды көрсету ақпараттық жүйелер арқылы, соның ішінде Интернет арқылы жүзеге асырылады, ақпараттық технологияларды пайдаланбай іске асыру мүмкін емес. Жаңа қағидаларға сәйкес, ЕАЭО аумағында электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді трансшекаралық сатып алу кезінде ҚҚС салығын салу сатып алушының орналасқан жері бойынша орын алады.
ЕАЭО техрегламенттерінің және оларға орайлас стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау тәртібі бекітілді.Құжат техрегламенттерде белгіленген өнімдерге қойылатын талаптарды қазіргі заманғы ғылымның, технологиялардың, өндірістердің және сынақ базасының дамуына сәйкес келтіруге бағытталған.
Ауа райы болжамы және метеорология бойынша көрсетілетін қызметтер жөніндегі әкімшілік ынтымақтастық туралы келісім мақұлданды.Құжатты Комиссия бірыңғай нарық режимінде метеорологиялық көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі саласында ЕАЭО елдерінің реттеушілері арасында тиімді ақпараттық алмасу үшін әзірледі.
«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке өзгерістер қабылданды.Өзгерістер осындай өнімдер өндірісінің ерекшелігін ескере отырып, құрамындағы ақуыздың, майдың, көмірсулардың, қоректіліктің таңбалауда көрсетілген нақты мәннен ауытқуының жол берілетін шектерін белгілейді.
ЕЭК Кеңесі Алқаға таяудағы отырыстарының бірінде Алқаның бірқатар шешімдерінің 2023 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне ену мерзімін 2024 жылғы 1 сәуірге өзгертуге тапсырма берді. Аталған шешім транзиттік декларацияны толтыруға, тауарға арналған декларацияға, сондай-ақ кедендік құжаттардың құрылымы мен форматтарына қатысты кедендік құқықтық қатынастарды реттейді. Мәселе Комиссия Кеңесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кеден органдарының бастамасы бойынша қаралды.
ЕЭК Кеңесі мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау мен бөлу қағидаларының және Одақтың жалпы электр энергетикалық нарығында электр энергиясының өзара саудасы қағидаларының жобаларын мақұлдады.
ЕЭК Кеңесі уақытша санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің уәкілетті органдарының өзара іс-қимыл тәртібіне өзгерістерді бекітті. Құжат "уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар", "уақытша санитариялық шаралар" ұғымдарының анықтамаларымен, оларды енгізуді және мазмұнын негіздеумен толықтырылды. Енгізілген өзгерістер елдердің уәкілетті органдарына ұғымдарды әртүрлі түсіндіруді болдырмауға мүмкіндік береді және уақытша шараларды енгізу кезінде өзара іс-қимылдың бірыңғай тәсілдемелерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.
ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы қазан айының екінші жартысында өтеді.
ЕЭК ҚҚС салық салу мақсаттары үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітті
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында ҚҚС салық салу мақсаттары үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілді.
Тізбе 14 көрсетілетін қызметтен тұрады, оларды көрсету ақпараттық жүйелер арқылы, соның ішінде Интернет арқылы жүзеге асырылады, ақпараттық технологияларды пайдаланбай іске асыру мүмкін емес. Жаңа қағидалар бойынша Еуразиялық экономикалық одақ аумағында электрондық нысанда көрсетілетін қызметті бекітілген тізбеден трансшекаралық сатып алу кезінде ҚҚС салық салу осындай қызметті сатып алушының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылатын болады.
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаевтың сөзінше, ЕЭК Кеңесінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізбесін бекітуі электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ҚҚС салық салу тәртібін реттеу бойынша ЕАЭО-да жүргізілетін кешенді жұмыстың соңғы кезеңі болып табылады. Ол 2022 жылғы 9 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшыларының Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде ҚҚС әкімшілігін жүргізу тәртібін реттейтін базалық хаттамаға қол қойғанын еске салды.
"Бүгін бұрын қол қойылған Хаттама өз күшін қолданатын көрсетілетін қызметтердің нақты тізбесі бекітілді. Сөйтіп, Одақ аумағында көрсетілетін қызметтердің интернет-саудасы үшін ашық және дұрыс болжанған орта қамтамасыз етілді. Электрондық сауда саласы үнемі дамып отырады, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, сондықтан Комиссия қажет болған жағдайда ҚҚС-қа салық салу мақсаттары үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту үшін осы саланың мониторингін жалғастырады",- деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға мүше мемлекеттердің басшылары 2022 жылғы 9 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қол қойды. Бүгінгі таңда ратификациялау рәсімі өтуде. Хаттаманы Армения Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы ратификациялады. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Хаттаманы 2023 жылдың аяғына дейін ратификациялайды деп күтілуде.
«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістер қабылданды
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізді.
Өзгерістерді Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі сою өнімдері мен ет өнімдерін таңбалаудағы тағамдық құндылықты (ақуыз, май, көмірсулар, қоректілік) көрсетуге қойылатын талаптарды түзету бөлігінде техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу жоспарына сәйкес әзірледі. Өзгерістердің өзектілігі ет пен сою өнімдерінің, соның ішінде шикізат ретінде пайдаланылатындардың, стандарттау қиын ақуыз мен майдың жаратылыстық (табиғи) әртектілігімен сипатталатындығына байланысты.
Өзгерістер тұтынушыларды адастыратын іс-әрекеттерді алдын ала ескертуге бағытталған. Олар техрегламентте осындай өнімді өндіру ерекшеліктерін ескере отырып, ақуыз құрамының нақты мәндерінің (азаю жағына қарай 20%-ға дейін) және майдың, көмірсулардың, қоректіліктің (ұлғаю жағына қарай 20%-ға дейін) таңбалауда көрсетілген мәндерден ауытқуларының рұқсат етілген шектерін белгілеу арқылы тағамдық заттардың санын көрсетудің дұрыстығын бақылауға байланысты проблемаларды шешуге көмектеседі.
Өзгерістер сою өнімдері мен ет өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы ақпаратты көрсету кезінде тағамдық заттар құрамының нақты мәндерінің жол берілетін шектерін: ақуыз – таңбалауда көрсетілген мәннен кемінде 80% болуын; май, көмірсулар, энергетикалық құндылығы (қоректілігі) – таңбалауда көрсетілген мәннен 120% аспауын көздейді.
Сойыстық құс еті өнімдері мен құс етінен жасалған өнімдерге қатысты ұқсас талаптар Комиссия Алқасы 2021 жылғы 29 қазанда қабылдаған және 2023 жылғы 1 қаңтарда күшіне енген Одақтың «Құс етінің және оның өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде белгіленген.
Қабылданған шешім жаңа талаптарға бірқалыпты көшу үшін 24 айлық өтпелі кезеңді көздейді. Өтпелі кезең мүше мемлекеттермен белгіленген тәртіпте қосымша келісілетін болады.
2024 жылғы 1 сәуірге дейін тауарларды бажсыз әкелудің шекті мәні жеке тұлғалар үшін 1000 еуро және тауарлар үшін 31 кг құрайды
Ресей тарапының бастамасы бойынша тауарларды бажсыз әкелудің көтеріңкі шекті мәнінің қолданылуы жеке тұлғалар үшін тағы да жарты жылға ұзартылды.
Сөйтіп, 2024 жылғы 1 сәуірге дейін тауарларды бажсыз әкелудің шекті мәні жеке тұлғалар үшін 1000 еуро және тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімі арқылы тасып әкелінетін, әуе көлігінен басқа барлық көлік түрлерімен немесе жаяу тасымалданатын тауарлар үшін 31 кг құрайды.
Егер тауарлардың құны бұл сомадан асып түссе немесе оның салмағы 31 кг астам болса, бұл жағдайда мына мөлшерде баж төлеу қажет болады:
-тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімі арқылы тасып әкелінетін тауарлар үшін оның құнынан 15 %, бірақ норманың артып кетуі бөлігінде 1 кг үшін 2 еуродан кем болмайды;
-жолжүгі ретінде әкелінетін тауарлар үшін оның құнынан 30 %, бірақ 1 кг үшін 4 еуродан кем емес.
Еске сала өтсек, бұл шекті мән 2022 жылы шетелдік интернет-дүкендерден жеке пайдалануы үшін тауарларға тапсырыс беретін азаматтарды қолдау үшін уақытша негізде арттырылды. Наурыз айында оның қолданылуы ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін ұзартылды. Бұрын шекті мән тасымалдаушы немесе пошта жөнелтілімдері арқылы тасымалданатын тауарлар үшін 200 еуро және әуе көлігінен басқа барлық көлік түрлерімен немесе жаяу тасымалданатын тауарлар үшін 500 еуро болатын.
Ұшақпен бажсыз әкелудің шекті мәні 10 мың еуро және 50 кг деңгейінде сақталады.
Шешім жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және осы жылғы 1 қазаннан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылатын болады.
Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өнеркәсіптің екі жаңа саласы Еуразиялық қағидаларға кірістірілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 26 қыркүйекте мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін (ТШЕ) айқындау қағидаларына № 1 қосымшаға енгізу үшін өнеркәсіптің төрт саласының алты тауар позициясына өндірістің жаңа шарттарын келісті.
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, Комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, ТШЕ-нің Еуразиялық қағидаларын өндірістің жаңа шарттарымен және тауар позицияларымен толықтыруды жалғастыруда.
"Бүгін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері Еуразиялық сатып алуға қатысу үшін тауарларға қойылатын өндірістің жаңа шарттарын келісті. Енді олардың жеткізушілері мен өндірушілері резиденттікке қарамастан мемлекеттік сатып алуға тең қол жеткізе алады. Кеңестің шешімінде өнеркәсіптің екі жаңа саласы "отырғанын" атап өтемін, бұлар бойынша Еуразиялық бестік елдерінде бұрын келісілген талаптар болған жоқ. Бұл "Ауыр машина жасау" және "Өлшеуге арналған приборлар", - деп атап өтті министр.
Бүгінгі таңда Қағидалармен 700-ден астам тауар атауы қамтылған.
Бүгінгі шешіммен "Арнайы машина жасау" саласы тамақ сұйықтықтарын тасымалдауға арналған көлік құралдары үшін өндіріс шарттарымен толықтырылды. "Ауыр машина жасау" саласы енді екі позициямен (таспалы элеваторлар және көтеруге, жылжытуға, тиеуге немесе түсіруге арналған өзге де машиналар) ұсынылған. "Өлшеуге арналған приборлар" бөліміне физикалық және химиялық талдауға, иондаушы өлшемдерді анықтауға немесе өлшеуге, автоматты реттеуге/басқаруға арналған приборлар мен аппаратура кірістірілген.
Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша ТШЕ қағидаларына "Химия өнеркәсібі" саласының құбырлары, түтіктері және шлангілері үшін өндіріс шарттарын кірістіру келісілді.
ЕАЭО дәрілерді, алкогольсіз сусындарды, шырындарды, сондай-ақ телефондар мен ноутбуктерді таңбалау қағидаларын біріздендіреді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бастамашыл ұсыныстарының кешенін қарастырып, ЕАЭО мемлекеттерінде дәрілік препараттарды, алкогольсіз сусындарды, шырындарды, сондай-ақ телефондар мен ноутбуктерді таңбалаудың бірыңғай қағидаларын белгілеу туралы шешім қабылдады.
Қабылданған құжатқа сәйкес мүше мемлекеттер бұл туралы осы іс-шаралар басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей ЕЭК-ке хабарлама жасай отырып, өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен өнімдерді таңбалауды енгізу күні мен тәртібін дербес айқындайтын болады.
Сөйтіп, барлық жағдайда ЕАЭО-ның әрбір елінде сәйкестендіру талаптарына сәйкес қалыптастырылған басқа мемлекеттердің сәйкестендіру құралдарын тану кепілдігі болады. Бұл ретте Қырғыз Республикасында дәрілік препараттарды таңбалау жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты Комиссия Кеңесі қабылданған шешімнен өзгеше сәйкестендіру құралына қойылатын талаптарды қолдануға мүмкіндік беретін алып қоюды көздеді.
Бұдан басқа, Одаққа мүше мемлекеттердің позицияларына байланысты шешімдерде бірқатар елдің ағымдағы кезеңде таңбалауды енгізу ниетінің жоқ екендігі жеке атап өтілді. Мәселен, бұл дәрілерге қатысты – Армения Республикасы, алкогольсіз сусындар мен шырындарға қатысты – Қазақстан Республикасы, ал ноутбуктер мен телефондарға қатысты - Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы.
"Комиссия ЕАЭО-ның базалық еркіндіктерінің бірін қамтамасыз етуге бағытталған қағидатты шешімдер қабылдады. Қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында Одақ аумағы бойынша тауарлардың кедергісіз қозғалысына жағдай жасауға және ішкі нарықта тосқауылдардың туындауына жол бермеуге болады",- деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
ЕЭК Кеңесінің мүшелері Ауа райы болжамы және метеорология бойынша көрсетілетін қызметтер жөніндегі әкімшілік ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдады
Құжатты Еуразиялық экономикалық комиссия бірыңғай нарық режимінде метеорологиялық көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі саласында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің реттеушілері арасында тиімді ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету үшін әзірледі.
Келісім жобасында ЕАЭО елдерінің ресми сайттарында еркін қолжетімділік қамтамасыз етілетін ақпарат тізбесі айқындалған. Мұндай Тізбеге мүше мемлекеттердің ауа райы болжамы және метеорология саласындағы қызмет мәселелерін қозғайтын қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері туралы, сондай-ақ метеорологиялық көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығына қатысушылар туралы мәліметтер кіреді. Бұдан басқа, құжат тараптар арасында алмасу үшін метеорологиялық көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығына қатысушыларға берілген тиісті рұқсаттардың тоқтатылуы, қолданылуын тоқтата тұру, күшін жою туралы ақпараттар тізбесін айқындайды.
Келісім реттеушілерге деректермен өзара жедел алмасуға және құқық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді. Олар басқа елдердің құзыретті органдарынан қажетті мәліметтерді, соның ішінде берілген рұқсаттар туралы, метеорологиялық көрсетілетін қызметтер нарығына қатысушылар туралы және т.б. сұратып, ала алады.
Бұл механизмдер ЕАЭО елдерінде метеорологиялық көрсетілетін қызметтер нарығының дамуын ынталандыратын болады.
Келісім оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау мақсатында Одақ елдеріне жіберілді.
Анықтама
Көрсетілетін қызметтердің бірыңғай одақтық режиміндегі ауа райы болжамы және метеорология бойынша көрсетілетін қызметтер Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үшін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінің 2024 жылға арналған даму жоспарын бекітті
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (ЕАЭО ИАЖ) 2024 жылға арналған даму жоспарын бекітті. Бұдан басқа, бұл бағытты қаржыландыруды айтарлықтай арттыру туралы шешім қабылданды.
ЕАЭО ИАЖ Одақтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолындағы түйінді құрал болып табылады. Жүйе мүше мемлекеттер арасында ақпарат алмасу процестерін автоматтандыруға және оңайлатуға мүмкіндік береді, бұл неғұрлым тығыз экономикалық ынтымақтастық пен интеграцияға ықпал етеді.
ЕАЭО ИАЖ-ды дамытудың бекітілген жоспары бірқатар:
-жүйенің технологиялық базасын жақсарту және жаңғырту;
-жаңа функционалдық мүмкіндіктерді дамыту және ендіру;
-электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып заң жағынан маңызды мемлекетаралық өзара іс-қимылды іске қосу;
-цифрлық платформалар мен сервистер интеграциясының кіші жүйесін құру арқылы цифрлық платформаға ауысу;
-жүйенің қауіпсіздігі мен сенімділігі деңгейін арттыру;
-бизнес пен мемлекеттік органдар үшін жаңа сервистерді қорғауды қоса, ЕАЭО ИАЖ қолдану саласын кеңейту сияқты түйінді бағытты көздейді.
ЕАЭО ИАЖ-ны дамытуға салымдар оны жаңғыртуды жеделдетуге және функционалын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл сайып келгенде бүкіл Одақ жұмысының сапасы мен тиімділігін жақсартуға әкеледі.
ЕАЭО ИАЖ-ны қаржыландыруды ұлғайту және даму жоспарын бекіту қатысушы елдердің интеграция мен ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын растайды. Жоспар шеңберінде жүйенің функционалы мен өнімділігін айтарлықтай жақсарту күтілуде, бұл ЕАЭО мемлекеттері үшін қосымша артықшылықты қамтамасыз етеді.
ИАЖ-ды дамыту жоспары шеңберінде жұмыстарды іске асыру Одақ елдерінің мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қабылдаған стратегиялық құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
ЕАЭО техрегламенттерінің және оларға орайлас стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау тәртібі бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың күшіне енген техрегламенттерінің және оларға орайлас стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейіне міндетті мерзімдік бағалау жүргізу тәртібін бекітті.
Бағытталған бағалау тәртібі шешімінің түйінді мәселесі Одақтың техрегламенттерінде белгіленген өнімге қойылатын талаптарды қазіргі заманғы ғылымның, технологиялардың, өндірістердің және сынақ базасының дамуына сәйкес келтіру болып табылады.
Бағалау тәртібі ұйымдастырудың кезеңдері мен рәсімдерін, ЕАЭО техрегламенттерінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалауды жоспарлау мен жүргізуді және осы бағалаудың нәтижелерін қарауды белгілейді.
Бағалау тәртібі техникалық регламенттерде және оларға орайлас стандарттарда белгіленген өнімге қойылатын талаптарды осындай талаптардың өзектілігін, негізділігі мен перспективасын талдау негізінде дер кезінде өзектілендіру жөніндегі жүйелі жұмысқа, Одақтың тиісті техрегламенттерін қолдану саласына кіретін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық әлеуетін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Анықтама
Бүгінгі таңда ЕАЭО шеңберінде 52 техникалық регламент қабылданған, олардың 47-сі күшіне енгізілген. Тағы 10 техникалық регламент әзірлену үстінде.
ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы отырысының қорытындылары
Мәскеуде 29 тамызда Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчуктың төрағалық етуімен, ЕЭК Кеңесі мүшелерінің және ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы болып өтті. Күн тәртібіне 40-тан астам мәселе енгізілді.
Отырыс барысында ЕАЭО мемлекеттері Үкіметтері басшыларының орынбасарлары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге қол қойды. Келісім ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы шектеулердің бірін — Одақ елдерінде мемлекеттік сатып алу кезінде банк кепілдіктерін өзара танудың болмауын жояды. Құжат Одақтың басқа мемлекеттерінде мемлекеттік сатып алу кезінде танылатын банктерге қойылатын бірыңғай талаптарды, осындай банктердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі тәсілдемелерді, сондай-ақ берілген банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
ЕЭК Кеңесі полиэтилен немесе полипропилен (ЕАЭО СЭҚ ТН 5407 20 190 0 коды) текті жалпақ немесе ұқсас жіптерден жасалған маталардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажын нөлге түсіру туралы шешім қабылдады. Шараның қолданылу мерзімі екі жылды құрайды, қазіргі уақытта баж ставкасы 8% мөлшерінде белгіленген.
ЕЭК Кеңесі "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер мен технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігінің талаптары" техрегламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
Комиссия Кеңесі тасымалдардың қадағалану кезеңіне арналған навигациялық пломбада қамтылуға тиіс мәліметтердің құрамын бекітті. Тізбеге экспорт пен импортқа арналған лицензиялардан, жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзитіне рұқсат беру құжаттарынан мәліметтер, ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттардан мәліметтер және басқалар енгізілген. Сондай-ақ навигациялық пломбада қамтылатын ақпаратты қорғаудың бірыңғай шаралары айқындалды. Навигациялық пломбаларды қолдану тасымалдардың ашықтығын қамтамасыз етуге және бақылау іс-шараларын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі өз отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің зергерлік өнім өндірушілер брендтерін үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету туралы ұсынымды мақұлдады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО-ның"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер енгізді, оны мұнай паспортының бірыңғай нысанымен әрі техникалық регламентте болуы көзделген толтыру қағидаларымен толықтырды.
Комиссия Кеңесі Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістер енгізді.
ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 27 қыркүйекте өтеді деп жоспарланды.
ЕАЭО-да Мемлекеттік сатып алу үшін банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге қол қойылды
29 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысы барысында ЕАЭО мемлекеттері үкіметтері басшыларының орынбасарлары Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімге қол қойды.
Келісім ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы шектеулердің бірін — Одақ елдерінде мемлекеттік сатып алу кезінде банк кепілдіктерін өзара танудың болмауын жояды.
Келісім кепілдіктері Одақтың басқа мемлекеттерінде мемлекеттік сатып алу кезінде танылатын банктерге қойылатын бірыңғай талаптарды, осындай банктердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі тәсілдемелерді, сондай-ақ берілген банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
Осы ретте, егер тапсырыс беруші мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, бұл жағдайда, мұндай банктердің тізбесін және банк кепілдіктерінің тізілімін жүргізу жүзеге асырылатын болады.
"Сөйтіп, ЕАЭО-ның кез келген мемлекетінен әлеуетті өнім беруші Одақтың басқа елінің тапсырыс берушісіне белгіленген критерийлерге сәйкес келетін өзінің "үй" банкінің кепілдігін бере алады және тапсырыс беруші бұл кепілдікті қабылдауға тиіс. Егер тапсырыс беруші елдің заңнамасында мұндай критерийлер көзделмесе, онда банк кепілдіктері еркін танылады", — деп ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Келісімнің нормаларын түсіндіріп өтті.
Келісімге қол қоюмен бір мезгілде Кеңес ЕАЭО мемлекеттерінің банк кепілдіктерін беруді жүзеге асыратын банктері сәйкес келуге тиіс критерийлерді, сондай-ақ банктерді кепілгерлер тізбесіне қосу және алып тастау жөніндегі уәкілетті органдармен ақпарат алмасу тәртібін бекітті.
ЕАЭО кілем өнімі өндірісіне арналған маталарға импорттық бажды екі жылға нөлге түсірді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі полиэтилен немесе полипропилен (ЕАЭО СЭҚ ТН 5407 20 190 0 коды) текті жалпақ немесе ұқсас жіптерден жасалған маталардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу бажын нөлге түсіру туралы шешім қабылдады. Шараның қолданылу мерзімі екі жылды құрайды, қазіргі уақытта баж ставкасы 8% мөлшерінде белгіленген.
"Шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі кілемдер мен кілем бұйымдарын өндірушілерді қолдауға бағытталған және өзіндік құнын төмендетуге, рентабельділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, сондай-ақ ішкі нарық пен экспортқа шығару әрі жеткізу көлемін ұлғайтуға жәрдемдесетін болады",-деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Наталья Самойлова.
Бұдан басқа, қарастырылып отырған кедендік-тарифтік реттеу шарасы санкциялық қысымның ЕАЭО-ның бірқатар мемлекетінің экономикасына тигізетін теріс әсерін жұмсартуға мүмкіндік береді.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 46 шешіміне сәйкес 2022 жылғы 28 наурыздан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта қарастырылып отырған тауарларға қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу бажының 0% мөлшеріндегі ставкасы қолданылды.
Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларына арналған жарық техникасын жаңа талаптар бойынша өндіруге және әкелуге болады
Комиссия Кеңесі Кеден одағының "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және оларға тіркемелердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012) өзгерістер енгізді, бұл оның БҰҰ қағидаларында белгіленген жарық техникасы мен жарық тойтарғыш құрылғыларға қойылатын өзекті талаптар мен сынақ әдістерімен:
№ 148 "Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне арналған жарықпен белгі беру құрылғыларын (жарықтарын) ресми бекітуге қатысты біркелкі нұсқамалармен";
№ 149 "Механикалық көлік құралдарына арналған жол құрылғыларын (жарықтарын) және жарықтандыру жүйелерін ресми бекітуге қатысты біркелкі нұсқамалармен";
№ 150 "Жарық тойтарғыш құрылғыларды ресми бекітуге және механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне арналған таңбалауға қатысты біркелкі нұсқамалармен" толықтырылуын көздейді.
Аталған өзгерістер қолданыстағы және сол сияқты жаңа талаптар бойынша тракторларға немесе олардың тіркемелеріне арналған жарық техникасы мен жарық тойтарғыш құрылғыларды өндіруге (әкелуге) және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Тиісті өзгерістер ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық көмекші құралдардың қауіпсіздігі туралы техрегламентке өзгерістер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 29 тамыздағы отырысында "Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер мен технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігінің талаптары" техрегламентіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.
Өзгерістерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ЕАЭО заңнамасына сәйкес тағамдық қоспаларға қойылатын талаптар бөлігінде, сондай-ақ ет өнімдері құрамында фосфор қышқылы мен тағамдық фосфаттардың болуы бөлігінде әзірледі. Сонымен қатар, тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің, технологиялық құралдардың қауіпсіздігі саласындағы халықаралық және Еуропалық заңнамаға енгізілетін өзгерістер, соның ішінде Алиментариус кодексі ескерілді.
Өзгерістер кешенді құжат болып табылады, олар тамақ өнімдері үшін рұқсат етілген тағамдық қоспалардың және хош иістендіргіштер үшін рұқсат етілген дәмді-хош иісті заттардың тізбесін қоса, техрегламенттің бес бөлімін және оған 29 қосымшаны өзектілендіруді көздейді.
Атап айтқанда, өзгерістер:
- рұқсат етілген тағамдық қоспалар тізбесінен өзектілігін жоғалтқан 19 позицияны алып тастау, сондай-ақ 6 позициямен толықтыруды;
- ферменттік препараттар тізбесін және дәмді-хош иісті заттар тізбесін кеңейтуді;
- жекелеген тағамдық қоспаларды қолдану саласын түзету және тамақ өнімдері топтарының атауларын, соның ішінде қазіргі заманғы номенклатураны ескере отырып редакциялауды көздейді.
ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді. Бизнестің жаңа талаптарға бірқалыпты көшуі үшін Комиссия Алқасының осы өзгерістерді қолданысқа енгізу тәртібі туралы шешімінің жобасы әзірленді, ол жаңа талаптарға бірқалыпты көшуге 18 ай және таңбалауға қойылатын талаптарға қатысты ауысуға 36 ай берілетінін көздейді. Құжат белгіленген тәртіпте қаралып, қабылданатын болады.
Мұнай паспортының бірыңғай нысаны және оны толтыру қағидалары бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО-ның"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 045/2017) өзгерістер енгізді, оны мұнай паспортының бірыңғай нысанымен әрі техникалық регламентте болуы көзделген толтыру қағидаларымен толықтырды.
Оның талаптарын біркелкі қолдану үшін паспорт нысанына байланысты техникалық регламенттің жекелеген ережелері нақтыланды.
Паспорт нысанын біріздендіруге көшуді қамтамасыз ету мақсатында осы шешім күшіне енген күнге дейін мұнай партияларына ресімделген, яғни бірыңғай нысан бойынша ресімделмеген паспорттар 2023 жылғы 1 қарашаға дейін жарамды.
Сондай-ақ, өзгерістер мұнайды сынау кезеңділігі техрегламент әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарда белгіленетінін көздейді.
Қабылданған өзгерістер мұнай шығару және оның Одақ аумағындағы айналысы кезінде, соның ішінде құжаттаманы ресімдеу бөлігінде бірыңғай тәсілдемелерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Арменияда Еуразиялық үкіметаралық кеңес өтті
24-25 тамызда Цахкадзорда (Армения) Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтерінің басшылары, атап айтқанда ЕҮК Төрағасы, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович қатысты.
ЕҮК мүшелері ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестерді тереңдету мәселелерін және Одақты дамытудың орта және ұзақ мерзімді перспективаларына арналған стратегиялық векторларды талқылады. Бұған дейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына арналған Жолдауында ЕАЭО-ның ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуді 2023 жылы бастау ұсынылған болатын.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы 26-27 қазанда Бішкек қаласында (Қырғызстан) өтетін болады.23 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің қорытындысы
ЕЭК Кеңесі Қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есепті бекітті. Заңнаманы үйлестіру жөніндегі шараларды іске асыру қаржы нарығының үш секторы: банк, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы бойынша жүзеге асырылады. Үйлестіру жоспары 2020 жылдың қарашасында қабылданған болатын.
ЕЭК кеңесі Сыртқы электрондық сауданы реттеуге қатысты Одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын мақұлдады. Жаңа құқықтық институт, яғни электрондық сауда операторы құрылуда, ол кешенді түрде осындай тауарлармен жүргізілетін операциялардың логистикасын, сондай-ақ интернет-алаңдармен және кеден органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.
ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алуға арналған тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына өндірістің жаңа талаптарын енгізу туралы келісті. «Энергетикалық машина жасау, электротехникалық және кәбіл өнеркәсібі» саласының алты тауарлық позициясына арналған шешімге сәйкес мемлекеттік сатып алуларға қатысу рұқсатын Комиссия қалыптастыратын өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімінен алынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырылатын болады.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібін бекітті.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарына енгізілетін өзгерістерді бекітті. Ол «Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы» және «Өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы» техрегламенттерге өзгерістер енгізуді көздейтін екі жаңа тармақпен толықтырылды.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібін бекітті
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарына сәйкес әзірленген тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ елдері органдарының бірқатар бағыттары бойынша өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін рәсімдерді айқындайды.
Олардың ішінде – техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді жоспарлау, оларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаларды дайындау және бекіту; бағдарламаларда көзделген мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) кезінде стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың іс-қимылдарын үйлестіру; техникалық регламенттер әлі қабылданбаған, бірақ ЕАЭО-ға қатысты міндетті талаптар белгіленетін өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімге стандарттарды әзірлеу және қабылдау кезіндегі өзара іс-қимыл (мысалы, жоғары вольтты жабдық, қызметтік және азаматтық қару, өсімдіктерді қорғау құралдары және басқалар).
Ұлттық органдар техникалық регламенттердің талаптарын қолдану және орындау үшін қажетті мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық стандарттар мен өлшеу әдістемелерін қолданысқа енгізу және қолдану; өнеркәсіп, көлік, энергетика және өзге де салалардағы мүше мемлекеттердің кооперациялық ынтымақтастығын қамтамасыз етуге байланысты стандарттарды әзірлеу; техникалық реттеу саласындағы стандарттауды дамыту жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру мәселелері бойынша да ынтымақтасатын болады.
Тәртіп ережелерін қолдану ЕАЭО-да стандарттауды дамытуға, одақтық техрегламенттерді қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүйелі жоспарлауға, прогрессивті халықаралық және өңірлік стандарттарды қолдануға ықпал ететін болады.Жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінде болуы мүмкін ветеринарлық дәрілік заттардың қалдық құрамының рұқсат етілген ең жоғары деңгейі белгіленді
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Одақтың «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінде болуы мүмкін ветеринарлық дәрілік заттардың қалдық құрамының ең жоғары рұқсат етілген деңгейлерін белгілеуге қатысты өзгерістерді қабылдады. Бұл Комиссияның және елдердің барлық уәкілетті органдарының төрт жылға жуық атқарған жұмысының нәтижесі.
Өзгерістер енгізу арқылы жануарлардан алынатын өңделмеген және қайта өңделген тамақ өнімдерінің 75 ветеринарлық дәрілік заттары (фармакологиялық белсенді заттар) үшін қалдық мөлшердің рұқсат етілген ең жоғары деңгейі белгіленді, бұл халықаралық тәжірибеде баламасы жоқ жаңа тұжырымдамалық бағыт болып табылады. Сонымен қатар техникалық регламентте аталмаған және (немесе) ЕАЭО мемлекеттерінің аумақтарында тіркелмеген ветеринарлық дәрілік заттардың қалдықтарын бақылауға қойылатын талаптар белгіленді, бұл импорттық өнімді бақылау үшін аса маңызды.
Қабылданған өзгерістерді іске асыру Одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, бақылау (қадағалау) органдарының жануарлардан алынатын тамақ өнімдеріндегі ветеринарлық дәрілік заттардың құрамындағы қалдықтарды айқындау нәтижелерін және осыған байланысты өзара жеткізілімдерге тыйым салуды әртүрлі түсіндіру проблемасын реттеуге ықпал ететін болады.
ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартына сыртқы электрондық сауданы реттеу бойынша өзгерістер енгізіледі
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі сыртқы электрондық сауданы реттеуге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасын мақұлдады.
Хаттама жобасы интернет-ресурстарды қолдана отырып, азаматтар сатып алатын тауарлар үшін жаңа реттеушіні – уақытша сақтау, кедендік декларациялау, кедендік төлемдерді қолдану ерекшеліктерін, кедендік («бондтық») қоймалардан жөнелту мүмкіндігін көздейді.
Жаңа құқықтық институт, яғни электрондық сауда операторы құрылуда, ол кешенді түрде осындай тауарлармен жүргізілетін операциялардың логистикасын, сондай-ақ интернет-алаңдармен және кеден органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.
Осы Хаттаманы іске асыру тауарлардың осы санатын кедендік ресімдеуді ретке келтіруге, жүктерді өңдеу жылдамдығын және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ЕЭК Кеңесі хаттаманың жобасын Одақ елдеріне оған қол қою үшін талап етілетін мемлекетішілік рәсімдерге жіберуді бұйырды.
ЕАЭО-да қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру жалғасуда
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қаржы нарығы саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есепті бекітті.
Заңнаманы үйлестіру жөніндегі шараларды іске асыру 2020 жылғы қарашада қабылданған үйлестіру жоспарына сәйкес қаржы нарығының үш секторы (банк, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығы) бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы айтқанда жұмыс үйлестіру жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда, іс-шаралар параллель режимде орындалуда. Осы жоспарға сәйкес заңнаманы үйлестіру жөніндегі жұмыс банк пенғ сақтандыру секторларында 2025 жылы, ал бағалы қағаздар нарығы секторында 2029 жылы аяқталуы тиіс.
Атқарылған жұмыс аясында бағалы қағаздар мен брокерлердің/дилерлердің биржалық сауда-саттыққа қатысуына трансшекаралық рұқсат беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ стандартталған лицензия институтын енгізу көзделетін бірқатар халықаралық келісімдер жобалары әзірленді.ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері мемлекеттік сатып алулар үшін тауарлардың шығарылған елін растауды айқындау қағидаларына өндірістің жаңа талаптарын енгізуге келісті
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен 23 маусымда Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларының (ТШЕ қағидаларына) № 1 қосымшасына толықтырулар енгізілді.
Мәселе Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша Комиссия Кеңесінің күн тәртібіне енгізілді.
«Энергетикалық машина жасау, электротехникалық және кәбіл өнеркәсібі» саласының алты тауарлық позициясына арналған шешімге сәйкес мемлекеттік сатып алуларға қатысу рұқсатын Комиссия қалыптастыратын өнеркәсіптік тауарлардың еуразиялық тізілімінен алынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырылатын болады. Тізілімге өнім елдердің бейінді мемлекеттік органдары мен бизнесінің өкілдері келіскен өндіріс талаптарына сәйкес келген кезде енгізілуі мүмкін.
«Бүгінгі шешімді ескере отырып, ТШЕ ережелерінде 448 тауар позициясы бойынша өндіріс талаптары қамтылған. «Сұр аймақ» тауарларының тізімі біртіндеп азая бастады. Бүгінде онда тек 27 тауар позициясы қалды», — деп түсіндірді бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Бақыт Сұлтанов.
ЕАЭО-ның тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптары бойынша өндірістің сәйкестік сертификатына өзгерістер енгізілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті өндірістік практикасы қағидаларының талаптары бойынша өндірістің сәйкестік сертификатының үлгісіндегі өзгерістерді ЕАЭО-ның тиісті өндірістік практикасы қағидалары мен Еуропалық Одақтың осыған ұқсас қағидалары талаптарының салыстырмалылығына сәйкестік декларациясы түрінде бекітті. Бұл Кариб теңізі, Азия және Тынық мұхиты елдеріне Одақ мемлекеттерінің өндірушілерін үшінші елдердің фармацевтикалық инспекторлары қайта тексермей-ақ аталған сертификаттарды қолдануға мүмкіндік береді.
Мұндай өзгерістерді қабылдау мүше мемлекеттер өндірушілерінің фармацевтикалық өнімінің үшінші елдерге экспортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2023 жылғы 7-8 маусымдағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы
7-8 маусымда Сочиде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындысы бойынша 22 мәселе қаралып, 14 құжатқа қол қойылды.
Отырысқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшылары, яғни Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Төрағасы, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Роман Головченко, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қырғыз Республикасының Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаров, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттер үкіметтерінің басшылары – Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов және Куба Республикасының Премьер-министрі Мануэль Марреро Крус, сондай-ақ шақырылған Әзірбайжан Республикасының Премьер-министрі Али Асадов, Тәжікстан Республикасының Премьер-министрі Кохир Расулзода, Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысты.
Үкіметаралық Кеңестің отырысында ЕАЭО мемлекеттерінде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойылды.Осы Келісім күшіне енгеннен кейін ғылыми дәрежесі туралы ұлттық құжаттары бар ЕАЭО елдерінің азаматтары ұзақ мерзімді нострификация рәсімінен өтпей-ақ басқа мүше мемлекетте жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, бұл жоғары білікті мамандардың ұтқырлығын арттырады және ғылыми кооперацияны дамытуға ықпал етеді.
ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларына Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою барысы туралы ақпарат ұсынылды. Медиативті тәсілдің арқасында оларды жою қарқыны екі есе өсті.
Үкіметаралық кеңес ЕАЭО мемлекеттерінің аумақтарында «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарында, оның ішінде Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыру аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарларды мақұлдады.
ЕАЭО теңіз бойынша өткізу пункттерінде электрондық құжат айналымын дамытудың екінші кезеңіне өтеді, 2023 – 2025 жылдарға арналған тиісті жоспар бекітілді.
ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары кооперациялық климаттық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ төмен көміртекті дамуды ынталандыруды көздейтін климаттық күн тәртібі мәселелерін реттеу жөніндегі тәсілдерді әзірлеуді тапсырды. Тиісті тәсілдерді Одақ органдарының қарауына 2024 жылдың І жартыжылдығында ұсыну жоспарлануда.
Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы 2022 жылғы жылдық есеп мақұлданды. Өткен жылы ЕЭК бәсекелестік ережелерін бұзу туралы 26 өтінішті қарады, 12 монополияға қарсы тергеу жүргізді, оның 7-і Комиссияның өз бастамасы бойынша тағайындалды.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперименттерді іске асыру барысын қарастырды. Олардың қорытындысын ағымдағы жылдың соңында шығару туралы шешім қабылданды.
Отырыста ЕАЭО біріктірілген ақпараттық жүйесін және Одақтың цифрлық күн тәртібін одан әрі дамыту туралы баяндама мақұлданды. ЕАЭО-да цифрландырудың негізі ретінде біріктірілген жүйе болады, оның базасында цифрлық жобалар іске асырылмақ.
Үкімет басшыларына 2022 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеушілік әсерін бағалауға (РӘБ) жүргізілген мониторинг туралы есеп ұсынылды. РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі 2015 жылдан бастап ең жоғары деңгейге, яғни 97% жетті.
Бұдан басқа, Үкіметаралық кеңеске жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінде болуы мүмкін ветеринарлық дәрілік заттар қалдықтарының ең жоғары рұқсат етілген деңгейлерін белгілеу бөлігінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі техрегламентке өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстардың барысы туралы баяндалды. Енгізілетін өзгерістер жобасы мүше мемлекеттерде тіркелген, жануарлардан алынатын қайта өңделмеген және қайта өңделген тамақ өнімдеріндегі 75 ветеринарлық препарат бойынша қалдық мөлшердің ең жоғары рұқсат етілетін деңгейін белгілейді, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында аталмаған немесе тіркелмеген ветеринарлық препараттардың қалдық мөлшерін бақылауға қойылатын талаптарды айқындайды. Өзгерістер жобасы және олардың құжаттар жиынтығы пысықталды, барлық елдермен келісілді, ЕЭК Алқасы мақұлдады және енді Комиссия Кеңесінің отырысына ұсынылатын болады.ЕАЭО аясында ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану қамтамасыз етілетін болады
Сочи қаласында 8 маусымда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойылды.
«Келісім күшіне енгеннен кейін ғылыми дәрежесі туралы ұлттық құжаттары бар ЕАЭО елдерінің жұмыскерлері ұзақ нострификациялау рәсімінен өтпей-ақ, ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекетте жұмысқа орналаса алады. Бұл жоғары білікті мамандардың ұтқырлығын арттырады және ЕАЭО-да ғылыми кооперацияны дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев.
Келісім ЕАЭО-ның барлық мемлекеттері тиісті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.
ЕАЭО-дағы кедергілерді жою қарқыны медиативтік тәсілдің арқасында екі есеге артты
8 маусымда Сочиде өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында үкімет басшыларына Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою барысы туралы ақпарат ұсынылды.
Қазіргі уақытта кедергілер тізіліміндегі он бір тосқауылдың төртеуі жойылды, тағы төртеуі бойынша оларды жойылды деп тану жөнінде рәсімдер жүргізілуде. Елдердегі қалған үш кедергіге қатысты тиісті нормативтік құқықтық актілер дайындалды немесе жоғары дайындық дәрежесінде.
Жұмысты күшейтуге Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді саралау әдіснамасының жаңартылған редакциясына енгізілген және ЕЭК Алқасы қабылдаған кедергілер мен шектеулерді жойылды деп тану тәсілдері ықпал етті. Тәсілдер кедергілерді қараудың оңтайландырылған мерзімдері мен жетілдірілген тетігін, оларды жойылды деп танудың пысықталған тәртібін, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығында кедергілер белгілерінің болуына байланысты жағдайларды реттеу жөніндегі медиация рәсімін көздейді.
«Жұмсақ құқық деп аталатын медиативтік тәсілдерді қолдану және мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылды күшейту кедергілерді жою қарқынын екі есеге арттырды. Медиативтік рәсімдердің арқасында ағымдағы жылы біз оларды тосқауыл ретінде саралағанға дейін бес кедергіні жойдық, оны жою үшін бір кедергі бойынша ұлттық акт қабылданды, жеті кедергі бойынша жою мақсатында ұлттық актілерді дайындау және қабылдау бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян.
Үкіметаралық кеңес кедергілерді жоюдың жаңа тәсілін жоғары бағалады, жұмыс жалғасады.
Навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперименттердің нәтижелері 2023 жылдың соңына дейін шығарылатын болады
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперименттерді іске асыру барысын қарастырды. Олардың қорытындысын ағымдағы жылдың соңында шығару туралы шешім қабылданды.
Ағымдағы жылдың 6 маусымында теміржол және (немесе) автомобиль көлігі түрлерімен тасымалданатын өзара сауда тауарларына қатысты навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент басталды. Жаңа жобаға Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы қатысады.
Эксперимент сыртқы экономикалық қызметтің тараптары мен қатысушыларын осы жылдың 3 сәуірінде күшіне енген тасымалдарды бақылау үшін Еуразиялық экономикалық одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іс жүзінде іске асыруға дайындау үшін жүргізіледі.
Тасымалдаушылар экспериментке ерікті және тегін негізде қатысады.
Сонымен қатар, осы жылдың 13 ақпанынан бастап Беларусь Республикасында экспорттың кедендік рәсіміне жатқызылған және Ресей Федерациясының аумағынан азайып бара жатқан ағаш материалдары мен ағаш өңдеу өнімдеріне қатысты навигациялық пломбаларды қолдану бойынша эксперимент жүргізілуде. Осы эксперименттің сәтті жүзеге асырылуына байланысты бастапқыда 2023 жылдың 30 маусымына дейін жоспарланған өткізу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды.
Өткізілетін эксперименттер аясында навигациялық пломбаларды қолдану технологиясын пысықтау 2024 жылғы қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында тауарлардың жекелеген санаттарына (алкоголь, темекі өнімдері және санкциялық өнімдер) қатысты навигациялық пломбаларды қолдануға біркелкі кірісуге мүмкіндік береді.
Еуразиялық экономикалық комиссия эксперименттерді ұйымдастыру кезінде туындайтын мәселелер бойынша тараптарға тұрақты негізде қажетті жедел жәрдем көрсетеді.
Бақытжан Сағынтаев: «2022 жылы РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі ең жоғары 97% деңгейге жетті»
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үкімет басшыларына 2022 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің жобаларының реттеушілік әсерін бағалауға жүргізілген мониторинг туралы есеп ұсынылды.
Комиссияның реттеушілік белсенділігінің өсуі туралы 2022 жылы олар бойынша РӘБ рәсімі жүргізілген жобалар санының: жария талқылаудан өткен жобалар бойынша 32% және РӘБ туралы қорытынды алынған жобалар бойынша 49% артуы айғақтайды.
Одақ елдерінің іскер және сарапшылық топтарын РӘБ рәсіміне тарту деңгейінің 20% өскені тіркелді. Бизнестің келіп түскен ұсыныстарының ішінен 50%-ы Комиссия шешімдері жобаларын пысықтау кезінде ескерілді.
«Өткен жылы РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі ең жоғары 97% деңгейге (2015 жылдан бастап) жетті», - деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев.
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру аясында бизнесті жүргізу жағдайларына реттеудің әсерін бағалау құралын одан әрі жетілдіру үшін ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттардың жобаларына қатысты Комиссия мен РӘБ қабылдаған шешімдердің нақты әсерін бағалау рәсімдерін жүргізу тәртібін белгілеуді көздейтін Комиссия жұмысының Регламентіне енгізілетін өзгерістер жобасы әзірленді. Бұл рәсімдерді енгізу 2024 жылдан бастап жоспарланып отыр.
Анықтама
РӘБ – бұл ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына әсерін бағалау рәсімі, оны жүргізу кезінде Одақ елдері бизнесінің ұстанымы ескеріледі.
РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – ұзақтығы кемінде 30 күнтізбелік күн болатын Одақ сайтында ЕЭК шешімінің жобасын жария талқылау және қорытынды бағалау – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобы РӘБ туралы қорытынды дайындау.









Сіздерге Одақ туралы неғұрлым толық ақпарат алу үшін пайдалы болатын ресми ақпараттық ресурстарға сілтемелер тізімін ұсынамыз
- Еуразиялық экономикалық комиссия сайты
- Еуразиялық экономикалық одақтың Құқықтық порталы
- Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталы
- ЕАЭО Сотының ресми сайты
- Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі
- ЕАЭО ЦИФРЛЫҚ КҮН ТӘРТІБІНІҢ САЙТЫ
- ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ МОДЕЛІ
- ОРТАҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР МЕН АШЫҚ ДЕРЕКТЕР ПОРТАЛЫ
- Обучающий портал Евразийского экономического союза
органдары толық
іздеу толық
тариф толық
кітапханасы толық